23∙2 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 111 сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

23∙2 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

Сабақ мақсаты:

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Оқушылардың барлығы :

23∙2 жағдайында екітаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Оқушылардыңкөпшілігі:

23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді алгоритммен сәйкестендіруді түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі :

23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсінеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бағанға жазу ыңғайлы.

Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады.

Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Фигуралардың орналасуының өзгерісін бейнелеу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Т) Кіріспе тапсырма Сабақта кіріспе тапсырманы топтық жұмыста ұйымдастырудан бастау. Египеттегі Хеопс пирамидасының суретін көрсету. Сұрақтар арқылы не білетінін анықтаңыз. Оқушыларға қиып дайындаған геометриялық фигураладың жиынтығын тарату. Топтарға мысалды шығара отырып, жолақшаларды өз ретімен орналастырту, пирамида құрастыруды тапсыру.Жолақтардан дұрыс құрастылуы керек екендігі ескерту.

Жасалған жұмыстар бойынша сұрақтар қою:

-Пирамида неше бөліктен тұрады?

-Ол неліктен осындай тәртіппен құрылды?

-Тапсырманы орындау кезінде қолданған көбейту тәсілі қалай аталады?

Оқушыларға көбейту мысалының 1-орындалуын түсіндірту. Жақша арқылы орындау үнемі тиімді бола бермейтінін, баған түрінде 2-орындаудың тиімді әрі жылдам болатыны туралы қорытынды жасату.

Бағалау. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. Жұлдызша-5, төртбұрыш – 4,

үшбұрыш-3

3 слайд

4 слайд

5 слайд

Сабақтың ортасы

(Ұ)Түсіндіріп шығар.

Алгоритм бойынша ұжыммен жұмыс жасау.

-Көбейтуді неден бастаймыз?

-Бірінші көбейткішті қалай жазамыз?

-Екінші көбейткішті қалай жазамыз?

-Жауабын қалай табамыз?Сұрақтарына толық жауап алу.Сандарды көбейту үшін сәйкес разрядтарды бірінің астына бірін жазу керек екенін түсіндіру.Жұптық жұмыс барысын бақылау, көбейту алгоритмін қолдануын, мысалдарды дұрыс шығаруларын байқау, қажет жағдайда көмек көрсету.

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалаңыз

(ЖЖ) Шығарып көр.

(Дараға көмектес)

Бұл тапсырманы көбейту алгоритмін есте сақтау үшін жаттығу ретінде орындау. Оқушыларға жұпта кезекпен көбейту алгоритмін түсіндіре отырып, мысалды шығаруды ұсыну. Тапсырманы орындап болған соң, баған түрінде көбейту алгоритмін қайталау.

Бағалау:Тапсырманы дұрыс орындаған жұптарды мадақтауы арқылы бағалау.

(ЖЖ) Өрнек құрастыр. Оқушыларға жұп болып, есептің шартын қағазға сурет түрінде көрсетуді ұсыну. Есептің сұрағын қойып, шешуін жазуды тапсыру. Жауабын жұпта өзара тексеруді ұйымдастыру.

Бағалау: Бірін- бірі бағалау

(ӨЖ)Теңдеуді шеш .

Бұл тапсырманы көбейту алгоритмі туралы түсінікті нығайта түсу үшін жаттығу ретінде орындау. Тапсырманы орындап болған соң, баған түрінде көбейту алгоритмін қайталау.

Бағалау:Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды мадақтауы арқылы бағалау.

(Ұ)Ойлан. Оқушылардан алдымен есептің жауабын ауызша шамалауды сұрау, содан кейін дәптерге жазып шығаруды тапсыру. Оқушыларды тақтаға шығарып, амалдарды орындауды ұсыну. Оқушыларды дұрыс қорытынды жасауға бағыттау.

Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалау.

422 – А

323 – Й

432 – Б

24- А

6-8 слайд

9-10 слайд

А3 форматы

11-12 слайд

13-14 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Сен маған, мен саған» стратегиясы арқылы орындалады. Оқушылар бір –бірлеріне өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, бір-бірлерін бағалайды.

Қосымша мағлұматтар

Жазбаша көбейтуді х таңбасын алғаш 1631 жылы ағылшын математигі Вильям Оутред енгізген.1698 жылы көрнекті неміс математигі Готфрид Лейбниц көбейту белгісі ретінде нүктені енгізген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу