Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Ондық бөлшек және оларға амалдар қолдану. | Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: АбылхасановаМ.М. | |||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын меңгеру; 5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу; | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: -ондық бөлшектерді дөңгелектейді; -құрамында ондық бөлшектері бар сандық тізбектерді құрастырады және толықтырады - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығара алады; - ондық және жай бөлшектермен берілген сандық өрнектердің мәнін таба алады. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминологияДиалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;үтірден кейінгі таңбалар саны;ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд;разрядтық бірліктер;ондық таңбалар, сандарды дөңгелектеу.- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін керек. | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір – бірін сыйлауға, төзімділікке, ұйымшылдыққа бейімделеді.Басқаның ойын түсіну. Өз ойын дәлелдеу құндылықтары дамиды.
| |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | физикалық мазмұндағы есептерді шығару барысында жуықтап есептеулер жүргізіп, сандарды дөңгелектеуді пайдаланады. | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Калькулятормен есептеу дағдылары дамиды | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: 10 мин |
А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру Б) Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру 2. Ауызша тапсырмалар: слайд 2,3,4 Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін еске түсіріп, жинақтау Дағды: Білу және түсіну. Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі. | презентация Слайд 2 Слайд 3,4 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақты меңгеру-10 мин Деңгейлік тапсырмалар 10 минут Қалыптастырушы бағалау 10минут | 3.Жаңа сабақты меңгеру: Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. (Экранда көрсетіледі) 4. Топтық жұмыс. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. (кескіндер арқылы) Топпен жұмыс ережесі слайдта көрсетіледі.
5сынып математика оқулығы.231-233 беттер. Алдамұратова. Топтағы оқушылар өз беттерінше оқулықтағы тақырыптың мазмұнымен танысады. Қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен жаңа тақырыпты топта талқылайды, түсінеді. Мақсаты: оқушыларды жаңа материалды өз беттерінше меңгеруге баулу. Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі.Сыныптастарының пікірлері. 5. Тақырыпты бекіту. Мұғалім слайдтар арқылы бүгінгі сабақ мазмұнын нақтылайды. Мысалдар арқылы бекітеді. Презентация Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмі беріледі
Мақсаты: жаңа материалды есеп шығару арқылы меңгерту. 6. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс. /Қосымша 2/
Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеуді қандай деңгейде меңгергенін байқау. Дағды: 1-деңгей: Қолдану; 2-деңгей: Талдау; 3-деңгей: Зерттеу. Оқушыларға қиындығы әр түрлі үш деңгейлі тапсырмалар беріледі. /Қабілеттеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда, уақыты жетіп жатса келесі деңгей тапсырмаларын орындауға болады./ Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды. 7. Қалыптастырушы бағалау: /Қосымша 3/ Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеуді қаншалықты меңгергенін байқау. Бағалау критерийлері:
Бағалау: Оқушылар бір- бірін слайдтағы дайын жауаппен тексереді. | watch?v=vzqrKIJodew Математика сабақтары. Ондық бөлшектерді салыстыру және дөңгелектеу Презентация Қосымша№1
Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов 5 сынып математика Дидактикалық материалдар математика 5 сынып (Зубарева, Мордкович): Рудницкая В.Н. - 2017 год. ... Учебник по математике 5 класс: Никольский С.М., Потапов М.К. - 2015 год. Қосымша№2 слайд 11 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5мин |
№ 845, № 850 - Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін қолдана білуге есептер шығару № 860 (1) 9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау. Бағалау парағы Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді дөңгелектеуді білетіндіктеріне, сабақтың мақсатына жеткендеріне көз жеткізу. Оқушылар іс-әрекеті: Сабақтан алған білімдерін қорытындылап, келесі сұрақтарға жауаптар күтіледі. (Ауызша) - Бүгінгі сабақ мақсаты қандай еді? - Ол мақсат орындалды ма? Неге? Бағалау парағын толтырады. /Қосымша№4/ Бағалау: Мұғалім оқушылардың жауаптары мен жұмыстарын мадақтап, жігерлендіреді. | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болады, | Бір –бірін бағалаужәне өз-өзін бағалау болады | Денсаулық сақтау технологиялары. Көзге арналған жаттығулар жасалады Интерактивті тақтаға қатысты қауіпсіздік техникалары сақталады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша№1
1.Санды дөңгелектеу дегеніміз не?
2. Санды дөңгелектеу ережесін тұжырымдаңдар.
3. Санның артығымен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтады? Мысал келтіріңдер.
4. Санның кемімен алынған жуық мәні деп қандай мәнді айтады? Мысал келтіріңдер.
І топ Жүздікке дейін дөңгелектеуге мысал келтіреді
ІІ топ мыңдыққа дейін дөңгелектеуге мысал келтіреді
ІІІ топ Бірлікке дейін дөңгелектеуге мысал келтіреді
Қосымша№2 Деңгейлік тапсырма
1 деңгей
Қазақстандағы ауданы ең үлкен облыс – Қарағанды облысы.Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?
2- деңгей
Дүкендегі сатылған орам матадан қалған қалдықтың құны 500 тг. Осы матаның 1 метрінің бағасы 800тг. Мата қалдығының ұзындығын жүздік үлестерге дейін дөңгелектеп табыңыздар. Мата қалдығы неше сантиметр?
3 деңгей
Тұзды су ерітіндісінде 185г тұз бар. Бұл ерітінді массасының 0,4- індей. Ерітіндідегі судың бүтінге дейін дөңгелектенген жуық мәнін табыңдар.
Қосымша№3
Қалыптастырушы бағалау
І топ тапсырмасы
Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:
) 9,12 2)0,281 ; 3) 52,513; 4) 2,8711 ; 5) 5,826;
2.Жүздік үлестерге дейін
1) 12,513; 2) 8,4237; 3) 26,0402; 4) 2,938; 5)3,5462
3. Мыңдық үлеске дейін
1) 0,61371; 2) 7,23447; 3) 106,0408; 4) 21,9384; 5)3,5479
ІI топ тапсырмасы
1.Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:
1) 0,452 2)8,245 ; 3) 12,583; 4) 2,771 ; 5) 6,815;
2.Жүздік үлестерге дейін
1) 1,518; 2) 8,4427; 3) 36,9468; 4) 0,934; 5)5,5366
3.Мыңдық үлеске дейін
1) 2,5134; 2) 8,4287; 3) 26,0412; 4) 2,9383; 5)3,5466
III- топ тапсырмасы
Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:
) 9,68 2)9,241 ; 3) 22,613; 4) 0,8711 ; 5) 1,826;
2.Жүздік үлестерге дейін
1) 10,4683; 2) 8,1237; 3) 6,0482; 4) 2,932; 5)3,5452
3. Мыңдық үлеске дейін
1) 1,6518; 2) 5,4138; 3) 6,0412; 4) 21,9384; 5)7,5368
Қосымша№2
1 Нұсқа
- Есепте: 9,4 – 7,1
а) 16,53 б) 61,9 в) 2,27 г) 8,19
- 3,1548 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеңіз.
а) 3,2 б) 3,2548 в) 3,1 г) 3,15
- Есепте: 3,28 × 3,5
а) 10,48 б) 11,48 в) 104,8 г) 11,148
- Есепте: 375,04 × 1000
а) 0,37504 б) 3,7504 в) 37504 г) 375040
Есепте: 14,76 × 0,001
а) 0,1476 б) 14760 в) 0,01476 г) 1476
2 Нұсқа
- Есепте: 72,43 + 1,93
а) 91,72 б) 74,36 в) 0,7436 г) 67,54
- 1,35506 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеңіз.
а) 1,36506 б) 1,35 в) 1,36 г) 1,4
- Есепте: 8,9 × 1,2
а) 1068 б) 106,8 в) 10,68 г) 1,068
- Есепте: 5,075 × 100
а) 50,75 б) 0,05075 в) 507,5 г) 5075
- Есепте: 3,843 × 0,001
а)0,003843 б) 38,43 в) 384,3 г) 0,03843
3 Нұсқа
- Есепте: 12,35 + 8,553
а) 97,88 б) 20,93 в) 20,093 г) 20,903
- 23,0745 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеңіз.
а) 23,07 б) 23,1 в) 23,1745 г) 23,0
- Есепте: 0,8 × 0,92
а) 0,0736 б) 7,36 в) 0,736 г) 73,6
- Есепте: 73,2 × 1000
а) 7320 б) 0,0732 в) 73200 г) 0,732
- Есепте: 102,35 × 0,01
а) 10,235 б) 10235 в) 1023,5 г) 1,0235
4 Нұсқа
- Есепте: 13,63 – 0,67
а) 0,1296 б) 14,3 в) 12,96 г) 6,93
- 11,86 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеңіз.
а) 11 б) 12 в) 11,8 г) 11,9
- Есепте: 1,2 × 0,05
а) 0,06 б) 0,6 в) 0,0006 г) 0,006
- Есепте: 0,0358 × 1000
а) 35,8 б) 3,58 в) 0,0000358 г) 358
- Есепте: 14,7 × 0,001
а) 14700 б) 0,147 в) 1470 г) 0,0147
5 Нұсқа
- Есепте: 13,65 + 6,47
а) 78,35 б) 7,18 в) 0,2012 г) 20,12
- 10,07 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеңіз.
а) 10,1 б) 10,07 в) 10,17 г) 11
- Есепте: 7,83 × 0,6
а) 469,8 б) 4,698 в) 4698 г) 46,98
- Есепте: 0,003 × 100
а) 0,00003 б) 0,03 в) 0,3 г) 3
- Есепте: 7,5 × 0,001
а) 0,075 б) 0,0075 в) 750 г) 7500
Жауабы
1 нұсқа: в а б г в
2 нұсқа: б в в в а
3 нұсқа: г б в в г
4 нұсқа: в б а а г
5 нұсқа: г а б в б
Қосымша № 4 Бағалау парағы
Жоқ | Жақсы емес | Жақсы | Өте жақсы, қателеспей орындаймын | |
О.бөл жаз/ғы разря.анық/у | 0 | 1 | 2 | 3 |
О. бөл.дөң/у алг.білемін | 0 | 1 | 2 | 3 |
О. бөл. дөң/у алгор.есеп шығ. қолд. | 0 | 1 | 2 | 3 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?