2 –ге көбейту мен бөлуге есептер шығару. Математика, 2 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

2 ге көбейту мен бөлуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

есептер шығару кезінде 2-ге көбейту мен бөлу кестесін құру және қолдану;

Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап:

5, 6, 7 - ні 2-ге арттыр. (7,8, 9)

10, 8, 6 – ні 2 -ге кеміт. (8,6,4)

5, 6, 7 - ні 2 есе арттыр. (10,12,14)

10, 8, 6 – ні 2 есе кеміт. (5, 4,3)

Өзіңді тексер. Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап:

5, 6, 7 - ні 2-ге арттыр.

5 +2 = 7

6 +2 = 8

7+2 = 9

10, 8, 6 – ні 2-ге кеміт.

10- 2 = 8

8 – 2 = 6

6-2 = 4

5, 6, 7 - ні 2 есе арттыр.

5 · 2 = 10

6·2 = 12

7 ·2 =14

10, 8, 6 – ні 2 есе кеміт.

10: 2 = 5

8: 2 = 4

6 :2 = 3

Сен не байқадың? Қорытынды жаса.

2 – ге арттыру дегеніміз - санға 2-ні қосу

2 есе арттыру дегеніміз - санды 2- ге көбейту

2 – ге кеміту дегеніміз - саннан 2-ні азайту

2 есе кеміту дегеніміз - санды 2- ге бөлу

Еске түсірейік!

Шығарып көр. Жоғары қатарда жазылған әрбір сан астындағы саннан неше есе артық?

Қарғалар мен сауысқандар

Жеті бұтақта 2 қарғадан қонып отыр. Екі сымда 6 сауысқаннан қонып отыр. Қарға саны артық па немесе сауысқан саны артық па? Қаншаға артық?

7 ·2 = 14 қарға

6 · 2 = 12 сауысқан

қарға > 12 сауысқан

Жауабы: қарға саны сауысқан санынан 2- ге артық.

Ойлан

А) Олжас бір сан ойлады. Оны 2 есе арттырды. 22 санын алды. Олжас қандай сан ойлады?

x ·2 = 22

х = 22:2

x = 11

тексеру: 11 · 2 = 22

22 = 22

Ә) Ілияс бір сан ойлады. Оны 2 есе кемітті. 22 саны шықты. Ілияс қандай сан ойлады?

х:2 = 22

x = 22 ·2

x=44

тексеру: 44:2=22

22=22



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу