Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Ондық бөлшек және оларға амалдар қолдану.

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: АбылхасановаМ.М.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын меңгеру;

5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар: -ондық бөлшектерді дөңгелектейді;

құрамында ондық бөлшектері бар сандық тізбектерді құрастырады және толықтырады

- ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығара алады;

- ондық және жай бөлшектермен берілген сандық өрнектердің мәнін таба алады.

 Бағалау критерийлері

ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін біледі.

Жуықтап есептеулер барысында ондық бөлшекті дөңгелектеуді орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминологияДиалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;үтірден кейінгі таңбалар саны;ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд;разрядтық бірліктер;ондық таңбалар, сандарды дөңгелектеу.- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір – бірін сыйлауға, төзімділікке, ұйымшылдыққа бейімделеді.Басқаның ойын түсіну. Өз ойын дәлелдеу құндылықтары дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

физикалық мазмұндағы есептерді шығару барысында жуықтап есептеулер жүргізіп, сандарды дөңгелектеуді пайдаланады.

 АКТ қолдану дағдылары

Калькулятормен есептеу дағдылары дамиды

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

  • Ұйымдастыру

А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Б) Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру

С) қажетті білімдерін еске түсіріп, жинақтау мақсатында ауызша тапсырмалар:

Презентация арқылы ауызша жаттығулар:

презентация

Слайд 2

Слайд 3,4

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс-3мин

Топтық жұмыс

12 мин

3 мин

3 мин

8 мин

Ондық бөлшекті дөңгелектеу

Жеке жұмыс : http://learningapps.org/2255038

бос орынды толтырыңыз.

Топтық жұмыс

  • Бос орынды толтыр
  • топ
  • 2,4* ≈ 2,5;
  • 53,435* ≈ 53,436
  • 283,*65 ≈ 283,5
  • топ
  • 9,35 * ≈ 9,35;
  • 28,73 * ≈ 28,73;
  • 3*9,746 ≈ 310

3 топ

  • 44,98 * ≈ 44,98;
  • 14,67 * ≈ 14,68;
  • 543,*97 ≈ 543,90
  • Мазмұнды есеп

1топ.

Жердің радиусы 6371 км. Марс планетасының радиусы Жкер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 6371*0,53=3376,63≈3376,6

2 топ.

Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді. Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 150/3,2=46,875≈46,9

3 топ.

Қазақстандағы ауданы жағынан ең үлкен облыс-Қарағанды облысы. Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?

Жауабы: 428мың кв.км≈400мың кв.км

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=7M7Qv8pGPNM

Ой бөлісу

Графикалық диктант

Жауабы: V_VVV_V

Қосымша №1

http://learningapps.org/2255038

Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов 5 сынып математика

Дидактикалық материалдар математика 5 сынып (Зубарева, Мордкович): Рудницкая В.Н. - 2017 год. ... Учебник по математике 5 класс: Никольский С.М., Потапов М.К. - 2015 год.

Қосымша №3

слайд 5

Қосымша №2

Сабақтың соңы 4мин

  • Үй жұмысы:

№ 1508, № 1509 ( Т.Алдамұратова)

Бағалау парағы

Білімдерін бағалап, сабақты бекіту.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалай алады

Қосымша №4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болады,

Бір –бірін бағалаужәне өз-өзін бағалау болады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Көзге арналған жаттығулар жасалады.Интерактивті тақтаға қатысты қауіпсіздік техникалары сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша№1 Ондық бөлшектерді жуықтауға арналған математикалық ойындар.

http://learningapps.org/22550

Қосымша №2

Графикалық диктант

Қосымша №3

Ой бөлісу

Қосымша №4

Бағалау парағы

Жоқ

Жақсы емес

Жақсы

Өте жақсы, қате -леспей орындаймын

Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін білемін

0

1

2

3

дөңгелектеу алгоритмін қолдану

0

1

2

3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу