5-сынып тақырыптарына шолу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 сыныптағы математика курсын қайталау | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 5-сынып тақырыптарына шолу | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу; 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу; 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; 5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару. | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 5-сынып тақырыптарына қайталау есептерін шығарады | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табады; - пайызға байланысты мәтінді есептерді шығарады; - бұрыштың градустық өлшемін табуға және бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығарады. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Процентке арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады, бұрыштардың түрлерін ажыратып атайды, салыстырады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Процент, проценті бойынша сан, берілген санның проценті, екі санның бүтін бөлігінің проценті, проценті қолдануға мәтіндік есептер, бұрыш, сүйір, доғал, тік, жазыңқы, толық бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі, транспортир. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Берілген санның процентін табу үшін:.... Проценті бойынша санды табу үшін... Бұрышты өлшеу үшін... ... градусқа тең бұрышты салу үшін.... | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыста сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономикалық есептер | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Процент ұғымы, санның процентін табы, берілген проценті бойынша санды табу, бұрыштың түрлері, өлшемдері, транспортир. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеремін, сұрақтары болса бірге талқылаймыз. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||||||||||||||
Ж Ж 25 минут Ж 9 минут | 1. Қолдану. Жеке жұмыс. Әрбір оқушы жеке өзінің нұсқасын шығарады. Содан кейін нұсқалы бірдей оқушылар топқа жиналып жауаптарын салыстырып, пайда болған қателерін түзейді. Мақсаты: пайызға байланысты есептерді шығару. 1 нұсқа 1. Ондық бөлшектерді пайызбен өрнектеңіз: 0,44; 0,252; 3,74. 2. Токарь бір күнде 48 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 75%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай? 3. Турист бірінші күні 20 км жолды жүрді, және оған жоспарланған жолдың 60%-ын жүру қалды. Жолдың ұзындығы қандай? 4. Автобус билетінің құны 50 тг. 10%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады? 2 нұсқа 1. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: 8%, 77%, 123%, 44,6%. 2. Токарь бір күнде 28 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 70%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай? 3. Жаяу жүргінші А пунктінен В пунктіне шықты. Бір сағатта ол 5,4 км жол жүрді. Жаяу жүргіншіге жолдың 70%-ын жүру қалды. А және В пунктерінің арақашықтығы қандай? 4. Автобус билетінің құны 60 тг. 20%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады? Оқушылар жұмыстарын тақтада көрсетілген жауап бойынша тексереді. Жұптық жұмыс. Мақсат: бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару. 1 тапсырма Төмендегі бұрыштардың ішінен сүйір және доғал бұрыштарды теріп кестеге жазыңыз: 120 ;930; 1330 ; 440 ; 1110 ; 150 ; 1500 ; 680; 720; 1150; 410 ; 1000 ; 1800; 900, 850; 360.
2 тапсырма. «Сағат қанша болды» ойыны. 1. Сағат 3:00-ді көрсетсе сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш неше градус болады? 2. Сағат тілі 9:05-ті көрсетсе сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш неше градус болады? 3. Сағат 12:20-да екі тілдің арасындағы бұрыштың шамасы қанша болады? 3 тапсырма. Сәйкестендіру кестесі. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 3 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1 тапсырма Cыныптағы 28 оқушының 75% - і спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатады? 2 тапсырма Қоспаның 90% - і темір, қалғаны никель. Массасы 51 кг қоспаның құрамында қанша темір, қанша никель бар? 3 тапсырма Оқушы кітаптың 70% - ін оқығанда, кітапта әлі 42 бет оқылмай қалды. Кітапта барлығы неше бет болған? 4 тапсырма Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км. Оның 37% - і шетелдер арқылы, қалғаны Қазақстанның. | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған. | Оқушыларды жұмыс жасау барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңында рефлексия формасында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру