Сынып ұжымы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
33-сабақ. 7 санына көбейту және бөлу кестесі
Тақырыбы: Сынып ұжымы. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | |||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. 3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану. 3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | ||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
0-3 | Ынталандыру. «Ауыспақ» әдісі.Көбейту мен бөлу өзара қарама-қарсы амалдар екендігін түсіну, компоненттер, осы амалдардың қорытындылар арасындағы тәуелділікті анықтау, көбейту кестесін білу. Мысалы:Бірінші көбейткіш 6, екінші көбейткіш 8, көбейтіндінің мәні 48 (иә). Бөлудің компоненттері: бөлінгіш, бөлінгіш, айырма (жоқ). Бөлінгіш 36, бөлгіш 6, бөліндінің мәні 9 (жоқ). «Шапалақ» арқылы бағалау | |||||||||||
4-6 | Өзектендіру. 7 санына көбейту және бөлу кестесін құру. «Кестені білемін» ойыны ойнатылады. Балалар 2 командаға бөлінеді. Әрбір командадан 9 адамнан шығып, арақашықтықта орналасқан қатарлас екі сапқа тұрады. Әрбір сапта оқушылар ретімен санап, кеуделеріне қағазға жазылған тиісті нөмірді қадап алады. Мұғалім көбейту кестесінен келтірілген қандай да бір санды айтады, мысалы 48 саны. 48 саны – 6 саны мен 8 санының көбейтіндісі, сондықтан әрбір саптан осы нөмірі бар балалар жүгіріп шығуға тиіс. (Түсінбеген оқушыларға түсіндіру) Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» | https://bilimland.kz/kk/subject /matematika/3-synyp/7-ge-kobejtu-zhane-bolu-kestesi 1-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған парақтар | ||||||||||
7-11 | Ұ.Ж.1- тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы 7-ден санауды ұсынады. «Шапалақ» арқылы бағалау | Оқулық 2-слайд | ||||||||||
12-29 | Жаңаны ашу. (Ж.Ж)2-тапсырма. Есептемей салыстырады жұбымен талдайды. (Т.Ж) І топ.3-а) тапсырманы орындайды – есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады. ІІ топ. 3 ә) тапсырмада есептің қысқа жазуын толықтырып, оны шешеді ІІІ топ. 3 б) қысқаша жазылған есепті толықтырып,шығарады. Ж.Ж.4-тапсырмада оқушылар есепке берілген суретті және кестені қарайды. Алдымен бір тауардың бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын анықтау керек екендігін көрсету маңызды. - Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін түсіндір? - Бір дәптердің бағасын қалай білеміз? - Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап. «Смайликтер» арқылы бағалау (Қиындық келтірген оқушыларға көмектесу) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Ө.Ж.Алғашқы бекіту үшін балалар оқытушының басшылығымен сурет және 5 және 6-тапсырмада кестелер бойынша есепті құрып, оны шығарады. «Басбармақ» арқылы бағалау Сергіту сәті «Құлпынай теру» ойынын ойнату.(7-ні көбейту бөлу кестесіне байланысты) | Оқулық, 3,4,5 -слайдтар 6-7 слайдтар
8-9- слайдтар | ||||||||||
30-40 | Ж.Ж.7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар ұсынылған жағдайлардың қайсысында есептеп шығармай-ақ салыстыруға болатынын қарастырады, себебін түсіндіреді. Өткенді қолдану 8-тапсырманы орындай отырып, оқушылар өрнектер құрастырып, олардың мәндерін табулары қажет. 9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар өрнектердің сандықтағы мәндерін таңдап алуы қажет. | Оқулық, дәптер. 10-слайд 11-слайд | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. «Өзара түсіністік шыңы» Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы өзін көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды. Сабақта балалардың жұмыстарына формаланған бағалау жасалады. Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?