Уақытты қалай өлшейді? Үлес туралы түсінік. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: Уақытты қалай өлшейді?Үлес туралы түсінік
Оқу мақсаттары: 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
Тірек сөздер:
- үлес
- бөлшек
- жарты,бүтін
Ресурстар:
- сағат суреттері
- алма
- апельсин
- қиылған дөңгелектер
- қарындаш
- оқулық
- торт суреті
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- тең бөлік үлес деп аталады
Сабаққа арналған ескертулер
- Үлестер мен бөлшек туралы түсінік алады.
- Үлеске бөліп, бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді.
Ынталандыру.
Екі оқушыны тақтаға шақырып,бір алма беріңіз..Осы алманы тең бөліп жеу үшін не істеу керек?(Тең екіге бөлу керек).Алманы бөледі. Сұрақтар қойыңыз Неше бөлік шықты?(2)Әрқайсысың неше бөлік жедіңдер?(1)Ал енді бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?Қандай мақсат қоюға болады?(Оқушыларға айтқызыңыз).
Жарты – бұл бүтін санның бөлігі.
Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура келеді.
Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты.
– «Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады?
– «Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты нан.
Осыдан кейін «Апельсин» атты мультфильмді көрсетіңіз.. Көріп болған соң сұрақ қойыңыз.
-Жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер).
– Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік).
– Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен).
- Апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә).
- Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер).
Белсендіру. "Кім зерек?" ойыны
Торттың суретін көрсетіп,осы тортты үш рет кесу арқылы қалай 8-тең бөлікке бөлуге болады деп сұрақ қойыңыз.
Жауабы:
1- қадам: тортты тең ортасынан екі үлеске бөлу.
2 -қадам: : тортты тең төрт үлеске бөлу.
3- қадам:тортты көлденен ортасынан бөлу.Сонда үш рет кесу арқылы 8 бөлікке бөлуге болады.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Оқушыларға сұрақ қойыңыз.Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? (Оқушылардан жауабын сұраңыз)
– Нені үйрену керек?
Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек екенін айтыңыз.
"Кім тапқыр?"логикалық тапсырмасын орындатыңыз.
1.Алманы бөлу.
Бірдей 5 алма берілген. Осы 5 алманы 6 балаға бірдей етіп бөлу керек, бірақ алмалардың ешқайсысы бірдей 6 бөлікке бөлінбеуі керек. Осы шартты пайдаланып , алмаларды қалай бөліп беруге болады?
Жауабы: (Барлығы 5 алма берілген. 2 алманың әрқайсысын бірдей 3 бөлікке бөлсек, барлығы 6 бірдей бөлік аламыз. 6 балаға бірдей бөліп береміз. Қалған 3 алманың әрқайсысын бірдей 2 бөлікке бөлсек, тағы да 6 бірдей бөліктер аламыз.Яғни әр балаға 1 бөліктен береміз. Есеп шартында көрсетілгендей, ешқандай алма бірдей 6 бөлікке бөлінген жоқ.)
Жаңаны ашу.
Жаңаны ашу үшін балаларға тәжірибелік жұмыс орындауды ұсыныңыз. Қолдарына дөңгелек таратып беріңіз,ол қалай аталатынын сұраңыз. Әрі қарай дөңгелекті екіге бүктетіңіз.Бүктемені жазып, аштырыңыз.Қанша бірдей бөлік болғанын сұраңыз.
Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуді тапсырыңыз. Сосын оны ашқызып,
неше бөлік шыққанын сұраңыз.? Бөліктің қалай аталатынын сұраңыз (ширек).
Тағы бүктеуге бола ма деп сұрақ қойып, тағы бүктетіңіз.
Неше бөлік болгандығын айтқызыңыз.
(Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.)
Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланатынын айтыңыз.
Оқулықтағы №1 тапсырманы ұжыммен ауызша орындауға беріңіз, сағаттың макетін көрсетіп, циферблат неше бөлікке бөлікке бөлінгенін айтқызыңыз.
Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтынын ескертіп, математикада үлестерді жазу үлгісін көрсетіңіз.
№2 тапсырманы да ұжыммен орындатыңыз, сағаттың уақытын ататыңыз.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№3 тапсырманы қарауды ұсынып,, бөлшектердің жазылуына баса назар аудартыңыз. Балаларға фигураның қай бөлігі боялғанын айтқызып,, жұппен жұмыс жасатыңыз.
№3 (ә) тапсырмасын өздік жұмысқа берсеңіз болады.
Жаңаны қолдану.
№4 тапсырманы топпен тәжірибелік жұмысқа беріңіз. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады.
№6 тапсырманы ауызша орындатуға ұсыныңыз.
Әрі қарай дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды.
Мен:
- – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;
- – үлестерді оқимын;
- – үлестерді жазамын;
- – үлестерді салыстырамын.
Қайталау.
Тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай беріңіз.
№9 тапсырманы – логикалық жаттығуды орындау
барысында 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтайсыз.
Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға геометриялық фигураларды бөлікке бөлуді топтық жұмыс ретінде орындатуға беріңіз.
Рефлексия.
Сабақ соңында рефлексия жасатыңыз.Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:
- үлестердің жасалуын көрсету
- үлестерді оқу және жазу
- үлестерді салыстыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?