5-сынып тақырыптарына шолу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 сыныптағы математика курсын қайталау | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | 5-сынып тақырыптарына шолу | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу; 5.4.3.3 кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу; 5.5.2.9 жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед); 5.3.2.1 фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | 5-сынып тақырыптарына қайталау есептерін шығарады | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салады; - кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алады; - жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салады; - фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығарады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Процентке арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады, бұрыштардың түрлерін ажыратып атайды, салыстырады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Процент, проценті бойынша сан, берілген санның проценті, екі санның бүтін бөлігінің проценті, проценті қолдануға мәтіндік есептер, бұрыш, сүйір, доғал, тік, жазыңқы, толық бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі, транспортир. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Берілген санның процентін табу үшін:.... Проценті бойынша санды табу үшін... Бұрышты өлшеу үшін... ... градусқа тең бұрышты салу үшін.... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыста сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||
Бастапқы білім | Процент ұғымы, санның процентін табы, берілген проценті бойынша санды табу, бұрыштың түрлері, өлшемдері, транспортир. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||
Сабақтың басы ЖЖ 15 минут Ж 19 минут | 1. Қолдану. Жеке жұмыс Мақсаты: жазық фигураларды және қеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің). 1 тапсырма. Берілген жазбаға сәйкес текшені таңдаңыз. 2 тапсырма. Текшелердің толық бетінің ауданын табыңыз. 3 тапсырма. Фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару. Фигураны бөліктерге қию арқылы келесі фигуралардың ауданын табыңыз. Жауаптарды мұғалім тексеріп, бағалайды. Кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыс Мақсат: кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу. 1 тапсырма. Сүйікті ойындар. Бұл дөңгелек диаграммада 80 оқушының жақсы көретін ойындары бейнеленген.
. а) Қанша оқушыға Xbox ұнайды? в) Қанша оқушы Playstation 3 ойнағанды қалайды? с) Неше оқушы DS-ті таңдайды? 2 тапсырма. Мектептегі сүйікті пән. Бұл диаграммада 40 оқушының қай пәндерді жақсы көретіндері көрсетілген. Әдебиет Биология Информатика Математика а) Неше оқушының сүйікті пәні Информатика? в) Қанша оқушы Математиканы жақсы көреді? с) Неше оқушыға Әдебиет ұнайды? д) Неше оқушы Биологияны ұнатады? 3 тапсырма. Есеп құрастыр. Берілген диаграмма бойынша есеп мәтінін құрастырыңыз, 5 сұрақ дайындап, көршілес отырған оқушыға ұсыныңыз. Өзіңіз жауап бере алатын сұрақтар болуы керек. Есептерді тақтада талқылап, оқушылардың жұмысын тексеру. Бағалау. | ||||||||
Сабақтың аяғы 3 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Рефлексия. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. - Мен не білдім, не үйрендім? - Мен үшін әлі де түсініксіз? - Әлі де нені ізденуім керек? 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1 тапсырма. Сүйікті спорт. Диаграммада 120 баланың сүйікті спорт түрлері бейнеленген. а) Неше баланың сүйікті спорты Футбол? в) Қанша бала Баскетолды ұнатады? с) Егер сауалнамаға екі есе көп бала қатысқан босла, жүзуді қанша бала жақсы көрер еді? 2 тапсырма. Көрсетілген жазбаға сәйкес келмейтін текшені белгілеңіз. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған. | Оқушыларды жұмыс жасау барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңында рефлексия формасында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру