28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

№117 сабақ. Тақырыбы:

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алгоритмді айта отырып, жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Алгоритмді айтпай-ақ жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі :

Мынадай жағдайда: 28∙3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Көбейту мен бөлудің жазбаша алгоритмін түсіндіріп бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, алгоритм

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Ауызша көбейтуді (бөлуді) қалай орындауға болады?

Жазбаша көбейтуді (бөлуді) орындауда біз нені

пайдаланамыз?

Көбейтуді қандай разрядтан бастайды?

Бөлуді қандай разрядтан бастайды?

Құндылықтар

Оқушылардың бойында еңбек пен шығармашылық , ашықтық сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

(ЖЖ) «Тізбектегі карта» ойынының мазмұны

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін еске түсір мақсатында жұптық жұмыс жасату. Әр жұпқа бір карта беру. Картаға екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге берілген үш тапсырма жазылады. Оқушыларға парталас көршісімен ақылдаса отырып, тапсырманы орындауды ұсыну. Орындап болған соң, екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тақырыбына үш өрнек құрастырып, алдыңғы партада отырған жұпқа орындауға беру керектігін айту. Алдыңғы партада отырған жұп өз карталарын соңғы партадағы жұпқа беретінін ескерту. Тізбекті осылайша жалғастыру. «Тоқта» сөзі айтылғанда, жұмысты тоқтату қажеттігін хабарлау.

Карта үлгісі

Орындаған оқушылар

№1

№2

№3

Жанас

Айжан

Бағалау

Карталарды жинап алу, келесі сабақта тапсырма нәтижесін хабарлау.

1 слайд

2 - слайд

3 – слайд

4 – слайд

Сабақтың ортасы

(Ұ) Ойлан

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне қатысты әр оқушы бір сұрақ құрастырады. Сұрақтарға өзара жауап береді.қажет болған жағдайда көмек көрсету.

(Ұ) «Қанқыз» ойыны

Ойын шарты: Оқушыларға кесте көрсету. Кестеде 1 – ден 16 – ға дейінгі сандар жазылады. Алдымен мұғалімнің көмегімен қанқыз қоңызын қозғалтамыз, мұғалімнен кейін оқушылар арасынан ойын бастаушысын таңдап аламыз. Ойын әрқашан 6 цифрынан басталады. Ойын бастаушысы қанқыз қоңызының бағытын айтып отырады. Ойынға қатысушылар қанқыздың қозғалысын ойша бақылап отырады. Соңғы бағыт айтылғаннан соң, қанқыз қоңызының нешінші торкөзде тұрғанынын айтады. Ең бірінші және дұрыс айтқан оқушы ойын бастаушы болады. Ойынды күрделендіру мақсатында кестені кестені жауап қойып ойнауға да болады. Оқушылар көздеріне елестету арқылы орындайды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

(ӨЖ) Мүмкін көбейтінді мен бөлінділерді іздеп тап

Оқушылар уақытқа берілген өздік жұмыс жасайды. Үш нұсқаға бөліп. Тапсырма беру.

Бағалау: Тапсырманы орындап болған парталас көршілер өзара бір – бірінің орындаған жұмысын тексереді. Тапсырманың дұрыс жауаптары тақтада көрсетіледі. «Нысананы көзде» әдісі арқылы бағалау. Оқушыларға нысана бейнелі кеспе қағаздар тарату. Парталас көршіснің жасаған жұмысын тексеріп болған соң, нысана бейнелі кеспе қағазды жапсырып, парталас көршісінің тапсырма бойынша жетістігін критерий бойынша белгілейді.

Бағалау критерийі

  • Егер қатесіз орындаса, сарының ішкі шеңбері
  • Егер бір қате жіберсе, сарының сыртқы шеңбері
  • Егер екі қате болса, қызылдың ішкі шеңбері
  • Егер үш қате болса, қызылдың сыртқы шеңбері
  • Егер төрттен көп қате болса, көк шеңбер.

1 – нұсқа 2 – нұсқа

3 – нұсқа

(Т) Есепте

Әрбір сатып алынған заттың құнын жазбаша есептеп тап

Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасайды.

Сатып алынған заттар

Құны (тг)

8 альбом 57 теңгеден

2 қарындаш 24 теңгеден

6 өшіргіш 15 теңгеден

4 дәптер 28 теңгеден

7 қалам 46 теңгеден

5 сызғыш 32 теңгеден

3 түрлі – түсті қағаз 64 теңгеден

Тапсырмаларды орындап болған соң топтар жасаған жұмыстарын жариялайды. Жариялау барысында топтардың әр зат бойынша айтқан жауаптары салыстырылып, дұрыс орындаған топтарға ұпай беріледі. Әрбір дұрыс жауап «5ұпай» болып есептеледі.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

5- слайд

6 – слайд

7 – слайд

8 – слайд

9 – слайд

10 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Оқушылар тақтада жазылып тұрған сөйлемдерді толықтырады. Сөйлемдерді толықтыру бас бармақтан басталады. Сөйлемдерді толықтыру барысында оқушылар бармақтарын кезекпен көрсету қажет.

«Менің алақаным»

  • Мен бүгін ...... түсіндім
  • Мен бүгінгі сабақта .... білдім
  • Мен үшін ең қиыны .......болды
  • Мен .....қызықтырды
  • Мен .....ұсынамын.

Кері санап тұрып сөйлемдерді толықтырады.

11 – слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу