Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Ондық бөлшек және оларға амалдар қолдану.

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: АбылхасановаМ.М.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын меңгеру;

5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар: -ондық бөлшектерді дөңгелектейді;

құрамында ондық бөлшектері бар сандық тізбектерді құрастырады және толықтырады

- ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығара алады;

- ондық және жай бөлшектермен берілген сандық өрнектердің мәнін таба алады.

 Бағалау критерийлері

Білу: санның жуық мәні ұғымын біледі;

Түсіну: ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережесін тұжырымдай алады;

Қолдану: Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережелерін пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алады;

Талдау: Ондық бөлшектерді дөңгелектеудің маңыздылығын түсініп, зерттеу есептеулеріне талдау жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминологияДиалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;үтірден кейінгі таңбалар саны;ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд;разрядтық бірліктер;ондық таңбалар, сандарды дөңгелектеу.- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір – бірін сыйлауға, төзімділікке, ұйымшылдыққа бейімделеді.Басқаның ойын түсіну. Өз ойын дәлелдеу құндылықтары дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

физикалық мазмұндағы есептерді шығару барысында жуықтап есептеулер жүргізіп, сандарды дөңгелектеуді пайдаланады.

 АКТ қолдану дағдылары

Калькулятормен есептеу дағдылары дамиды

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

  • Ұйымдастыру

А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Б) Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру

С) қажетті білімдерін еске түсіріп, жинақтау мақсатында ауызша тапсырмалар:

1. Презентация арқылы ауызша жаттығулар орындау.

Мақсаты: Натурал сандарды және Ондық бөлшектерді дөңгелектеу тақырыбындағы білімдерін жинақтау

Натурал сандарды жуықтау ережелерін еске түсіреді, сандарды жуықтауға берілген жаттығуларды орындайды.

Дағды: Білу және түсіну. Қолдану.

Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі.

презентация

Слайд 2

Слайд 3,4

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс-6 мин

Қалыптастырушы бағалау 10 мин

Жұптық жұмыс.

5 минут

Графикалық диктант 6 минут

Деңгейлік тапсырмалар

8 мин

Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. (Экранда көрсетіледі)

Ондық бөлшекті дөңгелектеу

  • Жеке жұмыс.

Мақсаты: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу тақырыбындағы білімдерін бекіту

Дағды: Қолдану.

http://learningapps.org/2255038 математикалық ойындағы «бос орынды толтырыңыз» тапсырмаларды орындайды

Оқушылар іс-әрекеті: Тапсырманы ноутбуктарда орындайды.

Бағалау: Оқушы тапсырманы орындап болған соң қорытындысын экраннан көреді.

Мұғалім: қолдау көрсетеді, нұсқау береді.

  • Қалыптастырушы бағалау: /Қосымша№1 /

Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеуді қаншалықты меңгергенін байқау.

Бағалау критерийлері:

  • Санның жуық мәні табуды біледі;
  • Берілген ондық бөлшекті артығымен дөңгелектеуді біледі
  • Берілген ондық бөлшекті кемімен дөңгелектеуді біледі
  • Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=7M7Qv8pGPNM

Көзге арналған жаттығулар

  • Проблемалық жағдай туғызу. Жұптық жұмыс.

 Мақсаты: Проблемалық жағдай туғызу арқылы ойлануға дағдыландыру

 Дағды: талдау

 Оқушыларға тапсырмалар ұсынылады: Слайд №7

 

Мұғалім: пікірін айтады.

  • Графикалық диктант Қосымша№2

Мақсаты: оқушының теориялық сауаттылығын тексеру.

Дағды: білу және түсіну

Бағалау: Слайдтағы дайын жауап арқылы өз – өздерін бағалайды.

Жауабы: V_VVV_V

7. Тақырыпты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс.

  /Қосымша 3/

Мақсаты:

 Дағды: 1-деңгей: Қолдану; 2-деңгей: Талдау; 3-деңгей: Зерттеу.

 Оқушыларға қиындығы әр түрлі үш деңгейлі тапсырмалар беріледі. /Қабілеттеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда, уақыты жетіп жатса келесі деңгей тапсырмаларын орындауға болады./

Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Қосымша №1

http://learningapps.org/2255038

Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов 5 сынып математика

Дидактикалық материалдар математика 5 сынып (Зубарева, Мордкович): Рудницкая В.Н. - 2017 год. ... Учебник по математике 5 класс: Никольский С.М., Потапов М.К. - 2015 год.

Қосымша №3

слайд 5

Қосымша №2

Сабақтың соңы

5 мин

 8. Үйге тапсырма:

№ 1508, № 1509 ( Т.Алдамұратова)

9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау.

Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеуді білетіндіктеріне, сабақтың мақсатына жеткендеріне көз жеткізу.

Оқушылар іс-әрекеті: Сабақтан алған білімдерін қорытындылап, келесі сұрақтарға жауаптар күтіледі. (Ауызша)

- Бүгінгі сабақ мақсаты қандай еді?

 - Ол мақсат орындалды ма? Неге?

 Бағалау парағын толтырады. /Қосымша№4/

Бағалау: Мұғалім оқушылардың жауаптары мен жұмыстарын мадақтап, жігерлендіреді.

Қосымша №4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болады,

Бір –бірін бағалаужәне өз-өзін бағалау болады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Көзге арналған жаттығулар жасалады.Интерактивті тақтаға қатысты қауіпсіздік техникалары сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша№1

Бос орынды толтыр

I нұсқа

  • 2,4* ≈ 2,5;
  • 53,435* ≈ 53,436
  • 283,*65 ≈ 283,5

II нұсқа

  • 9,35 * ≈ 9,35;
  • 28,73 * ≈ 28,73;
  • 3*9,746 ≈ 310

III нұсқа

  • 44,98 * ≈ 44,98;
  • 14,67 * ≈ 14,68;
  • 543,*97 ≈ 543,90

Мазмұнды есеп

  • 1 нұсқа

Жердің радиусы 6371 км. Марс планетасының радиусы Жкер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 6371*0,53=3376,63≈3376,6

2 нұсқа

Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді. Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 150/3,2=46,875≈46,9

3 нұсқа

Қазақстандағы ауданы жағынан ең үлкен облыс-Қарағанды облысы. Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?

Жауабы: 428мың кв.км≈400мың кв.км

Қосымша №2

Графикалық диктант

«Біліміңді сынап көр» ( графикалық диктант), «иә» болса «V» , «жоқ» болса «-» белгісін қойыңыз.

  • Ондық бөлшектер бүтінге дейін, ондық үлестерге дейін, жүздік үлестерге дейін және т.с.с дөңгелектенеді
  • Санды дөңгелектегенде сан өзінің дәл мәніне ие болады.
  • Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп атайды.
  • Егер нөлдермен алмастыратын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 5,6,7,8,9 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр 1 –ге арттырылады.
  • Санды дөңгелектеген кезде оның дәл мәніне барынша жақын мәні алынады.
  • Ондық бөлшектерді дөңгелектегенде бөлшек бөлікте қалған цифрлардың соңғысы 0 болып келсе, онда оны алып тастауға болады.
  • Егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 0,1,2,3,4 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр өзгермейді.

Қосымша №3

1-деңгей

Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді.Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңыз.

2-деңгей

1кг кәмпиттің бағасы 680тг. Егер 560 г кәмпит сатып алынса, сатушыға шамамен неше теңге ақша төлеу керек? Жауабын бірліктерге дейін дөңгелектеңіздер.

3- деңгей

Автомобиль 21,45 м/с жылдамдықпен 46 секунд жүрді. Оның доңғалағының шеңберінің ұзындығы 2,3м. Осы қашықтықты жүргенде оның доңғалағы неше рет айналады? Жауабын ондықтарға дейін дөңгелектеңдер.

Қосымша №4

Бағалау парағы

Жоқ

Жақсы емес

Жақсы

Өте жақсы, қателеспей орындаймын

Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін білемін

0

1

2

3

дөңгелектеу алгоритмін қолдану

0

1

2

3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу