Күнделікті өмірде уақыттың мағынасын түсіну. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Математика

Мектеп:

Күні:

Сабақ реті 1

Мұғалім:

Сынып: 4 Сабақ саны: 2

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Күнделікті өмірде уақыттың мағынасын түсіну

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

 Сабақ мақсаты:

Секунда, мин, сағ, тәулік, жыл, ғасыр; -уақыт шамалардың мәндерін салыстыру, шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындау

Бағалау

критерийлері:

Атаулы уақыт шаларының мәндерін салыстырады, шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындайды.

Күтілетін нәтиже

Атаулы уақыт шаларының мәндерін салыстыра алады, шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындай алады.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, еңбекқорлық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту

АКТ қолдану

Ақпараттық мәтіндер, презентация

Пәнаралық байланыс

Ғылымға кіріспе, дүниетану, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиет

Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

Когнитивті компонент:

түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып. талқылайды/ұлттық, жаһандық/;

ақпаратқа сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоционалдық:

өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді;

жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық:

сынып ережесіне бағынады;

өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Осыған дейін меңгерілген білім

Логикалық есептер

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-3 мин

3-5 мин

5-7минут

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Сен білесің бе?» ғарыш туралы бейнефильм көру. Оқушылар көру барысында аталған сандарды дәптерлеріне жазады.

ІІ. Өткенді қайталау

Бес аптада қанша күн бар? (35) • 1 жарым сағат қанша минутты құрайды? (90 мин) • 3 сабақ қанша минутқа созылады? (120 мин) • Қай айда жаңа күн басталады? (наурыз) • Бүгін аптаның нешінші күні? (бесінші) • Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш) • Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат) • Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын. «Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт) - Уақыттың ең кіші бірлігі? (секунд)- 3 жылда неше ай бар? (36)- 1 жылда қанша тәулік бар? (335,336)- 6 сағатта неше минут бар? (360)- 540 минутта неше сағат? (9)

Жұптық бағалауҚызығушылықты оятуЕртеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнгеқарап, әтештің шақырғанына қарап тіпті кей елдерде есектің шақырғанына қарап та ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты былай болжаған.

Таңертеңгі күн шыққан уақыт-сәресі

Күн тас төбеге келген кез- талтүс

Түс қайтқан уақыт-бесін

Күн байыр шақ- екінді

Күн ұясына қонған шақ –ақшам деп аталған

Сағат түрлерімен таныстыру. Ертеде алғашқы сағаттар Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағат түрлері өте көп 

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ

сұрақтар

7-10 мин

10-35 мин

Жаңа сабақ Математикалық диктант.

Уақыт бірліктерінің үлестерін анықтаңыз.

1 ғасырдың бөлігі = (10жыл) 1 жылдың бөлігі = (3ай)    

1 минуттың бөлігі = (12с) 1 айдың бөлігі = ( 6күн)

Дифференциация . Жұптық жұмыс. Есепті шешіңіз

І деңгей1.Ұшақ 7сағат 35минутта ұшты. Ал 10сағат 20 минуттан кейін ұшып келді. Ұшақ сағат нешеде ұшып келді?

Шешуі:7сағ 35мин+10сағ 20 мин= 17сағ 55 мин

2.Поезд таңертеңгі 9 сағат 15 минутта шығып, станцияға 21 сағат56 минутта келді. Поезд жолда қанша уақыт болды?

Шешуі: 21 сағ56 минут-9 сағ15 минут =12сағ 38мин

ІІдеңгей

4. Мақсат таңертең 6 сағат 40 минутта саңырауқұлақ теруге шықты. Ол тек 2 сағат 15 минутта үйіне оралды. Ол үйінде неше сағат болмады?

Шешуі: 2сағ 15 мин – 14сағ 15 мин14сағ 15 мин- 6сағ 40мин=13сағ 75мин - 6сағ 40 мин=7сағ35мин

5.Теннистен жарыс 4 сағат 10 минутта аяқталды. Жарыстың ұзақтығы 5 сағат 40 минут болса, ол сағат нешеде басталды?

Шешуі: 4сағ10мин – 16сағ 10 мин16сағ10мин – 5 сағ40 мин=15сағ70ми –5сағ40 мин=10 сағ 30мин

ІІІ деңгей

3.Теплоход Бірлік ауылынан 9 сағат15 минутта шығып Ақсу бекетіне 4 сағат 20 минутта жүзіп келді. Ол Ақсуда 12 минут тұрақтап, тағы 5 сағат 10минут жұмсап Бірлікке қайтып келді. Теплоход сағат нешеде қайта келді?

9сағ15мин+4сағ20мин=13сағ35мин(Ақсуға келді)13сағ35мин + 12мин=13сағ47мин (Ақсудан шықты)13сағ47мин+5сағ10мин=18сағ57мин(Бірлікке келді)

4. Москвадан Сергиев Посадқа 8 сағат 30 минутта экскурсиялық автобус шықты.Автобус Москвадан Сергиев Посадқа дейінгі қашықтықты 2 сағат 15 минут жүреді. Ол жолда 10 минуттан екі рет аялдама жасайды. Егер Сергиев Посадтағы экскурсия 5 сағатқа созылса, қайтар жолға , баратын жолдай уақыт кетсе, автобус Москваға сағат нешеде оралады?

Шешуі: 8сағ30мин+2сағ15мин+2*10мин=8сағ30мин+2сағ15мин+20мин=10сағ65мин=11сағ5мин(Сергиев Пасадқа келді)11сағ5мин+5сағ=16сағ5мин (Сергиев Пасадтан шықты)16сағ5мин+2сағ15мин+2*10мин=18сағ40мин

Әр жұп өзара тапсырмаларына сәйкес тексеріп, кері байланыс береді.

Презентация

Деңгейлік тапсырмалар

2 мин

3 мин

Рефлексия:

«Шығу билеті»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Бағалау.

Зымыранға бүгінгі бағалау критерийі бойынша өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасы. Салыстыру3сағ * 48мин 1сағ18мин * 118мин 2мин40с * 200с36сағ * 7мин 5сағ6мин * 56мин 4мин5с * 45с

зымыран

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тереңдету, кеңейту әдістерін қоладну

Өзін-өзі бағалау

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу