Ақиқат және жалған пікірлер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Ақиқат және жалған пікірлер

Оқу мақсаты:

4.4.2.1математикалық мазмұндағы пікірлер құру, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

ақиқат пікір;

жалған пікір

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма.

Дұрыс па, бұрыс па? Оқушыларға 0 және 1 цифрлары жазылған кеспеқағаздарды тарату. Олар жаттығу сұрақтарына жауап беруде, пікірді дұрыс деп санаса, 1 деген қағазды, ал дұрыс емес деп шешсе, 0 деген қағазды көтеруі керек екендігін ескерту.

Суреттегі барлық фигуралардың бұрышы бар. (0) Суретте екі үшбұрыш бар. (0)

Суреттегі фигуралардың саны бесеу. (1)

Суреттегі екі дөңгелек өзара тең. (0)

Берілген сөйлемдер аяқталған ойды білдіре ме? (Иә) Сөйлемдер бір уақытта ақиқат және жалған болуы мүмкін бе? (О)

Оқушыларға өздері бұрыннан білетін пікір ұғымын қолдану арқылы ақиқат және жалған пікірлер туралы ойларын сұрау.

Сабақтың ортасы

Ақиқат және жалған пікір ережесін қорытып шығару: Ақиқат не жалған ойды білдіретін аяқталған сөйлем пікір деп аталады. Математика мен логикада пікірдің ақиқат, не жалғандығы оның мазмұнына қарап анықталады. Мысалы, «125 – 56 = 67» жалған пікір. Себебі, 125 – 56 = 69 болуы керек. Ал, «х – 89 = 457 теңдеуінің түбірі 546» — ақиқат пікір. Өйткені, 546 – 89 = 457 орындалады.

(Ж)Шығарып көр. Керегін белгіле. Бұл тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Жұптық жұмыс кезінде сынып оқушыларын бақылау.

(Т) Үй жануарлары. Тапсырманы кесте түрінде ұсыну. Бұл тапсырманы оқушылар топта бірігіп орындайды. Әр топта қабылеті әртүрлі оқушыларды топтастыру. Топтарға тапсырманы орындау үшін жұмсалатын уақытты , олар жұмыс нәтижесін берілген ақытта қағазға жазуы керек. Топтық жұмыс аяқталған соң «Қонақ баланы» әр топ өз ішінен сайлау. «Қонақ балалар» өз тобының жұмысын басқа топтарға таныстырады. Соңында сынып болып дұрыс жауапты анықтайды.

Жауабы: Бибігүл тотықұс, Сая мысық, Мерей күшік асырайды.

(Ө) Достар. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оларға көмек ретінде кесте ұсынылады. Дәптерлердегі жазбаларды қадағалау арқылы оқушының жұмысын қадағалау. Қажетінше көмек көрсету. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өзара бағалау жасау.

Бағалау критерийлері үшін «кесте дұрыс толтырылған», «жауап дұрыс» деген сөз тіркестерін ұсыну.

Жауабы: Сырым қызыл жейде, қызыл аяқ киім киген; Ақназар көк жейде, жасыл аяқ киім киген; 47 Нұржан жасыл жейде, көк аяқ киім киген.

Есептер жазылған қима қағаздар

Әр топқа плакат немесе қағаздар мен маркерлер беру

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бен бір тілек» стратегиясы ойыны түрінде өткізу. Сары жапсырмалардағы оқушылар сабақта оларға ұнаған екі мезетті бекітеді, ал жасыл жапсырмадағы оқушылар өздерінің ойынша жұмысын жақсартуы мүмкін бір тілекті бекітеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу