Бөлшектерге есептер шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

№ сабақ. Бөлшектерге есептер шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлшектерге есептер шығару

Оқу мақсаты:

4.1.2.15 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдану

Бағалау критерийлері

бөлімдері бірдей болатын жай бөлшектерді қосу және азайтуды қолданады, Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу

амалының интерпретациясын көрсетеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлшек, тең бөлшек, бөлшек түрлері

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл. Жай бөлшектер туралы « Не білемін?», «нені білгім келеді?»

статистикалық мәліметтер диаграммасын оқуға және керекті мәліметті анықтауға үйренеді, шаршы және тіктөртбұрыш периметрлерін жазуда бөлімдері бірдей болатын жай бөлшектерді қосу және азайтуды қолданады, бөлшектердің музыкадағы ноталармен байланысы туралы ақпарат алады.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады, азайтады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабаққа кіріспе тапсырма

Сабақты «Не білемін?», «Нені білгім келеді?» стратегиясынан бастау. Тақтаға ілінген «бөлшек», «тең бөлшектер», «бөлшек түрлері», «бөлшектерді қосу», «бөлшектерді азайту» терминдері туралы ойларын

оқушылар ауызша айтады.

1. Кітап оқу

Сабақты кітап оқу тапсырмасынан бастау. Оқушыларда бұл жаттығу статистика мәліметтері, оларды

алу жолы, мәліметті берудің диаграмма тәсілі туралы

ой туғызу. Бөлшектерді қосу мен азайту және бөл-

шектің негізгі қасиетін қайталайды. Сонымен бірге,

оқушыларға жаңа дағды ретінде бөлімдері әртүрлі

бөлшектерді қосу үшін тең бөлшектерді жазу идеясын

туындатады. Жаттығу нәтижесін жұптарда талдату. Ішінара оқушылардан жауаптарын сұрау.

«Әдеби шығармалардың қандай түрлерін оқисың?» деген сұраққа төртінші және бесінші сынып оқушылары әртүрлі жауап берген.

Жауаптары диаграммада көрсетілген.

Сұрақтарға жауап бер:

Бесінші сынып оқушыларының қанша бөлігі эпосты оқиды?

Повесть оқитын оқушылар қанша бөлігін құрайды?

Бесінші сынып оқушылары арасында әдеби шығарманың қай түрі жиі оқылады?

Төртінші сынып оқушыларының қанша бөлігі повесть оқиды? Ол бөлшекті бөлімі 4-ке тең етіп жазуға бола ма? Жазып көр.

Төртінші сынып оқушыларының қанша бөлігі эпосты оқитындығын табуға бола ма? Тауып көр.

Бесінші сынып оқушыларының арасында әңгіме оқитын оқушылар бөлігінтабуға бола ма? Есептеп көр.

Жауабы:

, диаграммадан көрінеді;

Повесть, диаграммадан көрінеді;

, диаграммадан көрінеді. Болады, . Себебі, Ол үшін .

Сонда, бөлігі эпос оқиды.

Болады, . Сонда, бөлігі әңгіме оқиды.

Шығарып көр

Оқушы бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады, азайтады және салыстыру арқылы өсу ретімен жазады. Жұмыс жеке орындалады, дәптердегі жазбаларды қадағалау арқылы оқушылардың амалдарды дұрыс орындайтындығына көз жеткізу. Көмекті керек ететін оқушыларға кері байланыс жасау.

Өсу ретірмен орналастыр. Сонда еліміздегі «Жер жәннаты» саналатын өлке атауын оқисың.

С Ж Е Т У І

Жауабы:

Өсу реті

Ж

Е

Т

І

С

У

ЖЕТІСУ

Ойлан. Бұл тапсырмада оқушы шаршы және тіктөртбұрыштың периметрлерін табады, ол үшін бөлімі бірдей бөлшектерді қосады, ал шартындағы айырманы табу үшін бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

Тапсырманы орындауда сыныппен талдау жүргізу. Сұрақтар қою арқылы шаршы, тіктөртбұрыш, олардың периметрі деген түсініктер мен анықтамаларды ауызша қайталау. Сыныптың білім деңгейіне қарай, топтық жұмыс ұйымдастыру. Алдын-ала шағын топтарға біріктіріп, уақыт шектеулілігін,топ мүшелерін сайлау керектігін ескерту. Топ спикерінің міндеті — топ шешімімен, жауаптармен таныстыру. Топтық жұмысты бағалау критерийлерін беру, оқушылар топ спикерінің таныстыруы арқылы топтық жұмысты бағалау. Критерийлер: топ спикері таныстыру уақытын сақтады; жауабы — дұрыс, әрі нақты; қойылған сұрақтарға жауап бере алды, т.с.с.

Жауабы:

м. Шешуі: шарша периметрі - м, тіктөртбұрыш периметрі - . Себебі, м болса, ал .

ә) м-ге ұзарады. Себебі, a+a+b+b=a+b+ +a+b+ =a+a+b+b+ + =P+ м.

Орындап көр

Оқушылар бұл тапсырманы орындау арқылы бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуға жаттығады және жылдамдығын жетілдіреді.

Парталас көршіңмен бірге орында. «?» белгісінің орнына «+», «–», «.» таңбаларын қоюға болады. Кім бірінші, сол жеңіске жетеді.

Жауабы:

Кеспе қағаздар

№3 слайд

№4-5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

Кері байланыс

Сабақтағы оқушы жұмысын бағалау үшін сабақ басында қолданған «Не білемін?», «Нені білгім келеді?» стратегиясына қайта оралу. Дәл осы сұрақтарға берген

оқушылар жауабынан кейін кері байланыс жасау.

№9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу