Ландшафты құрылыс. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
68-сабақ. 1000 көлемінде көбейту және бөлу
Тақырып: Ландшафты құрылыс
Оқу мақсаттары
3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: а4 парақтар, қалам, қарындаш, сигналды карточкалар, үлестірмелі материал
Сабақта пайдаланатын деректі материалдар: «ландшафт» белгілі бір аймақтың жалпы көрінісі,жер бедері
Сабақ барысы:
Ынталандыру
Сабақты «ландшафт» туралы оқушылардың білетіндерін топтастырудан бастаңыз. Кластер құрыңыз
Белсендіру. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру үшін, математикалық диктант жүргізіңіз.
Бұл өрнектердің мәндерін өсу, кему тәртібі бойынша оқытыңыз.
1. 40 4. 44 7. 70
2. 30 5. 39 8. 30
3. 16 6. 8 9. 45
8,16,30,39,40,44,45,70-өсу
70,45,44,40,39,30,16,8-кему
– Ең кіші санды табыңыз? (8) Оның қанша бірлігі бар? (8) Ол тағы қандай сан? Неге?– Ең үлкен санды табыңыз? (70) Онда қанша бірлік бар? Барлығы қанша ондық бар? 45 санын разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсетіңіз.– Разряд арқылы өтпей-ақ 2-ге көбейте алатын, толық екі таңбалы сандарды табыңыз? (40,30,70) Қалай көбейтетініңізді түсіндіріңіз?
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіңіз
3 шапалақ - дұрыс толтырылған болса,
2 шапалақ - қателері болса,
1 шапалақ - дұрыс емес болса.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Оқушылардың білімдерін сынап көру үшін төмендегі тапсырманы алыңыз
60 · 9 =540 5 · 70 =350
9 · 60 = 540 70 · 5 =350
540 : 9 = 60 350 : 5 =70
540 : 60 =9 350 : 70 =5
Қиындықтың орны мен себебін көрсетіңіз.
Балалар мұндай жағдаймен бұрын-соңды кездеспегенін, мұндай мысалдарды орындау ережелерін білмейтінін анықтауға бағыттаңыз.
Бағалауды «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізуін сұраңыз
Жаңаны ашу.
(Т) Топтар бойынша қағаз бетінде тәсілді қалай орындау керектігін әр түсті маркерді қолданып көрсетуін сұраңыз. Өрнектерді салыстыртыңыз
4 · 7 = 28
7 · 4 = 28
28 : 7 = 4
28 : 4 = 7
40 · 7 = 4 онд. · 7 = 28 онд. = 280
7 · 40 = 280
280 : 7 = 40
280 : 40 = 7
Орындау қадамдарын түсіндіріңіз.
Көбейту кестесін қолданып, біртаңбалы санға көбейту және бөлуді орындатыңыз. Жауапты жазғызыңыз.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Осы тәсілге ұқсас тәсілдер түсініктемесі берілген демонстрациялық материал сабақты түсіндіруге.Талқылауды ұсыныңыз
20 · 6 = 2 онд · 6 = 12 онд. = 120
6 · 20 = 6х2 онд=12онд=120
120 : 6 =12 онд.:6 =2онд=20
120 : 20 =12онд.:2 онд =6
Босторкөзді толтыр:
Тапсырманы орындау ұсынылады.
600:100=6 1000:10=100 340:10=34 700:100=7
670:10=67 800:10=80 530:10=53 450:10=45
5х100=500 9х10=90 90х10=900 100х8=800 10х60=60 10х7=70 100х8=800 7х100=700
Қызықты тапсырма: Санды сөзжұмбақ шешкізіңіз.
400м 3т 700м 90а 60и 80т 100а 800е 20а 10к
100*4= 400 М
10*9 =90 А
10*8 =80 Т
100*8 =800 Е
7*100 =700 М
500:5 =100 А
300:100= 3Т
600:10 =60 И
50:5 =10К
10*2 =20 А
Қандай сөз шықты?
-МАТЕМАТИКА
Бағалауды «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіңіз.
Тапсырманы өз беттерінше орындауын ұйымдастырыңыз.
«Бәйге»
Бағалау
Оқушыларға жауаптарды оқып, егер жауап «дұрыс» деп есептесе қолдарын көтереді. Содан соң өз жауаптарын түсіндіруін сұраңыз
Жаңаны қолдану.
Осы тақырыпқа сәйкес есептер құрғызыңыз. Оны шығартыңыз.
Алма-30 кгШие - ?, 2 есе артықБарлығы -?Ш: 30х2=60 (30х2)+30=90 кг 30+60=90 кг Ж: барлығы 90 кг жеміс
Бағалау критерийлері бар дәптерден өзін-өзі тексеруді жүргізуді ұсыныңыз.
Мен:
Толық сандарды ауызша көбейту алгоритмін қолданамын;
Толық сандарды ауызша бөлу алгоритмін қолданамын;
Өрнектің мәнін екі амалмен орындаймын.
Рефлексия.
(БББ) Білемін Білдім Білгім келеді кестесі бойынша кері байланыс жасатыңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?