Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының жұмыс парағы. 2-ші сабақ . Натурал санның бөлгіш мен еселігі..

Оқу мақсаты:

5.1.2.8 Натурал сандардың бөлгіштерін табады:

5.1.2.9 Натурал сандардың еселіктерін табады;

-Натурал сандардың бөлгіштерінің анықтамаларын тұжырымдай алады;

-Натурал сандардың еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдай алады ;

-Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің негізгі айырмашылықтарын тұжырымдайды ;

-Натурал сандардың бөлгіштерін табады;

-Натурал сандардың еселіктерін табады;

« 60-қа бөлгіш, 120-ға еселік болатын санды жазыңдар»

1) Сабақ мақсатына қайта оралу: « 60-қа бөлгіш, 120-ға еселік болатын санды жазыңдар»

Оқушылар тапсырманы орындайды. Есепті шешудің басқа жолдарын да қарастырады. Дұрыс шешімі бойынша тексереді.

2) Оқушылар топта ауысып тапсырмаларды орындайды:

1. Берілген сандардың ішінен 15, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16 табыңдар:

а) 20-ға бөлгіш;

б) 4-ке еселік;

в) 16-ға бөлгіш және 4-ке еселік;

г) 3-ке еселік және 18-ге бөлгіш.

2. Наурыз мейрамына ұйымдастырылған іс-шараға 90 оқушы қатысты. Олар қорытынды кезеңінде бірдей екі қатарға, 5 бірдей қатарға, 11 бірдей қатарға, 6 адам бір қатарға тұратындай бөліне ала ма?

3. 70 525 саны 217 санына еселік болатынын, ал 729 саны 225261 санына бөлгіш болатынын дәлелдеңдер;

4. 6 496 сандарының барлық бөлгіштерінің қосындысы өзіне тең болатынын тексеріңдер.Өзін қоспаған кезде.Бұл сан қалай аталады?

5. Қалалық автобустың жүргізушісі азаңғы сағ 7.00 де жұмысқа шығады, ал түскі астық үзіліске 12.00 де шығады. Бір айналымдық жолы 48 минутты құрайды. Түске дейін жүргізуші қанша айналым жасап үлгереді?

Үй жұмысы:

Мұғалім үй тапсырмасын орындаудың ережесін түсіндіреді.

1. Берілген сандардың ішінен 14, 21, 31, 42, 51, 63, 68, 75 табыңыз: а) 7-ге еселік сандарды; б) 17-ге еселік сандарды;  в) 8-ге еселік сандарды; г) 2-ге еселік сандарды; 

2. 220 және 284 сандары басақ санның бөлгіштерінің қосындыларына тең екенін тексеріңдер.

3. Талғаттың анасы Талғатқа 850 теңге беріп алма сатып әкелуін сұрады. Талғат 4 кг алма сатып алу үшін берілген ақшаның қандай ең үлкен бөлігін жаратады?

Өзіндік жұмыс.

I нұсқа  Аты-жөні ...............................................................

1.42 саны берілген. Оның бөлгіштерін өсу ретімен жазыңыз. ........................................................................................................................................................................... 2.  12,14,25,34,42,45,51,68,85,100 сандардың ішінен төмендегі сандарға бөлінетіндерін теріп жазыңыз:

а)   5-ке бөлінетін: ..................................................................................................

б)   17-ге бөлінетін: ............................................................................................

3. 100 санынан кіші болатын және 13-ке бөлінетін санды:..................................

II нұсқа  Аты-жөні ...............................................................

1. 36 саны берілген. Оның бөлгіштерін өсу ретімен жазыңыз ....................................................................... 2. 12,14,26,39,42,45,52,68,84,117 сандардың ішінен төмендегі сандарға бөлінетіндерін теріп жазыңыз:

а)   7-ке бөлінетін: ..................................................................................................

б)   13-ге бөлінетін: ............................................................................................

3. 100 санынан кіші болатын және 14-ке бөлінетін санды:..................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу