Жыл .Ғасыр. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Математика 3- сынып
Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: Жыл .Ғасыр
Оқу мақсаты: 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;
Оқушылардың көпшілігі: Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі
Ресурстар: Уақыт өлшем бірліктері жазылған жолақшалар, сәуле сызығы жазы лған қағаздар, көрсетілім.
Сабаққа қажетті қосымша деректер:
Ғасыр (жүзжылдық) – 100 жылға тең уақытты білдіретін өлшем бірлік. Ғасыр жылды кһрсететін сандағы жүздіктің санына тең. Мысалы, 2018 жылда жүздіңтің саны -20. Олай болса 20 ғасыр өтті.Қазір 21 ғасыр Қазір XXI немесе 21 жүзжылдық. Бірінші ғасыр 1 жылдың 1 қаңтарынан басталып, 100 жылдық 31 желтоқсанында аяқталды. Екінші ғасыр 101 жылы басталды. Ғасырлардың нөмірлері рим цифрымен жазылады.Мысалы, 20- ғасыр-ХХІ, 21-ғасыр- ХХІ ғасыр.
Жөке ағашы – жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді.
Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады.
Қылқан жапырақтылар— сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы— қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы— арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Мамыр—шілдеде гүлдеп, шілде—тамызда жеміс береді.
Жәнібек хан, Жәнібек Әбусаид (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы,. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады.
Саблақты миға шабуыл тапсырмасымен бастаңыз. Оқушыларды жинақтап, өткен тақырыптарға байланысты бес минуттық тест өткізіңіз.
1- тапсырма.
(Т.Ж) Топпен ойын ұйымдастырыңыз. Әр топқа уақыт өлшем бірліктері жазылған жолақшалар керек болады. Ойынды (Бастау) деген жазудан бастатыңыз. Әрі қарай ойын уақыттың өлшем бірліктеріне сай жалғасады,мысалы,60 минут 1 сағатпен сәйкес келеді. «Мәре» деген жазумен аяқталатынын ескертіңіз. Ойынның соңында оқушылар назарын жаңа өлшем бірлік көрсетілген жолаққа аудартыңз, өз білетіндерін ортаға салдырыңыз, талдаңтыңыз, бағыттаңыз.
Ғасыр-ұзаққа созылатын уақыттың өлшем бірлігі болып табылатынын және халықта оны 100 жүз жылдық деп атайтынын түсіндіру. «Ғасырды неше жыл құрайды? (100 жыл) 21 ғасырда неше жыл бар?(2100жыл)» Тақтаға сәуле сызып:сәуледегі нөл уақыттың алғашқы санау нүктесі.Әрине,оған дейін де көп уақыт өтті,бірақ бұл нүктеден бірінші ғасырдың саналуы басталады».Сәулеге 22 бөлікті белгілетіп,сұрақ қою: «Бірінші бөлікке дейін нешінші ғасыр болды?(1ғасыр) Оған кіретін жылдарды ата (1,2,3,4,...99) 2001 жылдың 1 қаңтарында қай ғасыр басталды? (21ғасыр)
2-тапсырма Өз отбасы туралы.
(Д.Ж) Оқушыларға жеке- жеке сәуле сызығы бойынша өз отбасы мүшелерінің туған күндерін анықтауды ұсыныңыз. Кейін оларға өздері туралы көршілеріне айтуды және сәуледе өздерінің туған күндерін белгілеуді ұсыныңыз. Бірнеше оқушының жұмысын ұжымда талдаңыз.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
3- тапсырма Жануарлар мен өсімдіктедің қанша ғасыр өмір сүретінін айт?
(Т.Ж) Алдымен жануарлар мен өсімдіктердің суретін көрсетіп шағын әңгіме ұйымдастырыңыз. Кейіннен әр топқа қағаз бетінде жауаптарды жазуды тапсырыңыз. Кейін нәтижелерін басқа топтарға жібереді.Топтар смайлик арқылы бағалап жібереді.
Соңғы қорытындыны өзіңіз жасаңыз. Тапсырманы топтардың бір-бірін смайлик арқылы бағалауын ұсыныңыз
Тапсырма:
Жөке ағашы-800 жыл
Емен- 1000 жыл
Қылқан жапырақ ағаш- 3500 жыл
Тоты құс- 135 жыл
Тасбақа – 135 жыл
Қызыл кірпі-200 жыл
Мұхит ұлуы – 400 жыл
4- тапсырма Уақытты болжап көр?
(Ж.Ж) Оқушылардың назарын фотосуретке аударып, бұрынғы және қазіргі уақытты салыстыра отырып, ерекшеліктерін айтқызыңыз. Оқушылар ғасырлардың ауысуы-өте ұзақ уақытқа созылатынын,бұл уақытта көп дүниенің өзгеруі мүмкін екенін түсіне алуына жол ашыңыз.
Тапсырманы қол шапалақтау арқылы бағалатыңыз.
5- тапсырма Сен білесің бе?
(Ж.Ж). Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырыңыз.
Көрсетілген деректерді пайдалана отырып, қай ғасырда жүзеге асқанын таптырыңыз.
1.Ы.Алтынсарин 1864 жылы- ... ғсырда ең алғаш қазақ мектебін ашты.
2.Қазақстандағы ең алғашқы темір жол 1905 жылы - .... ғасырда салынды.
3. Қожа Ахмет Яссауи кеенесінің құрылысы 1397 жылы - .... ғасырды басталды.
4. Тараз қаласа туралы ең алғаш 568 жылы - ... ғасырда айтылған болатын.
5. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- ... ғасырда аталып өтті.
Бірнеше оқушылардың жұмыстарн тексеріп, сөздік бағалау жасаңыз. «
Сергіту сәтінде «Балық, құс, аң» ойынын ұйымдастырыңыз
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
6- тапсырма (ДЖ) Ойлан!
Керей хан қазақ хандығының билігінде 1466-1473 жыл аралығында, Жәнібек хан 1628-1643 жыл аралығында билік жүргізген.Олар қай ғасырды билік жүргізді? Қайсысы ұзағырақ билік жүргізді? Тапсырманы жеке орындауға беріңіз. Жауабын көршісімен ауысып тексеріңіз. Шапалақтау арқылы бағалаңыз
7- тапсырма Шығарып көр
(Ұ.Ж) Тапсырмалардың әрқайсысын шығару үшін нені білу қажет екенін сұраңыз,талдатыңыз, есепті шығартыңыз.
Тапсырма: Әжесі немересінің үйінде 1 жыл 2 ай қонақ болды. Оның төрт айын немересінің отбасымен бірге қала сыртындағы үйде өткізді. Сонда әжесі қалада пәтерде неше ай қонақ болды? Сөздік бағалау жүргізіңіз. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
8- тапсырма Бес сөйлем.
(Т.Ж). Суреттерді пайдалана отырып, бүгінгі сабаққа қатысты бес сөйлем жазуды ұсыныңыз. Жұмысты топта орындатыңыз. Сөйлемдердің бүгінгі тақырыптың мазмұнын толық ашу керек екенін ескертіңіз. Топтардың жазған сөйлемдері оқытыңыз.
Бағдаршам арқылы бағалаңыз.
Кері байланыс
Оқушылардың жұптарына уақыт шамаларын үлкенінен бастап жазып,кесте құрып жазуын ұсыныңыз.
Сабақ соңында рефлексия жасаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?