Сынып ұжымы. Құқықтар мен міндеттер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

31-сабақ. 6 санына көбейту және бөлу кестесі. Жанама сұрақтармен берілген есептер

Оқу мақсаттары: 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару («көп/аз», «есе көп/аз» қатынастарымен байланысты).Бір /екі әрпі бар әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу және ажырату.

Сабаққа қажетті ресурстар: 6-ға көбейту кестесі,суреттер,фигуралар

Сабақта қолданатын деректі материалдар: санды 6 есе арттыру (есе кеміту) деген-санды 6-ға көбейту (бөлу) дегенді білдіреді.

Өзектендіру.

«Жұлдызқұрт» ойыны арқылы 6 саннан аттап санау арқылы 6 санына көбейту кестесімен танысу

«Миға шабуыл»

Тақтаға қараңдар. Сендердің алдарыңда көбейту кестесі, ол 6 · 6 мысалынан басталады.

6 · 6 = □ 6 · 7 = □ 6 · 8 = □ 6 · 9 = □

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? 6 санына көбейту кестесі қалай құрылатынына бақылау жасау.

Ұ.Ж. 1- тапсырма бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу. Сандық сәуле бойынша 6 сан аттап санау.

Ж.Ж.2- тапсырма жұппен орындалады. Әрбір

6 метрден кейін сызғыш жүргізу үшін жалаушалар қойылады, оқушылар 6-дан санауы керек.

- Жазуды не үшін 6⋅6 мысалынан бастауға болады?

Оқушылар 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құрастырады және жазып алады.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Оқушылар 3- есепті оқиды, шешуін қарап шығады.

Есепті шығаруда амалды таңдау кезінде қателеспеу үшін аз немесе көп санды табу керек екенін анықтап алудың маңызы зор...

Ұ.Ж.4-( а) тапсырманы орындай отырып, оқушылар есепті қысқа жазу бойынша ол жанама нысанда болатындай етіп құрады.

Дәурен- 4 мәшина , бұл 2 есе кем

Серік - ? мәшина

Талдау: егер Дәуреннің мәшинесі 2 есе кем болса, онда Серіктің мәшинесі 2 есе артық.

Ш:4 ·2=8 (м) Ж: серікте 8 мәшине бар.

Бұл есептің берілуі жанама сұрақтармен берілген.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Ө.Ж.

5 -практикалық тапсырманы орындау үшін оқушылар осы есептің шартының және шешуінің суретін салуы, есепті жанама түрден үйреншікті түрге түрлендіруі керек.

Түсті қағаз -8 парақ

Ақ қағаз - ? , 4 есе артық

Ш:8·4=32 (ақ түсті қ) Ж.32 ақ түсті қағаз

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

«Көршіңмен кеңес» әдісі

Ж.Ж.6 -тапсырманы орындай отырып,бір-бірін тексереді.

Үшбұрыш -15 бұл 3 есе артық

Шаршы - ?,

(Түсінбеген оқушыларға түсіндіру)«Басбармақ» арқылы бағалау

«Өрнек құр»

Оқушылар 7-есептерге арналған өрнектер құрастырады.

а) 36:6=6 (м)

ә) 8·5=40 (ж)

«Смайликтер» арқылы бағалау

Ө.Ж.8 -тапсырманы берілген өрнектерді оқушылар салыстырады.

6·4*4·6 36:6 * 2·5

«Шапалақ» арқылы бағалау

9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді.

2,4,6,8,10,12,14,16,18,20

3,6,9,12,15,18,21,24,27,30

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу