Тапсырмаларды шығарудың әртүрлі әдістер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Математика 3- сынып

Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлімі: Жиындар.Пікірлер.

Тақырыбы: Тапсырмаларды шығарудың әртүрлі әдістері

Оқу мақсаты: «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу,күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.Кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару.

Деректерді жинақтау,жүйелеу және диаграммалар мен пиктограммалар қолданып салыстыруды жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады: Тапсырмаларды әртүрлі әдістермен шығара алады.

Оқушылардың көпшілігі: Логикалық тапсырмалардыкестелер сызу,графтар,диаграммалар құру,талдау ағашын салу арқылы шығаруға болады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Ресурстар :Интербелсенді тақта, тапсырмалары бар таратпа қағаздар, қайшы желім, түрлі- түсті қағаздар.

Сабаққа қажетті деректер: Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі.

Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су басып жатырл Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді.

 Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап отырған.

Сабақты жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастаңыз.

«Мен ешқашан...»

Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын сөйлем айту керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын». Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске жетеді.

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж).

Оқушыларға үйде логикалық есептер ойлап келуге тапсырма берілген. Оқушылардың дайындаған логикалық есептерін тыңдау, шешімін табу. (Әр түрлі қызықты тапсырмалар болуы мүмкін)

Бағалау: «Отшашу» әдісі арылы бағалаңыз.

1- тапсырма. «Мұхиттарға саяхат»(Т.Ж) Ең алдымен оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліңіз.

Оқушылармен мұхиттар туралы не білетінін сұраңыз. (оқушлар өздері білетін мәліметтерді, түрлі деректерді ортаға салады) Мәліметтерді толықтырыңыз.

Берілген тапсырма ақпаратты пайдалана отырып диаграмманы, кестені қолдануға салыстыруға бағытталған тапсырма беріңіз. Берілген ақпаратты 1- топ кесте, 2- топ диаграмма, 3- топ диаграмма түрінде көрсетуге тапсырма беру. Тапсырма орынадалған соң топ жетекшісі топтарға барып өзінің жұмыстарын баяндап, дәлелдеп береді. Жұмыс барысында толықтырыңыз, бағыттаңыз.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалаңыз.

2- тапсыра «Диаграмма құрастырайық»

(Ж.Ж).Оқушыларға тапсырманы оқып,берілген тапсырманы қандай тәсілмен орындау ыңғайлы болатынын сұраңыз.Тапсырманы орындау үшін әр жұпқа қағаздарды таратыңыз.Алғашқы әріптерді қолдана отырып, кезекпен атауларын белгілеуді сұраңыз. Оқушылар қай қарынддаш ең ұзын және қай қарындаш ең қысқа екендігін анықтағаннан кейін,өз таңдауы бойынша диаграмма құруды тапсырыңыз .Олардан диаграмманың қандай түрлері белгілі екендігі сұралады.Бірнеше жұптаың диаграммаларын тақтаға жауаптарын салыстыру үшін іліңіз. Жұптардың жұмыстарын бағалауды сұраңыз.

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалаңыз.

Сергіту сәті: «Алдар көсе» киносының әуенімен билеу.

3-тапсырма Шығарып көр. (Ө.Ж)

Нанның үстіне колбаса,сыр, қызанақта қандай тәсілдермен қоюға болады. Барлық тәсілдерді қарастырып көруді тапсырыңз. Жеке оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Қалып қойған тәсілдерді өздеріне толықтыруды сұраңыз, өзіңіз толықтырыңыз.

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері арқылы бағалаңыз.

4- тапсырма «Бақшада» ойыны.

(Ж.Ж) Ойланып көр.

Айнұрда алма бар,Айжанда алмұрт бар, анар, құлпынай бар.Мерейде алмұрт және алма,Асанда осы айтылған жемістердің бәрі бар. Берікте қарбыз және құлпынай бар. Егер олар себетке әр тұрлі жеміс салатын болса, себетке кім қандай жеміс салады?

Тапсырманы орындаудың түрлі жолдарының біреуін таңдауды сұраңыз. Жұмыс барысында бағыттаңыз, толықтырыңыз.

Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалаңыз

5- тапсырма Орындап көр (ДЖ)

Әжей күн сайын ботқа пісіреді және демалыс күндері бәліш пісіреді.

Дүйс.

Сейс.

Сәрс.

Бейс.

Жұма

Сенбі

Жекс.

тары

гречка

күріш

гречка

тары

гречка

бәліш

160г

180г

120г

180г

160г

180 г

800г

Әжей дүйсенбі күні әрқайссынан 1 кг дақылдар және тары сатып алды. Диаграммада алынған заттардық қалай жұмсалатыны көрсетілген. Сен 1)диаграммаға күн сайын жұмсалатынын, 2)қалғанын көрсетіп жазуды тапсырыңыз.Бірнеше оқушылардың диаграммаларын ортаға салыңыз.

Өзара бағалау

Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты»

Бұл рефлексияны жазбаша орындатыңыз. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты

Сабақ соңында оқушылардың кері баланысын пайдалана отырып сабаққа рефлекия жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
Пікір жазу