5-сынып тақырыптарына шолу. Математика, 6 сынып, презентация.
5-сынып тақырыптарына шолу
Сабақ мақсаттары
берілген санның пайызын табу;
берілген пайызы бойынша санды табу;
пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;
бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
- берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табады;
- пайызға байланысты мәтінді есептерді шығарады;
- бұрыштың градустық өлшемін табуға және бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығарады.
Жеке жұмыс
1 нұсқа
1. Ондық бөлшектерді пайызбен өрнектеңіз: 0,44; 0,252; 3,74.
2. Токарь бір күнде 48 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 75%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай?
3. Турист бірінші күні 20 км жолды жүрді, және оған жоспарланған жолдың 60%-ын жүру қалды. Жолдың ұзындығы қандай?
4. Автобус билетінің құны 50 тг. 10%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады?
2 нұсқа
1. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: 8%, 77%, 123%, 44,6%.
2. Токарь бір күнде 28 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 70%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай?
3. Жаяу жүргінші А пунктінен В пунктіне шықты. Бір сағатта ол 5,4 км жол жүрді. Жаяу жүргіншіге жолдың 70%-ын жүру қалды. А және В пунктерінің арақашықтығы қандай?
4. Автобус билетінің құны 60 тг. 20%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады?
Жұптық жұмыс
Төмендегі бұрыштардың ішінен сүйір және доғал бұрыштарды теріп кестеге жазыңыз: 120 ;930; 1330 ; 440 ; 1110 ; 150 ; 1500 ; 680; 720; 1150; 410 ; 1000 ; 1800; 900, 850; 360.
Жұптық жұмыс
2 тапсырма. «Сағат қанша болды» ойыны.
1. Сағат 3:00-ді көрсетсе сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш неше градус болады?
2. Сағат тілі 9:05-ті көрсетсе сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш неше градус болады?
3. Сағат 12:20-да екі тілдің арасындағы бұрыштың шамасы қанша болады?
Жұптық жұмыс
3 тапсырма. Сәйкестендіру кестесі
.
Үйге тапсырма
1 тапсырма
Cыныптағы 28 оқушының 75% - і спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатады?
2 тапсырма
Қоспаның 90% - і темір, қалғаны никель. Массасы 51 кг қоспаның құрамында қанша темір, қанша никель бар?
3 тапсырма
Оқушы кітаптың 70% - ін оқығанда, кітапта әлі 42 бет оқылмай қалды. Кітапта барлығы неше бет болған?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?