Жыл .Ғасыр. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Уақыт № 158 сабақ. | Мектеп: 7 | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А. | |||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Тақырыбы: | Жыл .Ғасыр | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт өлшем бірліктері,секунд,минут,сағат,тәулік,ғасыр шамаларын түсіну | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Миға шабуыл. Өткен тақырыптарға байланысты бес минуттық тест. 1- тапсырма. (Т.Ж) Топпен ойын ұйымдастыру. Әр топқа уақыт өлшем бірліктері жазылған жолақшалар керек болады.Ойын (Бастау) деген жазудан басталады. Әрі қарай ойын уақыттың өлшем бірліктеріне сай жалғасады,мысалы,60 минут 1 сағатпен сәйкес келеді. «Мәре» деген жазумен аяқталады.Ойынның соңында оқушылар назарын жаңа өлшем бірлік көрсетілген жолаққа аудару. Ғасыр-ұзаққа созылатын уақыттың өлшем бірлігі болып табылатынын және халықта оны 100 жүз жылдық деп атайтынын түсіндіру. «Ғасырды неше жыл құрайды? (100 жыл) 21 ғасырда неше жыл бар?(2100жыл)» Тақтаға сәуле сызып:сәуледегі нөл уақыттың алғашқы санау нүктесі.Әрине,оған дейін де көп уақыт өтті,бірақ бұл нүктеден бірінші ғасырдың саналуы басталады».Сәулеге 22 бөлікті белгілетіп,сұрақ қою: «Бірінші бөлікке дейін нешінші ғасыр болды?(1ғасыр) Оған кіретін жылдарды ата (1,2,3,4,...99) 2001 жылдың 1 қаңтарында қай ғасыр басталды? (21ғасыр) Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалау. Жауап ұнаса содан кейін қол шапалақтау. | 3 слайд 4-6 слайд Уақыт өлшем бірліктері жазылған жолақшалар | ||||||||||
2-тапсырма Өз отбасым туралы. (Д.Ж) Оқушыларға жеке- жеке сәуле сызығы бойынша өз отбасы мүшелерінің туған күндерін анықтауды ұсыну. Кейін оларға өздері туралы көршілеріне айтуды және сәуледе өздерінің туған күндерін белгілеуді ұсыну. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау 3- тапсырма Жануарлар мен өсімдіктедің қанша ғасыр өмір сүретінін айт? (Т.Ж) Алдымен әр топ қағаз бетінде жауаптарды жазады.Кейін нәтижелерін басқа топтарға жібереді.Топтар смайлик арқылы бағалап жібереді. Тапсырма: Жөке ағашы-800 жыл Емен- 1000 жыл Қылқан жапырақ ағаш- 3500 жыл Тоты құс- 135 жыл Тасбақа – 135 жыл Қызыл кірпі-200 жыл Мұхит ұлуы – 400 жыл Бағалау. Топтардың бір-бірін смайлик арқылы бағалауы. 4- тапсырма Уақытты болжап көр? (Ж.Ж) Оқушылардың назарын фотосуретке аударып, бұрынғы және қазіргі уақытты салыстыра отырып, ерекшеліктерін ай.Оқушылар ғасырлардың ауысуы-өте ұзақ уақытқа созылатынын,бұл уақытта көп дүниенің өзгеруі мүмкін екенін түсіне алады. Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалау. Жауап ұнаса қол соғу. 5- тапсырма Сен білесің бе? (Ж.Ж). Көрсетілген деректерді пайдалана отырып, қай ғасырда жүзеге асқанын табады. 1.Ы.Алтынсарин 1864 жылы- ... ғсырда ең алғаш қазақ мектебін ашты. 2.Қазақстандағы ең алғашқы темір жол 1905 жылы - .... ғасырда салынды. 3. Қожа Ахмет Яссауи кеенесінің құрылысы 1397 жылы - .... ғасырды басталды. 4. Тараз қаласа туралы ең алғаш 568 жылы - ... ғасырда айтылған болатын. 5. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- ... ғасырда аталып өтті. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет» мадақтау сөздері арқылы бағалау. Сергіту сәті.«Балық, құс, аң» Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. 6- тапсырма (ДЖ) Ойлан! Керей хан қазақ хандығының билігінде 1466-1473 жыл аралығында, Жәнібек хан 1628-1643 жыл аралығында билік жүргізген.Олар қай ғасырды билік жүргізді? Қайсысы ұзағырақ билік жүргізді? Шапалақтау арқылы бағалау. Қай жауап ұнаса содан кейін қол соғу. 7- тапсырма Шығарып көр (Ұ.Ж) Тапсырмалардың әрқайсысын шығару үшін нені білу қажет екенін сұрау,талдату. 1)Әжесі немересінің үйінде 1 жыл 2 ай қонақ болды. Оның төрт айын немересінің отбасымен бірге қала сыртындағы үйде өткізді. Сонда әжесі қалада пәтерде неше ай қонақ болды? Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау. 8- тапсырма Бес сөйлем. (Т.Ж). Суреттерді пайдалана отырып, бүгінгі сабаққа қатысты бес сөйлем жазу. Жұмыс топта орындалады. Топтардың жаазған сөйлемдері оқылады. Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау | 6 слайд Сәуле сызығы жазылған қағаздар 7-8 слайд 9- слайд 10-11 слайд 12- слайд 13-15 слайд 16-17 слайд 18 слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс Оқушылардың жұптарына уақыт шамаларын үлкенінен бастап жазып,кесте құрып жазуын ұсыну. | 19 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?