5-сынып тақырыптарына шолу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 сыныптағы математика курсын қайталау | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | 5-сынып тақырыптарына шолу | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін символдарын қолданып жазу; 5.5.1.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Жиындар бөліміне қайталау есептерін шығарады | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табады, нәтижесін символдарын қолданып жазады; - Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығарады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Эйлер-Венн диаграммасынмен есептердің шешімін түсіндіре алады; - жиындар арасындағы қатынастарды сипаттай алады; - , , , , , , символдарының қолданылуын түсіндіре алады; - жиынның элементтерін атай алады; - жиынның суреттеу тәсілі арқылы берілуін сипаттайды; - қандай да бір жиындардың бірігуі мен қиылысуынан пайда болған жиынның құрамын түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: жиын, ішкі жиын; жиынның элементі; тиісті, тиісті емес; бос жиын; жиындардың қиылысуы, бірігуі; Эйлер-Венн дөңгелектері; oртақ элемент; тең жиындар; шектеулі жиындар; - шектеусіз жиындар Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: а элементі А жиынына тиісті (а А); а элементі А жиынына тиісті емес (аА); А және В жиындарының қиылысуы деп (АВ)…; - А және В жиындарының бірігуі деп (АВ); ... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады; В жиыны А жиынының ішікі жиыны болады (А); А жиыны … элементтерінен тұрады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыста сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||
Бастапқы білім | Жиын, сандар жиыны, жиын элементтері, ішкі жиын, бос жиын, тең жиындар түсініктері, символдық белгілеулерді білу. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||
Сабақтың ортасы ЖЖ 14 минут Ж 8 минут ЖЖ 12 минут | Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. 1. Жиын дегеніміз не? 2. Жиынға қатысты қатысты қандай түсініктерді білесіздер? 3. Бос жиын, ішкі жиын дегеніміз не? 4. Жиындар арасындағы қандай арақатынастар мен байланыстарды білесіздер? 1. Қолдану. Жеке жұмыс 1 тапсырма 3856 санындағы цифрлардың А жиынын және 54267 санындағы цифрлардың С жиынын элементтерімен жазыңдар. а) А және С жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар; б) А және С жиындарының бірігуін элементтерңмен жазыңдар; в) Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер. 2 тапсырма Сыныпта 16 қыз бала бар. Олардың 14-і бос уақытында ән тыңдағанды ұнатады, 9-ы кітап оқығанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық қыз балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында кітап оқығанды да, ән тыңдағанды да ұнатады? Жұптық жұмыс 1 тапсырма Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар? 2 тапсырма С жиынында 5 элемент, К жиынында 7 элемент, ал олрдың қиылысуында 3 элемент бар. С және К жиындарының бірігуінде неше элемент бар? Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер. 3 тапсырма Фирмада 67 адам жұмыс жасайды. Олардың 47-сі ағылшын тілінде сөйлейді, 35-і неміс, 23-і екі тілде де сөйлей алады. Қанша адам ағылшын тілінде де, неміс тілінде де сөйлей алмайды? Жеке жұмыс. (Қалыптастырушы бағалау) 1 тапсырма Сыныпта 40 оқушы бар. Олардың ішінде 31-сі сүтті, 21 –і лимонадты, ал 15-і сүтті де, лимонадты да жақсы көреді. Екі сусынды да ұнатпайтындардың саны? 2 тапсырма Сыныбымда 12 адам детектив, 18 адам фантастика, ал 3-еуі детективті де, фантастиканыда оқиды. Бір оқушы болса, мүлдем кітап оқымайды. Сыныпта барлығы неше адам бар? 3 тапсырма Сыныпта 29 бала бар. Олардың тек 2-уі ешқандай спортпен айналыспайды. Ал қалғандары футбол немесе баскетбол секцияларына қатысады, сонымен қатар, екеуіне де қатысатындары бар. Егер 17 бала футбол ойнайтын болса, 19 бала баскетболға баратын болса, неше футболист баскетбол ойнайды? Неше баскетболист футбол ойнайды? | Презентация | |||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1 тапсырма Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді? | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған. | Оқушыларды жұмыс жасау барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңында рефлексия формасында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру