Ақиқат немесе жалған. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 C тарау «Тізбектерді зерттеу» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Ақиқат немесе жалған | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.1.5 Тұжырымның «ақиқат» не «жалғандығын» анықтау | ||||
Сабақ мақсаттары | Талқылауда ақиқат немесе жалған тұжырымын қолдану. | ||||
Бағалау критерийлері | Тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін дәлелдей алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Түсіндіру, растау, негіздеу, талқылау, көз жеткізу терминдерін қолдану | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұппен жұмыс кезінде өзара көмекке үйренеді. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Флипчартта мысалдар орындайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Амалдардың белгісіз элементін тауып үйренді. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Ауызша сұрау арқылы көбейту және бөлу кестесі бойынша білімдеріне шолу жасау. |
| |||
Сабақ ортасы 25 минут | (Ұ) Оқушыларға талқылау үшін кейбір тұжырымдарды беріледі. 5>6 жалған 7-3<2+2 ақиқат 8+3=20-9 ақиқат Ақиқат және жалған пікірлерді қосу. Оқушылардан берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған болып табылатындарын анықтауларын сұрау. Кейін өз тұжырымдарын негіздеу үшін кейбір оқушыларды таңдау. (Ұ) Тұжырымдарды көрсетуді жалғастыру. Оқушылардың қолынан келеді: өз ойларын білдіру, «ақиқат» немесе «жалған». Төмен /жоғары көтерілген бас бармақтың көмегімен берілген тұжырымның ақиқат не жалған деп санайтындарын көрсету. 1.Қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін айт Компьютер сыныбында: a) Жүгіруге болады (жалған) b) Тышқанмен ойнауға болады (ақиқат) c) Компьютерде жұмыс жасауға болады (ақиқат) d) Сымды ұстауға болмайды (ақиқат) a) Секіруге болады (жалған) b) Компьютерде суретсалуға болады (ақиқат) c) Су қолмен жұмыс жасауға болады (жалған) d) Монитор экранына жақын отыруға болмайды (ақиқат)
(Ж.Қ) Оқушылардан жеке маркерлі тақтаның немесе қағаз парағының әр жағына бір тұжырым жазуларын сұрау. Олардың біреуі ақиқат, ал қалғандары жалған болуға тиіс. Кейін олар парақ/тақталарымен алмасулары және өздерінің әріптестерімен тексере отырып, ненің ақиқат, ненің жалған екендерін анықтаулары керек. 4<5 (ақиқат) 3+5=8 (ақиқат) 2+3=5-1 (жалған) 4+3>6 (ақиқат) 4+4=7-2 (жалған) 7-2>8 (жалған) (Дифф.) Кейде тұжырымдар жарым-жарты дұрыс болып келеді. Мысалы, «егер жұп санға басқа сан қоссақ, онда жауабы жұп болады». Оқушылардан шартты толықтыратын жауап берулерін сұраңыз: бұл жағдайда, олар «шын, тек егер қосылатын сан да жұп болса» ұсына алады. | Суреттер Флипчарт Оқушылар нұсқамалар жазатын таза карточкалар, суреттер. | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Оқушылар өзін-өзі бағалап, жеткен деңгейлерін көрсете топтарға жиналады. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға практикалық тапсырма кезінде қабілеті төмендеу оқушыларға көмектесу керектігі ұсынылады. | Талқылауда ақиқат немесе жалған тұжырымын қолдана білуі бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?