Мәдени мұра Санды қосындыға көбейту. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


2А бөлім Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Тақырып: Мәдени мұра

Санды қосындыға көбейту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Әнешқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.9санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолдана алады

Бірқатар оқушылар үшін:

қосындыны санға көбейтуді тиімді тәсілмен есептей алады

Кейбір оқушылар үшін

санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолданып, есеп құрастырады және шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;
  • амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастыру мен қолдану;

Пәндік лексика және терминология:

  • көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінгіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу
  • алгоритм

формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Санды сомаға қалай көбейтеміз? Өрнекке ше? Санды өрнекке қалай бөлеміз?
  •  Шынайы өмірде санды сомаға бөлу білімі қандай жағдайда керек болады? Санды өрнекке көбейту мен бөлу ше?

Жазу:

 Өрнекті жазыңыз.

 Есептеулер нәтижелерін ұлғаю/азаю бойынша орналастырыңыз.

 Есептеу тәсілдерін жазып алыңыз.

Флипчартқа өздеріңнің есептеу тәсілдерін жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Санды қосындыға көбейту, бөлу тәсілдері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Ынталандыру.

«Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Кіріспе тапсырма

1-топқа: (24 + 12) ・ 3; 24 ・ 3 + 12 ・ 3;

24: 3 + 12 : 3; 24 ・ 3 – 12 ・ 3

2-топқа: 6 ・ (36 + 12) ; 36 ・ 6 + 12 ・ 6;

36: 6 + 12 : 6; 36 ・ 6 – 12 ・ 6

3-топқа: 2 ・ (42 + 26) ; 42 ・ 2 + 26 ・ 2;

42: 2 + 26 : 2; 42 ・ 2 – 26 ・ 2)

4-топқа: (16 + 20) ・ 4; 16 ・ 4 + 20 ・ 4;

16 : 4 + 20 : 4; 20 ・ 4 – 16 ・ 4

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 1-тапсырманы орындатып болған соң мақсат қойғызу.

(Ж.) №1 тапсырма

Есепті шығарудың әр түрлі тәсілдерін ата

Концертке билет сатып алу керек.Оқушылардың төрт тобы үшін қажет билеттердің санын әртүрлі тәсілдермен санату.Жұптарды тапқызу.Қай тәсілмен есептеген дұрыс? Неге? Тапсырманы жұпта бір-біріне түсіндіре отырып орындату.

"Сәйкестендіру тесті"

1) 1-топ. (34 + 18) · 3; а) 43 · 2 + 21 · 2;

2) 2-топ. 6 · (23 + 15); ә) 23 · 6 + 15 · 6;

3) 3-топ. (43 + 21) · 2; б) 17 · 4 + 37 · 4;

4) 4-топ. 4 · (17 + 37). в) 34 · 3 + 18 · 3.

Егер залда 1312 орындық болса,барлық оқушыларға орын жете ме?(Барлығы 728 билет,орын жетеді.)

Ережені меңгерту.

Санды қосындыға көбейту үшін:

1) қосындының мәнін есептеп, оны санға көбейтуге болады;

2) санды әрбір қосылғышқа көбейтіп, шыққан нәтижелерді қосуға болады.

a · (b + c) (a + b) · c

a · (b + c) = a · b + a · c (a + b) · c = a · c + b · c

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Оқушылар жұптарының жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау

Жаңаны ашу

(Т.)№2 тапсырма

Есептеу тәсілін таңда және шығар

Бірінші баған нәтижелерінің қосындысын және екін-

ші баған нәтижелерінің айырмасын есептеп, белгілі қо-

бызшы Тілеп Аспантайұлының өмір сүрген жылдарын

анықтап көр.

а) (183 + 367) · 2; б) 902 · 2 + 904 · 2;

ә) 3 · (105 + 114); в) 213 · 4 + 235 · 4.

Жауабы:

а) 1100; ә) 657; б) 3612; в) 1792;

1100 + 657 = 1757 ж. 3612 – 1792 = 1820 ж.

Тілеп Аспантайұлы (1757 – 1820 ж.)

"Галереяға саяхат"әдісі

Оқушылар топта жұмыстарын жасап болған соң тақтаға, сыныптың қабырғаларына іледі де, топ болып галереяға саяхат жасап, басқа топтардың жұмыстарын бағалайды.

Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.

Жаңаны қолдану

(Т.) №3 тапсырма

Екі тәсілмен шығар

Санды қосындыға көбейту, қосындыны санға көбейту тәсілдері арқылы шығару.

а) (6 + 3) · 8; г) (3 + 4) · 6; ж) (18 + 4) · 5;

ә) 8 · (6 + 3); ғ) 6 · (3 + 4); з) 8 · (16 + 4);

б) (5 + 3) · 6; д) (8 + 1) · 2; и) (35 + 4) · 2;

в) 6 · (5 + 3); е) 2 · (8 + 1); к) 6 · (44 + 6).

Жауабы:

а) (6 + 3) ・ 8 = 6 ・ 8 + 3 ・ 8 = 72;

ә) 8 ・ (6 + 3) = 3 ・ 8 + 6 ・ 8 = 72;

б) (5 + 3) ・ 6 = 5 ・ 6 + 3 ・ 6 = 48;

в) 6 ・ (5 + 3) = 3 ・ 6 + 5 ・ 6 = 48;

г) (3 + 4) ・ 6 = 3 ・ 6 + 4 ・ 6 = 42;

ғ) 6 ・ (3 + 4) = 4 ・ 6 + 3 ・ 6 = 42;

д) (8 + 1) ・ 2 = 8 ・ 2 + 1 ・ 2 = 18;

е) 2 ・ (8 + 1) = 1 ・ 2 + 8 ・ 2 = 18;

ж) (18 + 4) ・ 5 = 18 ・ 5 + 4 ・ 5 = 110;

з) 8 ・ (16 + 4) = 8 ・ 16 + 8 ・ 4 =160;

и) (35 + 4) ・ 2 = 35 ・ 2 + 4 ・ 2 = 78;

к) 6 ・ (44 + 6) = 6 ・ 44 + 6 ・ 6 = 300.

Шығарып көр

Есепті екі тәсілмен шығар және өрнектерді жаз.

Есептің шартын қысқаша түрде жазуды тапсыру(сурет,сызба т.с.с.)

Ұлыстану залында халық кәсіпшілігінің көрмесі өтті. Үш қабырғада зергерлердің,

ұлттық киім шеберлерінің және темір ұсталарының бұйымдары көрсетілді. Әр

қабырғада 2 сөре бар: жоғарғы сөреге 32, ал төменгі сөреге 28 бұйым қойылған.

3 қабырғада барлығы неше бұйым қойылған?

Жауабы:

1-тәсіл: (32 + 28) ・3 = 180 бұйым.

2-тәсіл: 32 ・ 3 + 28 ・ 3 = 180 бұйым.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Ойлан

Шығармашылық тапсырма

Тура теңдікті беретін сандарды тап:

а) ( + 5) · = 5; ә) (2 + ) · = 2 ;

б) ( 2 + ) • = ; в) ( + ) • = 7 .

Смайликтер арқылы бағалау

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға смайликтер беру арқылы бағалау.

(Ж.) №5 тапсырма

Сана

Шебер 2 қобыз жасады. Егер ол бір қобыздың шегі-

не 70, ал екіншісіне 60 қыл пайдаланса, барлығы неше

қыл пайдаланған?

Жауабы:

(70 + 60) ・ 2 = 260 (қыл).

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

2- слайд

Таратпа парақтар

3-слайд

Таратпа парақтар

4-слайд

Ереже

Таратпа парақтар

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

Кесте

10-слайд

11-слайд

38–40

Рефлексия.

Рефлекция «Жазбаша жауап»

  • Мен бүгін мына ..... мәліметпен таныстым.
  • Маған бүгінгі сабақ ұнады/ұнамады.
  • Мен өздігімнен мына ......орындадым.
  • Мен жанымдағы оқушыға...... көмектестім.
  • Мен мынандай ..... тапсырманы орындауда қиналдым.

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу