5-сынып тақырыптарына шолу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 сыныптағы математика курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

5-сынып тақырыптарына шолу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);

5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

5.5.1.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару.

 Сабақ мақсаттары

5-сынып тақырыптарына қайталау есептерін шығарады

 Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығарады (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);

-ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

-ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

-ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

-бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшектң ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды.

Пәнгетән лексика мен терминология:

ондық бөлшек- decimal fraction; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; үтірден кейінгі таңбалар саны; ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; разрядтары бойынша сандарды жіктеу; разрядтық бірліктер жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд; разрядтық бірліктер; ондық таңбалар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы.Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет. Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады. Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтық, жұптық жұмыста сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу

 Пәнаралық

 байланыстар

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Натурал сандар, жұп және тақ сандар, жай бөлшектер туралы түсініктері болу, оларға арифметикалық амалдар қолдана алу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеремін, сұрақтары болса бірге талқылаймыз.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Сабақтың ортасы

ЖЖ

14 минут

Ұ

6 минут

Ж

8 минут

ЖЖ

6 минут

1. Қолдану. Жеке жұмыс. Амалдарды орындаңыздар:

1 тапсырма

296,2 – 2,7 * 6,6 : 0,15

Жауабы: 318,38.

2 тапсырма

135,2 * 2,1 – ( 0, 083 + 0, 841) : 2,31.

Жауабы: 283,52.

3 тапсырма

2,575 : 2,5 – 4,25 * 0,16 + 0,03

Жауабы: 0,38.

4 тапсырма

1,03 * (42,12 : 0,3 – 112,4) + 1, 26.

Жауабы: 30,1.

Есептерді тексеру, қиындық келтірген есептерді тақтада талдау.

Жұптық жұмыс. (деңгейі жоғары және төмен екі оқушыдан жұптаймын).

1 тапсырма

Замира Францияға барған сапарында әпкесіне сый сатып алды. Оған ол 44,85 француз франкін төледі.1 теңгенің құны 5,37 француз франкіне тең. Осы сыйдың теңгеге шаққандағы бағасы қандай болды?

2 тапсырма. Төмендегі балмұздақ рецепті 8 адамға арналып

жасалған.

8 адамға арналған бүлдірген балмұздағының рецепті

литр кілегей

1 кг бүлдірген

250 г қант

а) Жания 12 адамға арнап бүлдірген балмұздағын даярлады. Ол қанша кілегей қолданды?

ә) Фархат бүлдірген балмұздағын дәл осылай даярлады. Ол кг бүлдірген қолданды. Ол қанша қант қолданды?

Жеке жұмыс

1 тапсырма

Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 1,25 есе үлкен. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 66,6 см болса, онда ауданын табыңыз.

2 тапсырма. Амалдарды орындаңыз.

0,96 + 0,54 : ( 22, 5 – 0,8 * 22,5)=

Сабақтың аяғы

3 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

1 тапсырма

Бірінші қапта 46,3 кг, ал екінші қапта 38,5 кг қант бар. Екі қаптағы қанттың массаларын теңестіру үшін неше килограмм қантты бірінші қаптан екінші қапқа ауыстырып салу керек?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған.

 Оқушыларды жұмыс жасау барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңында рефлексия формасында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу