Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исағалиев Ә.А.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері.

Сабақтың түрі:

Білімді бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.10. Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11. Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Сабақ мақсаттары

Көбейтіндінің, қосынды мен айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдай алу;

Есептер шығару барысында ережелерді қолдануға дағдыландыру; Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білу;

Сөйлеу дағдысын дамыту.

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатын түсінген деп есептейміз, егер

  • Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдай алса;
  • Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау жасаса;

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың жасайтыны

  • Сандардың ЕКОЕ және ЕҮОБ, жай сандар және құрама сандар, еселі сандар мен бөлінгіштіктің анықтамасын тұжырымдайды;
  • Бөлінгіштік белгілерін құрады;
  • Бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, құрама сандарды жай сандарға жіктейді;
  • ЕКОЕ және ЕҮОБ- терді табу алгоритмін айтады;
  • Натурал сандардың бөлгіштері деп ... сандарын айтамыз;
  • Натурал сандардың еселіктері деп ... сандарын айтамыз;
  • Берілген сан жай сан деп аталады, себебі ...
  • Берліген сан құрама сан деп аталады, себебі ...
  • Кез келген натурал сандардың шексіз көп еселі сандары бар болады;
  • Кез келген құрама санды бірден басқа екі көбейткіш сандарға жіктеуге болады;
  • Егер сан мынадай ... цифрға аяқталса, онда ... санға бөлінеді;
  • Егер натурал санның цифрларының қосынды ... санына бөлінсе, онда сол санның өзі ...
  • Кез келген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге болады;
  • Жай сандардың ЕҮОБ – і, мынаған ... тең.
  • Жай сандардың ЕКОЕ – і, мынаған ... тең.

Құндылықтарды дарыту

- Құрмет;

- Серіктестік;

- Ашықтық;

- Еңбек және шығармашылық;

- Елжандылық және Жаһандық азаматтық;

- Өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар

Сауда – саттықта, архитектура саласында құрылыс материалдарын белгілі объектілерге бөлу барысында натурал сандардың бөлінгіштігін қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

ActiveInspire, Презентация

Интернет көздерін жаңа өтілген сабақтың мағынасын ашуға қолдану.

Бастапқы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары. ЕКОЕ және ЕҮОБ.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

I Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу және сәттілік тілеу.

II Өткенге шолу. Оқушылар біз бірнеше сабақ бойы «Сандардың бөлінгіштігі» тарауын бастадық. Бұл тарауда жай және құрама сандарды, олардың еселіктері туралы мәлімет алған болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда ол сандардың көбейтіндісінің, қосындысы мен айырымының натурал сандарға бөлінгіштік қасиеттерін қарастыратын боламыз.

III Сабақтың мақсаттары. Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары айтылады.

IV Оқушылардың жұмыстарын тексеруге бағалау кретерийін құру және оқушылармен бөлісу.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

13 минут

10 минут

5 минут

Ұ,М

Актуалдау үшін оқушыларға сұрақтар қою. Мысалы:

1. 10-нан 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар?

2. 10-нан 40-қа дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар.  Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар?

3. 146,160,213,230,381,450 сандарының қайсысы 10-ға бөлінеді? Айырмашылықтары неде?

М

Мұғалім сабақ тақырыбын айтады. 2, 5, 10 сандарына сандарына еселі сандар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Т

Қай топ жүйрік.

  • 945 саны 3 және 5 санына бөлінеді ме?
  • 8569 саны 2 – ге калдықсыз бөлінеді ме?
  • 2700 саны 2;5;3;9;10 сандарына бөлінеді ме?
  • 3 саны 157 санының бөлгіші ме?
  • 518 саны 14 санына бөлінеді ме?
  • 9 саны 818 санының бөлгіші болады?
  • 8232 саны 3 және 8 санына бірдей бөлінеді ме?
  • 756 саны 2 және 3 садарына бөлінеді ме?
  • 1267 саны 7 санына бөлінеді ме?
  • 630000 2;3;5;9;10 сандарына бір уақытта бөлінеді ме?

Топтардың өзара бағалауы: Әр топ басқа топтардың жұмыстарын тексереді.

Жұмысты дұрыс не дұрыс еместігін тексереді.

Мағынаны ашу сәті. Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып – танысады.

Әр топ жаңа тақырыппен танысып болғаннан кейін топ болып постер дайындайды. Әр топ өз жұмыстарын дайындап болғаннан кейін тақтада қолданады. Әр топтың жұмысын қалған топтар бағалайды.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін оқушыларға төмендегідей қосалқы құралдар қажет болады:

  • Компьютер мен принтер;
  • Магнитті тақта мен қысқыштар;
  • А2 форматтағы қағаздар мен маркерлер;
  • Стикерлер мен смайликтер;
  • Қалам, желім, қайшы, сызғыш, түрлі түсті қағаздар және оқулық.

Тапсырмалар:

І топ.

№1.Шоколад сатып алу үшін біздің қолымызда 90 теңге бар. Шоколадтар 2 тг, 5 тг және 11 тг тұрады. Сіз қандай шоколад сатып ала аласыз? Неге? Өз жауаптарыңызды негіздеңіз.

№2. Базарға екі жүк машинасы жүк жеткізеді. Біреуі қоймадан базарға дейін 3 сағат, екіншісі 4 сағат жүреді. Олар неше сағаттан кейін базарда кездеседі? Әр машина неше рет жүк әкеледі?

II топ.

№1. Дүкенге 4 жәшік балмұздақ әкелінді. Дүкен иесі балмұздақтарға 2240 тг төлеуі мүмкін бе?

№2. 47(Х+У) саны 5 – ке бөлінетіндей Х пен У – ке үш мысал келтіріңіздер.

ІІІ топ.

№1. Дүкен иесі 12240 тг ақшаға 8 жәшік алма сатып ала алады ма?

№2. Белгісіз шамалардың қандай мәндерінде қалдықсыз бөліну жүзеге асады?

а) 56 ∙ (А+B) саны 14 санына бөлінуі үшін;

б) 144 а + 12B саны 12 санына бөлінуі үшін;

в) 100 а 40а саны 30 санына бөлінуі үшін.

Бағалау. Оқушылар топпен есептерді шығарады. Олармен байланыс төмендегідей шартты белгілер арқылы жүргізіледі:

Қызыл - бізге тез арада көмек қажет;

Сары біз шамалы қиындықтарға тап болдық;

Жасыл - бізге бәрі түсінікті.

Осы белгілер арқылы мұғалім тарапынан оқушыларға көмек көрсетеді. Оларға көрсетілетін көмектің түрлері:

  • Бөлінгіштік белгілерінің дұрыс қолданылуы;
  • Есептер шығаруда бөлінгіштік қасиеттерін дұрыс қолдануларын қадағалау;
  • Көбейтінді мен қосынды, айырымның бөлінгіштігін дұрыс қолдануларын қадағалау.

Ж

№1. көбейтіндісінің мәні  8-ге бөліне ме?

Шешуі:

 24 саны 8-ге бөлінетіндіктен 17*24*7 көбейтіндісі де 8-ге бөлінеді

№2. 1212+60 қосындысының мәні 12-ге бөліне ма?

Шешуі:

1212 және 60 қосындыларының әрқайсысы 12-ге бөлінетіндіктен 1212+60 қосындысы да 12-ге бөлінеді. Бөлінді 106 –ға тең

№3.117-65 айырмасы 13-kе бөліне ме?

Шешуі:

Азайғыш та, азайтқыш та 13-ке бөлінетіндіктен, 117-65 айырмасы да 13-ке бөлінеді.    

Бағалау.

  • Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігі туралы ережелерді біледі және айта алады;
  • Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігін анықтай алады, міндетті деңгей жаттығуларын орындай алады;
  • Тақырыпқа сәйкес орташа дейгейдегі жаттығуларды орындай алады.

4 – қосымша

«Математика 5» кітабы

М. : Атамура

Алдамуратова Т.А.

3 – қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

№1. Бөлінді орындалу үшін х – тің үш мәнін табыңыз.

а) 44 - х айырымы 11 санына бөлінуі үшін.

б) 45 + х қосындысы 9 санына бөлінуі үшін. №2* Бөліндінің мәнін есептеңдер және х, у мән беріп бірнеше жауабын табыңыздар:

а) (32х + 16у) : 4 =

б) (25ас – 15bd) : 5=

Рефлекcия

  • Тақырып сіздерге қиын болды ма?
  • Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?
  • Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?

3 – қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Шартты белгілер: Ұ – ұжымдық жұмыс;

М – мұғалімнің жұмысы;

Т – топтық жұмыс.

Ж – жұптық жұмыс.

Б – бағалау.

Топқа бөлу.

44 52 68

65 95 105

110 20 90

Қай топ жүйрік.

  • 945 саны 3 және 5 санына бөлінеді ме?
  • 8569 саны 2 – ге калдықсыз бөлінеді ме?
  • 2700 саны 2;5;3;9;10 сандарына бөлінеді ме?
  • 3 саны 157 санының бөлгіші ме?
  • 518 саны 14 санына бөлінеді ме?
  • 9 саны 818 санының бөлгіші болады?
  • 8232 саны 3 және 8 санына бірдей бөлінеді ме?
  • 756 саны 2 және 3 садарына бөлінеді ме?
  • 1267 саны 7 санына бөлінеді ме?
  • 630000 2;3;5;9;10 сандарына бір уақытта бөлінеді ме?

Мағынаны ашу сәті. Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып – танысады.

Әр топ жаңа тақырыппен танысып болғаннан кейін топ болып постер дайындайды. Әр топ өз жұмыстарын дайындап болғаннан кейін тақтада қолданады. Әр топтың жұмысын қалған топтар бағалайды.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін оқушыларға төмендегідей қосалқы құралдар қажет болады:

  • Компьютер мен принтер;
  • Магнитті тақта мен қысқыштар;
  • А2 форматтағы қағаздар мен маркерлер;
  • Стикерлер мен смайликтер;
  • Қалам, желім, қайшы, сызғыш, түрлі түсті қағаздар және оқулық.

Тапсырмалар:

І топ.

№1.Шоколад сатып алу үшін біздің қолымызда 90 теңге бар. Шоколадтар 2 тг, 5 тг және 11 тг тұрады. Сіз қандай шоколад сатып ала аласыз? Неге? Өз жауаптарыңызды негіздеңіз.

№2. Базарға екі жүк машинасы жүк жеткізеді. Біреуі қоймадан базарға дейін 3 сағат, екіншісі 4 сағат жүреді. Олар неше сағаттан кейін базарда кездеседі? Әр машина неше рет жүк әкеледі?

II топ.

№1. Дүкенге 4 жәшік балмұздақ әкелінді. Дүкен иесі балмұздақтарға 2240 тг төлеуі мүмкін бе?

№2. 47(Х+У) саны 5 – ке бөлінетіндей Х пен У – ке үш мысал келтіріңіздер.

ІІІ топ.

№1. Дүкен иесі 12240 тг ақшаға 8 жәшік алма сатып ала алады ма?

№2. Белгісіз шамалардың қандай мәндерінде қалдықсыз бөліну жүзеге асады?

а) 56 ∙ (А+B) саны 14 санына бөлінуі үшін;

б) 144 а + 12B саны 12 санына бөлінуі үшін;

в) 100 а 40а саны 30 санына бөлінуі үшін.

Бағалау. Оқушылар топпен есептерді шығарады. Олармен байланыс төмендегідей шартты белгілер арқылы жүргізіледі:

Қызыл - бізге тез арада көмек қажет;

Сары біз шамалы қиындықтарға тап болдық;

Жасыл - бізге бәрі түсінікті.

Осы белгілер арқылы мұғалім тарапынан оқушыларға көмек көрсетеді. Оларға көрсетілетін көмектің түрлері:

  • Бөлінгіштік белгілерінің дұрыс қолданылуы;
  • Есептер шығаруда бөлінгіштік қасиеттерін дұрыс қолдануларын қадағалау;
  • Көбейтінді мен қосынды, айырымның бөлінгіштігін дұрыс қолдануларын қадағалау.

Ж

№1. көбейтіндісінің мәні  8-ге бөліне ме?

Шешуі:

 24 саны 8-ге бөлінетіндіктен көбейтіндісі де 8-ге бөлінеді

№2. 1212+60 қосындысының мәні 12-ге бөліне ма?

Шешуі:

1212 және 60 қосындыларының әрқайсысы 12-ге бөлінетіндіктен 1212+60 қосындысы да 12-ге бөлінеді. Бөлінді 106 –ға тең

№3.117-65 айырмасы 13-kе бөліне ме?

Шешуі:

Азайғыш та, азайтқыш та 13-ке бөлінетіндіктен, 117-65 айырмасы да 13-ке бөлінеді.    

Бағалау.

а. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігі туралы ережелерді біледі және айта алады;

  • Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігін анықтай алады, міндетті деңгей жаттығуларын орындай алады;
  • Тақырыпқа сәйкес орташа дейгейдегі жаттығуларды орындай алады.

Үй тапсырмасы:

№1. Бөлінді орындалу үшін х – тің үш мәнін табыңыз.

а) 44 - х айырымы 11 санына бөлінуі үшін.

б) 45 + х қосындысы 9 санына бөлінуі үшін.

№2* Бөліндінің мәнін есептеңдер және х, у мән беріп бірнеше жауабын табыңыздар:

а) (32х + 16у) : 4 =

б) (25ас – 15bd) : 5=

Рефлекcия

Тақырып сіздерге қиын болды ма?

Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?

Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу