Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ

Мектеп : ФМБ НЗМ Тараз қ.

Мұғалімнің аты-жөні:

Мерзімі :

Сыныбы:

5

Барлығы:

Қатыспағаны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Сабақ тақырыбы

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.10 көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Сабақ мақсаттары

Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдап, есеп шығара білу.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

Натурал сандарды берілген санға бөлу амалын біледі;

Әр көбейткіштің жеке-жеке берілген натурал санға бөлінетінін немесе бөлінбейтінін біледі;

Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін біледі;

Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады;

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Көбейтіндінің санға бөлінгіштігі пәндермен және өмірмен байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту

Бастапқы білім

Натурал сандарды бөлу ережесі және амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

«Миға шабуыл»

Сабақ басында:

1) оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу

2) оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу 3) сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

«Мағынаны тану»

10 минут

5 минут

5 минут

10 минут

10 минут

Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін түсіндіру.

  • ;

Тапсырма береміз.

Мысалы: (30·22):15 және (41·96):32

Үлестірмеде (немесе кестеде) натурал сандардың бірнеше көбейтіндісін қарастырып және тексереміз:

1. Көбейтінді берілген санға бөліне ме?

2. Көбейткіштер берілген санға бөліне ме?

Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы қорытынды жасауға оқушыларды жетелейміз.

Мұғалім түрткі болу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың жауаптары ескеріліп, ауызша бағалау жүзеге асады.

Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қарастырамыз.

Көбейтінді

Бөлгіш

Көбейткіштердің бөлінгіштігі

Көбейтіндінің бөлінгіштігі

3022

15

30:15=2

22 саны 15-ке бөлінбейді.

660:15=44

41·96

32

41 саны 32-ге бөлінбейді.

96:32=3

3936:32=123

Кестедегі мысалдардан көбейтіндінің қасиеті тұжырымдалады.

Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді сол санға бөлінеді.

Әріппен жазсақ: ;

Сонда сандардың көбейтіндісін берілген санға бөлу үшін, көбейткіштердің біреуін ғана сол санға бөліп, шыққан бөліндіні қалған көбейткіштерге көбейту керек.

Мысалы: (24·13):8=(24:8)·13=3·13=39

35у:7=(35:7)у=5у

Көбейтінділер жазылған үлестірмелер (кестелер) дайындауда келесі жағдайларды қарастырамыз:

-көбейткіштердің ең болмағанда біреуі берілген санға еселік болады;

1) 37 мен 22-нің көбейтіндісін 11 есе кемітіңдер. Бөлінді неге тең?

-барлық көбейткіштер берілген санға еселік болады;

2) 30 бен 45 сандарының көбейтіндісін 3 есе кемітіңдер. Сонда бөлінді қандай санға тең?

-көбейткіштердің ешқайсысы берілген санға еселік емес.

3) 77 мен 69-дың көбейтіндісін 4 есе кемітіңдер. Бөлінді неге тең?

2. Оқушыларға сұрақ қойылады:

Қандай жағдайда көбейтінді берілген натурал санға бөлінеді?

185. Ауызша есептеңдер:

1) (25·11):5 (125·7):25 (12·13):6 (48·9):16

Ауызша бағалау басбармақ әдісі арқылы орындалады. 3.Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  • Көбейткіштердің ішінен берілген санға бөлінетінін табамыз;
  • Осы санды берілген санға бөлеміз;
  • Шыққан бөліндіні екінші көбейткішке көбейтеміз.
  • Жауабын жазамыз.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Топтық жұмыс: Топ оқушылары тапсырманы тақтада орындап болған соң, тапсырмаларын алмастырып дескриптор бойынша және тілек жазу арқылы бағалайды.

1-топ

а)161·96 көбейтіндісі 19 және 23 сандарының қайсысына бөлінеді?

ә) көбейтіндіні бөлуді орындаңдар: (124х·63):31;

2-топ

а)144·85 көбейтіндісі 17 және 13 сандарының қайсысына бөлінеді? ә) көбейтіндіні бөлуді орындаңдар: (126a·105):63;

Жұптық жұмыс:

№195 Көбейтіндіні санға бөлуді орындаңдар:

  • (180·37):10; 2) (20·320):80; 3) (140·61):35;
  • (115·10):23; 5) (55·103):11; 6) (30·68):17

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Натурал сандарды берілген санға бөлу амалын біледі;

Әр көбейткіштің жеке-жеке берілген натурал санға бөлінетінін немесе бөлінбейтінін біледі;

Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін біледі;

Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.

Жеке жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)

№194 Теңдеуді шешіңдер:

А. (120-х):13=8; К. 555:5-х=74; М. (95-х)·3-150=129;

О. х+3·25=123; П. х:2+107=130; С. 22·15-х=301.

37

48

2

46

16

29

Кестеде теңдеудің шешімдері берілген.

Теңдеуді шешіп, оның тұсындағы әріпті теңдеудің шешімімен бір бағанға жазыңдар. Сонда көкжиек тұстарын анықтайтын құралдың атын оқисыңдар.

Бұл тапсырманың жауабын мұғалім бағалайды.

Есептер шығару.

№204 Көбейтіндіні бөлуді орындаңдар:

7) (404m·210):101; 8) (888·635n):222; 9) (735k·490):245.

№206. Пойызда 7 купелі вагон бар. Әрбір вагонда 9 купе бар, әрбір купеде 4 орын бар. Бірінші станциядан сатылған билет саны екінші станциядан сатылған билет санынан 2 есе көп. Билет барлық орынға сатылды. Бірінші станциядан неше орынға билет сатылды?

№208. Дәлелдеңдер:

  • 455 саны 35-ке бөлінеді, ал 35 саны 7-ге бөлінеді, онда 455 саны 7-ге бөлінетінін.

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
  • Бағалау критерийі қандай?
  • Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай талдау керек?

№209. Қай тұжырымдама дұрыс?

  • Егер көбейткіштердің әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінбесе, онда көбейтінді де сол санға бөлінбейді.
  • Егер көбейткіштердің біреуі ғана берілген санға бөлінбесе, онда көбейтінді де сол санға бөлінбейді.
  • Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол санға бөлінеді.

http://festival.1september.ru/articles/599748/

Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов Математика 5, Алматы «Атамұра» 2005

42-45 беттер

Қосымша 1

Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов Математика 5, Алматы «Атамұра» 2005

Рефлексия

3 минут

Рефлексия: БББ

Үйге тапсырма:

204. Көбейтіндіні бөлуді орындаңдар:

3) (91z·208):52; 5) (216b·182):72;

№208. Дәлелдеңдер:

  • 744 саны 24-ке бөлінеді, ал 24 саны 6-ға бөлінеді, онда 744 саны 6-ға бөлінетінін.

Қосымша 2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке консультация алуға мүмкіндік беремін.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Сабақты бекіту кезінде оқушыларды жеке –жеке бағалаймын, оқушылар тапсырманың 80% дұрыс орындауы қажет

Сабақты бекіту кезеңінің алдында презентацияға қарағандықтан ұзақ уақыт міндетті түрде «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы дерлік оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақты саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар жұптық жұмыста белсенділік танытты.

2: Оқушылар есеп шығаудың алдында есептің шығарылу алгоритімін өз бетінше құра алады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың сабақты өткен материалмен байланысты екенін білуі.

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылар бір-бірімен сыйластық қарым қатынас жасайды, жұптық жұмыста бір-біріне түсіндіреді, өз ойларын толық жеткізе алады. Өтілген материалдарды жаңа сабақпен байланыстыра біледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу