Сынып ұжымы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесі

Оқу мақсаттары: 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.

Сабаққа қажетті ресурстар:слайдтар,кестелер,тапсырмалар

Сабақта қолданатын деректі материалдар:санды 7-ге көбейту кестесі

7·1=7

7·2=14

7·3=21

7·4=28

7·5=35

7·6=42

7·7=49

7·8=56

7·9=63

7·10=70

Ынталандыру.

«Ауыспақ» әдісі.Көбейту мен бөлу өзара қарама-қарсы амалдар екендігін түсіну, компоненттер, осы амалдардың қорытындылар арасындағы тәуелділікті анықтау, көбейту кестесін білу.

Мысалы:Бірінші көбейткіш 6, екінші көбейткіш 8, көбейтіндінің мәні 48 (иә).

Бөлудің компоненттері: бөлінгіш, бөлінгіш, айырма (жоқ).

Бөлінгіш 36, бөлгіш 6, бөліндінің мәні 9 (жоқ).

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өзектендіру.

7 санына көбейту және бөлу кестесін құру.

«Кестені білемін» ойыны ойнатылады. Балалар 2 командаға бөлінеді. Әрбір командадан 9 адамнан шығып, арақашықтықта орналасқан қатарлас екі сапқа тұрады. Әрбір сапта оқушылар ретімен санап, кеуделеріне қағазға жазылған тиісті нөмірді қадап алады. Мұғалім көбейту кестесінен келтірілген қандай да бір санды айтады, мысалы 48 саны. 48 саны – 6 саны мен 8 санының көбейтіндісі, сондықтан әрбір саптан осы нөмірі бар балалар жүгіріп шығуға тиіс.

(Түсінбеген оқушыларға түсіндіру)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Ұ.Ж.1- тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы 7-ден санауды ұсынады.

«Шапалақ» арқылы кері байланыс беру

Жаңаны ашу.

(Ж.Ж)2-тапсырма. Есептемей салыстырады жұбымен талдайды.

3· 7 = 7· 3 3· 7 +24 < 7· 3 +73 (3+6) > 7·3 +6

7 ·7 < 8·7 7· 7 + 20 < 8 +20 (7+2)·3 > 7+2·3

)

І топ.3-а) есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады.

1 жәшік масса - ? кг

Ж. саны – 6 дана

Жалпы масса – 18 кг

Ж:18:6=3 (ж) Ж:1 жәшіктің массасы 3 килограмм

ІІ топ. 3 ә) тапсырмада есептің қысқа жазуын толықтырып, оны шешеді

Алмұрт- 6 кг-нан 7 дана

Алма – 8 кг-нан 6 дана ? кг

Ж:(6·7)+(8·6)=90(кг) Ш:барлығы 90 килограмм жеміс

ІІІ топ. 3 б) қысқаша жазылған есепті толықтырып,шығарады.

Өрік- 9 кг-нан 5 жәшік

Шабдалы – 8 кг-нан 7 жәшік ? кг

Ж:(9·5)+(8·4)=77(кг) Ш:барлығы 77 килограмм жеміс

Ж.Ж.4-тапсырмада оқушылар есепке берілген суретті және кестені қарайды. Алдымен бір тауардың бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын анықтау керек екендігін көрсету маңызды.

Бағасы

Саны

Құны

Бірдей

5 дәптер

40 теңге

8 дәптер

? теңге

- Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?

- Бір дәптердің бағасын қалай білеміз?

- Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап.

-Заттың құнын қалай табамыз?

-Заттың құнын табу үшін заттың бағасын заттың санына көбейтеміз.

5 дәптер – 40 теңге

? дәптер – 56 теңге

Ш:40:5=8 (тг)- 1 дәптердің бағасы

56:8=7 (д)

Ж:56 теңгеге 7 дәптер сатып алады.

(Қиындық келтірген оқушыларға көмектесу)

«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру

Сергіту сәті «Құлпынай теру» ойынын ойнату.(7-ні көбейту бөлу кестесіне байланысты)

Ж.Ж.7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар ұсынылған жағдайлардың қайсысында есептеп шығармай-ақ салыстыруға болатынын қарастырады, себебін түсіндіреді.

Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы

8-тапсырманы орындай отырып, оқушылар өрнектер құрастырып, олардың мәндерін табады.

7·7+5·3=64 8·7-6·4=32

7·9+7·0=63 6·7-9·2=24

9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар өрнектердің сандықтағы мәндерін таңдап алуы қажет.

63-21:7=60 2+5·7=37

48-8:2=44 8:4·7=14

(90-34):7=8 3·3·3=27

(2+5)·7=49 (18+3):7=3

Рефлексия.

«Өзара түсіністік шыңы» Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабақтың, күннің соңында оқушы өзін көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды.

Сабақта балалардың жұмыстарына формаланған бағалау жасалады.

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу