Жауабын шамалау.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару әдістері

№ 140 сабақ. Тақырыбы:

Жауабын шамалау.Есеп шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.6 есеп жауабын алдын ала болжау,нәтиженің құрама есеп шартына сәйкестігіне түсіндірме келтіру.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:Көбейту және бөлу амалдарын шамалап орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Есеп жауабын алдын –ала болжайды,нәтиженің құрама есеп шартына сәйкестігіне түсіндірме келтіреді.

Оқушылардың кейбіреулері:

2-3 амалмен орындалатын есепті модельдейді.

Ғылыми тіл

Оқушылар санды өрнектің компоненттерін жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстырады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Көбейту нәтижесін қалай шамалауға болады?

Бөлу нәтижесін қалай шамалауға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар мен олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Қиын, әрі қызықты,

Математика болатын.

Кіріспе тапсырма

«Допты лақтыру»

(Ұ.Ж) Оқушыларға доп лақтырып сұрақ қою. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл ойын арқылы оқушылар шамалап жауап беру туралы алған білімдерін қайталайды.

Мысалы: 125+236400 548-239300

Сөздік бағалау жүргізу «Тамаша!», «Керемет!», «Жарайсың!» т.с.с.

Слайд№ 2

Слайд №3

Сабақтың ортасы

Сонымен қатар,сандарды көбейту мен бөлу нәтижелерін шамалауға болады.

*Көбейту амалының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1) санды өрнектің компоненттерін жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету.

Мысалы: 27 ∙ 6 ≈ 30 ∙ 6 = 180

Көбейтуді шамалап орында

Бірінші көбейткішті дөңгелектеп, жауабын шамала:

29 ∙ 8 152 ∙ 3 32 ∙ 6 65 ∙ 5

18 ∙ 9 46 ∙ 7 294 ∙ 3 39 ∙ 7

«Смайлик» арқылы бағалау

*Бөлу амалының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1) санды өрнектің компоненттерін бөлуге ыңғайлы болатын жуық мәнді

дөңгелек санмен ауыстыру;

2) шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету.

Мысалы: 512 : 4 ≈ 520 : 4 = 130

Бөлуді шамалап орында

Бөлінгішті бөлуге ыңғайлы дөңгелек санмен ауыстырып, жауабын шамала:

585 : 3 695 : 5 471 : 3 628 : 4 492 : 2 848 : 8

«Смайлик» арқылы бағалау

Қатесін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Орындап болған соң, жұптар дәптерлерін ауыстырады. Бір-бірінің дәптерін тексереді.

Тапсырма:

427+183 684+157 876-153 723 853-371480

346·2 294·3 514:2 256 894:3

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Слайд№4

Слайд№5,6

Слайд№7,8

Слайд№9,10

Сүт

(Ж.Ж)Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар тапсырманың шығару жолын жұпта талқылап, жазады.Жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырып, тексереді. Кейбір жұптардан тапсырманы қалай орындағанын және есептің сұрағына қалай жауап беруге болатынын сұрау. Нәтижесін шамалауды неше рет орындау керек болады?

Тапсырма: Жауабын шамала

Бір бедонда 9 литр, ал екіншісіне 18 литр сүт қалды. Ал әр бала 200 грамм сүт ішетін болса, 65 балаға қалған сүт жетеді ме?

«Смайлик» арқылы бағалау

Ойлан, шығар

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Есептің шартын топта талдау және оның мәнін шамлап есептеу.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, жауабын тақтада көрсетіп, түсіндіру.

Қалған оқушылар шамалаудың дұрыс есептелгенін салыстыра отырып тексереді. Оған анық көз жеткізу үшін өрнектің дәл мәнін есептеп,

нәтижелерін салыстыру. Қай зат артық

Тапсырма:

Егер қайық 200 кг артық салмақты көтермейтін болса, өзеннің келесі бетіне өту үшін 45кг-нан екі қап картоп, 50 кг ұн және 24 кг пиязды қайықшы келесі бетке жеткізе алады ма? Егер қайықшының салмағы 62 кг болса. Жауабын шамалап көр.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Ойлан, тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Орындап болған соң, жұбымен дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір –бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

Бір жейде тігу үшін 2 метр мата кетеді. 53 метр матадан 26 жейде тігу мүмкін бе?

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Слайд № 11

Слайд №12

Слайд №13

Слайд №14

Слайд№15,

16

Сабақтың соңы

Рефлексия СМС әдісі арқылы жүргізу

Не үйрендік?

  • Көбейтудің нәтижесін қалай шамалауға болады?
  • Бөлу нәтижесін шамалаудың қандай ерекшелігі бар?

Қағаздан жасалған ұялы телефонға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын мұғалімге СМС арқылы жібереді.

слайд№ 17



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу