Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1С бөлім: Жай бөлшектер Сабақ -2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Н.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақтың түрі

Жаңа материалмен таныстыру, түсіндіру өткенді бекіту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.9 жай бөлшек ұғымын меңгеру;

 5.5.3.1 жай бөлшектерді оқу және жазу;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар жай бөлшек ұғымын меңгеріп, жай бөлшектерді оқи және жаза біледі.

 Бағалау критерийлері

 Оқушылар, егер:

  • жай бөлшектің алымын дұрыс атай білсе;
  • бөлшектің бөлімін дұрыс атай білсе;
  • бөлшектің алымын да бөлімін де дұрыс түсінсе және жаза алса, мақсатына жетеді.
  • Бөлімін және алымын дұрыс жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

 Құндылықтар

 ды дарыту

 

 

Өзарасыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика пәнінде жай бөлшектер қолданылады, бөлу ретінде.

 АКТ қолдану

  дағдылары

Bilimland.k сайтымен жұмыс, презентациямен жұмыс жасау

Бастапқы

білім

Натурал сандар ұғымын меңгереді және натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолданады

Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды. Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту.

презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

10 минут

 Ауызша есептеу. Презентация. Слайд № 2.

Әкесі баласына есептеуіш машина әперді. Өкінішке орай, ол машина нақты мәндерді бермейді, қателеседі. Нәтижесі алдарыңызда, біз оны түзетейік.

83 – 17 = 56(66)

276 – 172 = 104

1903 + 2401 = 3304(4304)

315 : 3 = 155(105)

56 · 4 = 244(224)

Тапсырмада қанша мысалдар бар?

Есептердің қаншасы қатемен істелген?

Есептердің қанша бөлігі дұрыс?

Топтық жұмыс.

Екі топ Bilimland.kz сайтында жұмыс жасайды

1топ: http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11537 – 6 тапсырма

2 топ: http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11537 – 7 тапсырма

Бұл бөлімде оқушылар өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады, өз бетінше ақпарат алып, ізденуге, оны топта талдап, өз жұмыстарының сапасына жауап беруге үйренеді.

Жаңа тақырыпты түсіндіруді қайталау тапсырмаларынан бастауға болады.

Слайды № 3 – 4.

Оқушылар жеке тапсырма орындайды, презентация бойынша тексереді.

1. Ұзындығы 1 м болатын сымды тең 2 бөлікке бөлді. Бір бөліктің ұзындығы қандай?

2. Ұзындығы 1 м болатын сымды тең 3 бөлікке бөлді. Бір бөліктің ұзындығы қандай?

3. Ұзындығы 3 м болатын сымды тең 3 бөлікке бөлді. Бір бөліктің ұзындығы қандай?

Өзін өзі дайын жауаптар бойынша тексеріледі.

Әрбір дұрыс жазылған бөлшекке, бір балл беріледі.

Бұл этапта оқушылардың бір біріне деген сыйластығын артырып, басқаның ойын сыйлауға дағдылардыру құндылықтары дариды.

Мұғалім бөлшек анықтамасын қайталайды. Слайд № 5.

Бекіту. Қорытынды.

Слайд №6.

Оқушылар жай бөлшектерді оқиды, бөлімі мен алымын, бөлгішпен бөліндіні атайды.

Слайд №7.

Оқушылар бөлшектерді салыстырады. Неге олай ойлайтындын түсіндіріп, дәлелдеу қажет әрбір жауабын.

Өзара тексеру, бағалау дайын суретпен жүргізіледі.

Әрбір дұрыс жазылған бөлшек, бір баллға бағаланады.

Бұл этапта оқушылардың өмір бойы оқу құндылықтарын дамытады.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындық туындады?
  • Қиындық тудырған есептің шешімі қалай табылды?

Үй жұмысы

 1. 1 м лентаны, тең екі бөлікке бөліп, ал 2 м лентаны тең 4 бөлікке бөлді. Әр жағдайда бір бөліктерінің ұзындықтары қандай (метрмен)?

2. Лентаны ені 5 мм-ге, ал ұзындығы сәйкесінше

4 және 8 см-ге тең тіктөртбұрыш түрінде көрсетіп, суретін салыңдар.

Тапсырманы орындаңдар:

а) ұзындықтары және болатын, кесінділерді салыстырыңдар.

б) және бөлшектерді салыстырыңдар.

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11537

Қосымша:

https://www.ixl.com/math/grade-5/understanding-fractions-word-problems

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- кім біледі, неге үйрендік

- не түсініксіз болды

- әлі немен жұмыс жасау керек

Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады немесе жақсы оқитын оқушылардан көмек алады.

Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады.

Дұрыс отыруларын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу