Ғимараттарды неден құрастырады? Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


66-сабақ. 10-ға, 100 санына көбейту мен бөлу

Тақырып: Ғимараттарды неден құрастырады?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Қылышбаева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

10 мен 100 санына көбейту мен бөлу

Бірқатар оқушылар үшін:

10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру

Кейбір оқушылар үшін:

100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

Көбейту мен бөлу тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

10, 100 сандарын қалай санға көбейтуге (бөлуге) болады.

Жазу:

Өрнектер.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу кестесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Белсендіру. (Т.ж)

Бұрынғы кезде және қазіргі заманда ғимараттардың неден салынғанын білу үшін №1 тапсырманы шығарып, ғимараттардың қандай құрылыс материалдарынан салынғанын анықтау.

Ынталандыру. (Ұ.ж)

Тақтаға сандар жазылған кеспе қағаздар ілінеді.

Оларды оқу:

30, 27, 42, 36, 33, 39, 24

– Сандық қатарды кему тәртібі бойынша орналастырыңдар;

(42, 39, 36, 33, 30, 27, 24)

– Нені байқадыңдар? (Сандар 3-ке азаяды)

– Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

(Жұп және тақ)

– 3 пен 9 санына бір мезгілде еселенетін санды табыңдар.

(27)

–27 санына мінездеме. (26– алдыңғы, 28– кейінгісі, екі саннан құралған – 2 мен 7). 20 мен 7 саны разрядтық қосылғыштар қосындысы болатын санды болжауға болады. Бұл санда: 2 ондық және 7 бірлік немесе 27 бірлік.

– 27 санын әртүрлі өлшем бірлікте көрсетіңдер. (27 см, 2 дм 7 см. )

– Сандық қатарда қандай сан артық болады және не үшін? (30 – толық ондық немесе дөңгелек сан)

– Толық ондық (дөңгелек) сөзін түсіндір.

(0-ге аяқталатын сандар)

– Толық ондықтан тұратын ең кішкентай санды ата (дөңгелек екітаңбалы сан 10), үштаңбалы сан (100).

Ғимараттар суреті

4–6

– Тақтада сан жазылған. Оларды оқыңыздар:

30, 27, 42, 36, 33, 39, 24

4-слайд

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят).

Көбейту, бөлу амалдарын қалай тексереміз?

Қандай қорытынды шығаруға болады? (Бөлу – көбейтуге кері амал.)

Біз кестелік жағдайдағыкөбейту мен бөлу амалдарын білеміз. Ал енді тапсырма орындап көрейік.

Тақта.

12–29

Жаңаны ашу.

Мұғалім сыныпты топтарға бөліп, мына тапсырманы береді.

Қиындықтардың себебін анықтау.

Кімде жауап жоқ? Кімде жауап бар? Қандай жауап? Тақтаға жауаптар жазылады. Егер дұрыс жауап бар болса, олардың арасында дұрыс жауаптың бар екендігін айтады. Дұрыс шығарғандар қандай үлгіні қолданғандарыңды айта аласыңдар ма? Түсіндіріңдер.

Кез келген топ орындалған тапсырмаға дұрыс түсініктеме бере алмауы мүмкін. Мұғалім бұл тәсілді әлі оқымағандықтарын сезінуге жетелейді. 10-ға, 100-ге көбейткенде сандардың қалай өзгергендігін бақылауды сұрайды. Көбейту мен бөлудің өзара байланысы туралы білімдерін пайдалана отырып, 10-ға, 100-ге бөлуге берілген сәйкес теңдіктерді құрастырады.

Ережені құрастырады. 4 · 10=10+10+10+10=40

Көбейту кезінде нәтижені қалай алдыңыздар? (Көбейтуді бөлумен алмастырдық).

Бұл өрнектен не байқадыңдар? (10-ға көбейту кезінде оған оң жағынан бір нөл түседі).

  • Ал егер санды 100-ге көбейтсек ше? (200, 400, 500, 700 шығады)
  • Сабақтың тақырыбын құрастырыңдар (10-ға, 100-ге көбейту және бөлу).

Алғашқы бекіту.

Оқушылар ережені айтады:

Санды 10-ға көбейткенде оның оң жағына бір нөл қосылады.

100-ге көбейткенде, оның оң жағына екі нөл жазылады. Ал 10-ға бөлу кезінде одан бір нөл алынады, 100-ге бөлгенде, екі нөл алынады.

Өздік жұмыс.

4-тапсырманы өз беттерінше орындайды. Үлгі бойынша тексереді.

30-40

Жаңаны қолдану.

Дәптерден немесе оқулықтан осыған ұқсас тапсырмаларды – есептерді құрастыру және шығаруды ұсынады.

Бағалау критерийлері бар дәптерден өзін-өзі тексеру жұмысын жүргізуді ұсынады.

Мен:

  • 10-ға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды;
  • 100-ға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды білемін.

Оқулық

41–45

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу