28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

115 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова Адигул

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алгоритмді айта отырып, жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Алгоритмді айтпай-ақ жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі :

Мынадай жағдайда: 28∙3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Көбейту мен бөлудің жазбаша алгоритмін түсіндіріп бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, алгоритм

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Ауызша көбейтуді (бөлуді) қалай орындауға болады?

Жазбаша көбейтуді (бөлуді) орындауда біз нені

пайдаланамыз?

Көбейтуді қандай разрядтан бастайды?

Бөлуді қандай разрядтан бастайды?

Құндылықтар

Оқушылардың бойында еңбек пен шығармашылық , ашықтық сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

246:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Психологиялық дайындық

Сабақтың басы

«Шеңбердегі доп»

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

(Т)Кіріспе тапсырма. (Мағынаны таны)

- Сандарды калай көбейткен

ыңғайлы, қандай тәсіл тиімді? (Баған түрінде жазып көбейту).

Топтық тапсырма

Оқушыларды топқа бөлу. Оқулықта берілген екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап көбейту алгоритмімен танысып, қорытынды жасауды сұрау. Әр топ мүшелерінің түсіндірмелерін тақтаға жаздыру және тыңдау. Оларға қосымша топ мүшелерінің ойын тыңдау,бағыттау, толықтыру және бағалау.

Топтарға үлестірмелі қағаздар тарату.

1-топ. Берілген сандардың арасынан бірлігі ондығынан 2 есе артық санды тап (48). Осы санды 2 есеарттыру.

2-топ Бірлігі оныдғынан екі есе артық санды тап.(24) Осы санды 3 есе арттыр

3-топ Бірлігі оныдғынан үш есе артық санды тап.(39) Осы санды 2 есе арттыр

4-топ Бірлігі ондығынан 6-ға артық санды тап.(28) Осы санды 3 есе арттыр

Жұмыс барысында топтардың жұмыстарын қадағалау, көмектесу, бағыт- бағдар беру.Әр топ мүшелері өз жұмыстарын қоғайды.

Тапсырманы орындай алдыңдар

ма? Сендерге қай жерде қиын болды?

(Разрядтан аттап көбейтуді өздері меңгеруіне жол ашып,бақылау жасау. Жетекші сұрақтар қоя отырып қателерін түзетіп бағыттау)

Бағалау: топтар бір-бірін өзара бағалайды.

3 слайд

4 слайд

Сандар жазылған кеспе қағазадар.

Ламинатталған А3 парағы. Маркер .

Сабақтың ортасы

(ЖЖ) Кесте бойынша жұмыс.

Дүкенші ойыны Оқушылар кестемен жұмыс жасай отырып көбейту және бөлу амалдарын дәптерге жазып орындайды. Олар мысалдарды кезекпен түсіндіріп шығарады. Көбейту, бөлу алгоритмі бойынша жұмыс жасауды ұсыну. Жұптық жұмыс барысын бақылау: оқушыларды бақылау. қандай тәсілмен шығарады. Түсінбеген оқушыларға көмектесу. Екі оқушы рөлдік ойын ойнайды. (Бала дүкенге келіп заттар сатып алады. Шығарған мысалдарын пайдалана отырып, өз рөлін жоғары дәрежеде көрсету керек.)

Жұлдызшалар арқылы бағалау

Сергіту сәті Қара жорға биін билеу.

ӨЖ) Сәйкестендір. Бұл тапсырманы көбейту бөлу амалдарын есептеу, әрі жылдамдықты қажет ететінін ескерту, Ұлдарға көк парақшаға жазылғанын, ал қыздырғы қызыл парақшаға жазылғанын мысалды сәйкестендіруге беру. Оқушылар өзін-өзі бағалау үшін тақтадан дұрыс жауабын көру.

Бағалау:Ауызша бағалау Жарайсың! Жақсы! Талпын!

(ӨЖ) Ойлан, есепте, шығар!

Бұл тапсырмада сандарды түстеріне қарай тауып, көбейту амалын орындап, нәтижесін бос ұяшыққа жазады. Тапсырма баланың зейінін шоғырландырумен қоса, ондық аттап қосу дағдыларын жетілдіре түседі.

Бағалау:Оқушылар жұпта жұмыстарын алмасып тексеріп,бағалайды.

(ЖЖ) Бос торкөздердң толтыр. Оқушылар тапсырмаларды кезекпен түсіндіре отырып орындайды. Жұптағы жұмысты бақылап, түсінбеген оқушыларға көмектесу. Бірнеше оқушының орындаған жұмысын тексеріп, қатесін түзетуге бағыттау. Тапсырманың екінші бөлігін сынып болып орындау. Оқушылардың дұрыс пайымдауын бақылау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

(Ұ)Шығарып көр. Оқушыларға сынып болып есептің сөзін құрастыру, шартын талдап , есептің сұрағын қоюды ұсыну. Есепті өз бетінше шығару.

Ойлан. Тапсырманы өз бетінше орындауға уақыт

беру. Оқушыларға тапсырманы мұқият оқуға,ойлануға, түсінбеген жерін сұрау арқылы есепті шығарады. Тапсырманы орындау барысын

бақылау, оқушыларға қолдау көрсету.

Бағалау: Шапалақтау арқылы бағалау

(ӨЖ) Есепте. Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды. Өткен сабақта қайталай отырып ойларын жинақтауға бағытталған.

Бағалау: Смаликтер арқылы бағалау

5-6 слайд

Затқа төленген ақша

Саны

Бір заттың бағасы

842

2

3

223

484

4

3

132

5 слайд

8 слайд

Қызыл және көк парақшаларға жазылған сандар, амалдар

9 слайд

10-11 слайд

12-13 слайд

14-15 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Шаршылар»

 Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу