Есептерді шешуде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А бөлімі «Өрнектер.Қозғалысқа есептер» | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы | |||||
Күні: 2-тоқсан | Мұғалімніңаты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Есептерді шешуде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық. | |||||
Оқу мақсаттары | 4.5.1.2** есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық | |||||
Сабақ мақсаттары | Есепті сызба түрінде модельдеуге және жылдамдық, уақыт, арақашықтық арасындағы тәуелділікті пайдалануға үйрету. | |||||
Бағалау критерийлері. |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Жылдамдық, уақыт, арақашықтық, қозғалыс, қарсы қозғалыс, қарама-қарсы қозғалыс, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, дүниетану. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1-ші тоқсанда өткенді қайталау | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-10 минут
| (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу. (Ұ)Үй жұмысын тексеру: 19-беттегі 4-тапсырманың орындалуын тексеру. Мақсаты:Өткен сабақта үйге берілген үй жұмысының орындалуын тексеру. Мотивациялық-қызығушылық кезеңі Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттыру. Көлік түрлері суреттеріне назар аударылады. Оқушылар ортақ қасиетін анықтап, суреттердің сабаққа қандай қатысы бар екенін айтады.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Оқушылардың ойларын тыңдау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатындарын ескерту. | Слайд | ||||
Сабақ ортасы5-35 минут | «Қайталап, еске түсірейік» айдары (Ө)Математикалық диктант Мақсаты: Қозғалысқа байланысты формулаларды қайталау. Оқушылардың жауаптарының дұрыстығы дайын нұсқа бойынша тексеріледі, бағаланады: әрбір дұрыс фрмула үшін – 1 балл. (Ж,Қ) «Сөйлемдерді аяқта» ойыны Мақсаты:Оқушыларға қозғалыс, уақыт, жылдамдық, арақашықтықтың мағынасын және олардың өзара байланысын түсінуге ықпал жасау. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды.Жұптағы оқушылар кезекпен берілген сөйлемдерді оқып, жауабын табады, сөйлемді аяқтайды. Мүмкін жауаптары:
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады.Мүмкін болатын барлық жағдайлар қарастырылады. (Ұ,Т,Қ)Қозғалыс. Мақсаты:Әртүрлі денелердің жылдамдығын анықтай білу дағдысын дамыту. Тапсырманы 4 адамнан құралған шағын топта орындайды. -Қайсы дене (нысан) белгіленген аралықты тезірек жүріп өтеді? -Неліктен? (Жылдамдығы үлкен дене) -Денелердің бірдей жолды әртүрлі уақытта жүріп өтуі неге байланысты екен? (Оның жылдамдығына байланысты). Барлық топтың жауабын тыңдап, бағалау ұйымдастыру. Жауабы: а) Машина – 60 км/сағ (немесе 50 км/сағ); ит – 10 км/сағ; ұлу – 7 см/мин; адам – 4 км/сағ; тасбақа – 3 м/мин; зымыран – 900 км/сағ; сілеусін – 100 км/сағ (немесе 90 км/сағ); пойыз – 90 км/сағ (немесе 100 км/сағ); түйеқұс – 50 км/сағ (немесе 60 км/сағ). (Ж,Қ) Пайымда. Тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға беру. Бір мысал келтіріп түсіндіру: «Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен қозғалады десек оны басқаша былай айтуға болады: велосипедші 1 сағатта 12 км жол жүреді».
Оқулықтағы сөйлемдерді талдап, жауабын жазуға уақыт беріледі. Соңында тақтадан/экраннан дұрыс жауап нұсқасын көрсетіп, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі. Жауабы: а) пингвин 1 сағатта 25 км жүзеді; ә) жүк машинасы 1 сағатта 90 км жол жүреді; б) зымыран 1 секундта 8 км ұшады; в) жаяу адам 1 сағатта 4 км жол жүреді. (Ұ,Қ)Шығарып көр. Мақсаты:Жылдамдықты табуға арналған есептерді шығаруға машықтандыру.
Оқушылармен талқылау ұйымдастыру -Барлық жолдың ұзындығы қандай? (630 км) -42 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен жолдың үштен бір бөлігінің ұзындығын қалай табуға болады? (630: 3 = 210 км). -Осы жолға пойыз қанша уақыт жұмсаған? (210: 42 = 5 сағ). -Қалған жолдың ұзындығы қандай? (630–210 = 420 км). -Кешікпес үшін пойыз осы жолды неше сағатта жүріп өтуі керек? (12–5 = 7 сағ). -Демек, 420 километрді 7 сағатта жүріп өтуі үшін пойыздың жылдамдығы қандай болуы тиіс? (420: 7 = 60 км/сағ) Жауабы: 60 км/сағ. | Презентация Қима қағаздар Оқулық, кеспеқағаздар, сызбалар. | ||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Сабақтың рефлексиясы: -Сабақтың тақырыбы қандай болды? -Қандай ұғымдармен жұмыс жасадық? -Не қызықты болды? -Қандай тапсырма қиындық туғызды? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Бағалау:«Кім жылдам?» Оқушылар өздері таңдап алған, бүгінгі сабақта көрсетілген әуе транспорты арқылы қаншалықты сабақта белсенді болғандарын немесе сабақтың қаншалықты түсінікті және қызықты болғанын анықтайды. Мысалы:
Үй тапсырмасы: Жұмыс дәптері, 1-бөлім:73-бет. | Көліктердің кеспеқағазда ры | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату. | Оқушылардың есепті шығара алуын, өлшем бірліктерін түрлендіре алуын бағалаймын. | Сергіту сәті Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?