Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 5.3В бөлім

 Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Балгалиева Жанаргул Халыковна

 Сынып: 5 сынып / 3-сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

 Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты бекіту

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың :

ондық бөлшектерді дөңгелектей алу бейімділіктерін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Оқушы:

Білу

санның жуық мәні ұғымын біледі;

Түсіну

ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережесін тұжырымдай алады;

Сыни ойлау

ондық бөлшектің артығымен және кемімен жуық мәнін табуды ажырата алады;

Қолдану

Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережелерін пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алады;

Талдау

Ондық бөлшектерді дөңгелектеудің маңыздылығын түсініп, зерттеу есептеулеріне талдау жасай алады.

 Тілдік

  мақсаттар

 

Оқушылар:

-ондық бөлшектің жуық мәнін есептеу ережесін түсініп,тұжырымдай алады;

-ондық бөлшекті дөңгелектеуді түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- бүтін бөлік, бөлшек бөлік;

- ондық бөлшек;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

- разрядтық бірліктер;

- сандарды дөңгелектеу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек.

- ондық бөлшекті жуықтап артығымен (кемімен) мәнін алу үшін....

Сөздік:

Ондық бөлшек-десятичная дробь - decimal fractions

Ондық бөлшекті дөңгелектеу-округление деятичной дроби- rounding of an active fraction;

Жуықтап артығымен алынған мән- приближенное значение с избытком-

аpproximate value with excess;

Жуықтап кемімен алынған мән- приближенное значение с недостатком-

аpproximate value with a defect;

 Құндылықтарды

  дарыту

 

 

Оқушылардың:

- белсенділігін арттыру;

- сыни тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

-адалдыққа шыңдау;

-уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыстар

Пәнішілік байланыс, информатика, жаратылыстану

 АКТ

қолдану дағдылары

Оқушылардың: қауіпсіздік ережелерін сақтау, ақпараттық технологиялармен жұмыстана алу дағдыларын жетілдіру.

 Бастапқы білім

Ондық бөлшектер,ондық бөлшектерді салыстыру, ондық бөлшектерді дөңгелектеу ережелері, жуықтап артығымен алынған мән, жуықтап кемімен алынған мән т.б.

Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 1 минут

 

 

  7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

2 минут

І .Ұйымдастыру:

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

1.2.Берілген терминдерді жүйелеу арқылы оқушылар (екі шағын)

топқа бөлінеді.

1.3. Оқушыларға топты бағалау парағы беріледі.

ІІ.Қайталау:

Жоғары сыныптарда сандарды бірнеше мәнді цифрларға дейін жуықтау қажет болатынына оқушылардың назарын аудару қажет.

2.1 Сабақта атқаратын әрекеттер неге бағытталандығын білу үшін ребус шешу ұсынылады:

«Санды дөңгелектеу» /Қосымша №1, слайд №3/

2.2. Қайталау: «Жекпе-жек» /Қосымша №2

Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеу

ұғымдары туралы білімдерін пысықтау(жұптық жұмыс)

Тексерілетін дағдылар: білу, қолдану, сыни ойлау

Түсіндірме: Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып жұп құрайды. Оқушы партасына бір-біріне қарама-қарсы жұптар отырғызылады. Әр жұп өз қалаулары бойынша үш тапсырмадан жинақталған қалташаны таңдайды.Қалтада берілген тапсырмалар бір мезгілде жұпқа беріледі. Оқушылар партадағы постерлерге маркерлер арқылы жауапты жазады. Басқа оқушылар ұсынылған дискриптор арқылы тапсырманың дұрыс орындалғандығын қадағалайды. Әр топтың мүшелері өз тобының ұпайларын бағалау парағына тіркеп отырады. Топ мүшелері өз топтарының қоржындарына көбірек ұпай салулары қажет.

Құралдары: Постер, маркерлер,қалташа

Тапсырманы бағалау дискрипторы:

1.Дөңгелектеу ережелерін дұрыс қолдану

2.Есептеулерді қатесіз орындау

2.Уақытты үнемді пайдалану

Бағалау: О-О бағалауы жүргізіледі.

2.3. Қайталау:«БІТ» , Блок-сызбаны толтыру (топтық жұмыс)

Мақсаты: «Ондық бөлшектің артығымен алынған жуық мәні» («Ондық бөлшектің кемімен жуық мәні») тақырыптарына сәйкес БІТ (бірліктерді ірілендіру технологиясы) бойынша өтілген ұғымдар-ды саралай отырып, оқушылардың ақпараттарды шоғырландыруға үйрету /Қосымша №3/

Өтілу барысы:оқушылар шағын топта қажетті ережені, ұғымдарды саралай отырып, блок-сызбаны орындайды.

Тексерілетін дағды: түсіну, білу

Бағалау: М-О /слайд №4

2.4. Үй тапсырмасын тексеру.

Орындалуы: Әр жұп бір-бірімен дәптерлерін алмастыра отырып, тапсырмалардың орындалуын тексереді.

Аралық қорытынды:

-Ұсынылған тапсырманы барысында топтарыңызда қандай кедергілер анықталды?

-Қандай тапсырма сізге мейлінше ұнады?Неліктен?

Презентация,

интербелсенді тақта,

кеспе карточкалар

Сабақтың ортасы

3 минут

2 минут

10 минут

3 минут

1 минут

7 минут

ІІІ. Мәселе қою:

1). Егер сізден жасыңызды сұраса, сіз қалай жауап берер едіңіз?

(Мәселен: Туған күніңіз 25.07.2005ж болса, не 25.03.2006ж)

2). Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ - 13» кемесімен ғарышқа ұшып, 10 қазанда жерге қонды. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарыштан ауданы 40 000 км2 құраған Арал теңізінен көтерілетін тұзды шаң борамасын зерттеді. Осындағы сандардың қайсысының дәл мәні алынған, қайсысының жуық мәні алынған? Жуық мәні алынған сан қай разрядқа дейін дөңгелектенгендігін тауып көрейік?

/Тапсырмаға байланысты оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.

IV.Оқыту мақсаты: (Слайд №1,2)

Оқушылар: 5.1.2.32

ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді меңгереді.

Бағалау критерийлері:

Білу: Санның жуық мәні ұғымын біледі;

Түсіну: Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережесін

тұжырымдай алады;

Сыни ойлау: ондық бөлшектің артығымен және кемімен жуық

мәнін табуды ажырата алады;

Қолдану: Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережелерін

пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алады;

Талдау: Ондық бөлшектерді дөңгелектеудің маңыздылығын

түсініп, зерттеу есептеулеріне талдау жасай алады.

4.1. «Жұптас. Ойлап.Есепте» /Қосымша №4 (Жұптық жұмыс)

Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеу ережелерін

қаншалықты қолдана алатындығын саралау.

Тексерілетін дағдылар: білу, түсіну, қолдану, талдау

Түсіндірме: оқушылар ұсынылған тапсырманы өздеріне берілген тақта бөліктеріне орындайды. Тапсырмаға таныстырылым жасайды.

Бағалау: өзара бағалау

(«Жауаптар галлереясымен» танысып болған соң, өзге топтың мүшелерінің тексеруі арқылы оқушылардың іс-әрекеті бағалау кестесінде әр топтың жауабына сай бағаланады)

4.2. «Кім жылдам» /слайдтар №6-7, топтық жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың білім икемділіктерін пысықтау.

Тексерілетін дағдылар: түсіну, қолдану, сыни ойлау

Түсіндірме: оқушылар тапсырманы интербелсенді тақтада топ болып

орындайды

Бағалау: өзара бағалау

4.3. «Көз жаттығуы» орындау /слайд №8

4.4. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

(Жеке жұмыс) /Қосымша №5

Мақсаты:Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеу барысында

алған білімдерін қолдану деңгейін, білім дағдыларын саралау.

Түсіндірме: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

Жетістік критерий кестесі арқылы оқушылардың тапсырманы

орындауы мен мақсаттың игерілу деңгейі тексеріледі.

Орындалуы: Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Тексерілетін дағдылар: білу, түсіну, сыни ойлау,қолдану

Бағалау : М-О, өзара бағалау

(оқушылар интербелсенді тақтада ұсынылған жауап арқылы көршісімен дәптерлерін алмастыра отырып жұмыстың орындалуын тексереді, бағалайды) /слайд №9

[1]. Алдамұратова Т.А., ЖББ,

5-сыныбына арналған оқулық, 2-бөлім, 2015 ж

http://online.anyflip.com/qmwb/evzk/mobile/index.html

[2].

www.tlsbooks.com

[3].

Э.Г.Гельфман. Деястичные дроби.

[4]. Алдамұратова Т.А.Есептер жинағы: http://online.anyflip.com/qmwb/evzk

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Сабақты нәтижелеу:

5.1.Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының танымдық және белсенді әрекетіне сәйкес бағалау парағы толтырылып отырады. Оқушылардың оқу мақсаттарының жетістік критерийлерін орындаулары қадағаланады. Өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап отыру қажет.

5.2. Әр оқушы өздерінің сабаққа қатысу әрекеттерін саралайды. Рефлексия тақтасына стикерлерге жазып орналастырады.

5.3. Көңіл-күй деңгейін белгілейді:

Үйге тапсырма:

1. Оқулық бойынша: №1513,1515

2. Төмендегі сілтеме бойынша жұмыстану:

http://itest.kz/lekciya_sandardyng_zhuyq_manderi_sandardy_donggelekteu

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы,

құндылықтармен байланыс

Қабілетті оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсыну керек.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау қажет.

Тақырыпқа сай өткен материалдар бойынша оны білу және қолдану, сыни тұрғысынан ойлау дағдылары бағалану керек.

Жақсы меңгерген оқушыларды мадақтап отыру, жалпы өте жақсы орындаған оқушыларға «жетті» бағасын қою керек.

Оқушыларда жұптаса және топтық жұмыс арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті орнығады.

Өзара ой бөлісу және өз-өзін бағалау құндылықтарына ие болады.

АТҚ жұмыс атқарғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

[1]. Алдамұратова Т.А., ЖББ,5-сыныбына арналған оқулық, 2-бөлім, 2015 ж

http://online.anyflip.com/qmwb/evzk/mobile/index.html

[2].www.tlsbooks.com

[3].Э.Г.Гельфман. Деястичные дроби.Рабочая тетрадь по математике.Томск.

[4]. Алдамұратова Т.А.Есептер жинағы: http://online.anyflip.com/qmwb/evzk

[5]. http://itest.kz/lekciya_sandardyng_zhuyq_manderi_sandardy_donggelekteu

[6].Интернет ресурстары, таныстырылымдар

Қосымша №1 «Санды дөңлектеу» ребус

Қосымша №2

№1 Ондық бөлшектерді жүздік үлестерге дейін дөңгелектеңіз:

1) 21,2367

2) 0,56981

3)273,01097

№2

Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:1) 2, 4* = 2, 5;2) 9, 35* = 9, 35;3) 14, 67* = 14, 68;

№3 Ондық бөлшектерді ондық үлестерге дейін дөңгелектеңіз:

1) 7,203

2) 12,0978

3) 0,99

№4 Ондық бөлшектерді мыңдық үлестерге дейін дөңгелектеңіз:

1) 0,67509

2) 19,6201

3) 8,98605

№5 Ондық бөлшектерді бүтінге дейін дөңгелектеңіз:

1) 78,99

2) 13,08

3) 10,1

Қосымша №3

Қосымша №4

Жұп

Оқулық бойынша:Алдамұратова Т.А: Математика. 5-сынып, 2-бөлім

№1

№1498

№2

№1499

№3

№1500

№4

№1509

№5

№1514

Қосымша №5

Жауаптары:

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні:________________________

Оқыту мақсаты: 5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

Жетістік критерийі

№1

тапсырма

№2

тапсырма

4

З

Барлық ұпай саны



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу