Барлық мүмкін комбинацияларды табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақ: Математика 2С-бөлім: «Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. және таңбалары» Күні:2 тоқсан Сынып: 2 | ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқан оқушылар: Қатыспағаны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Барлық мүмкін комбинацияларды табу | ||||
Оқу мақсаттары | 2.4.4.1 қоршаған әлем заттарынан «үш-үшеуден» комбинациялар нұсқаларын құру | ||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар әр түрлі заттардан өз бетімен жиын құрып, көп комбинациялар құрастырады. | ||||
Бағалау критерийлері:
| Үш элементтен тұратын комбинациялар жиынын құра алады. | ||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | ||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ пәнімен байланысты Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру Дүниетану пәнімен байланысты | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім: | Сандарды тексеру үшін Венн диаграмманы қолдану: сандардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздер | |||
Сабақтың басы 10 минут | «Ертеңгілік шеңбер» Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./ (МК,Ұ) Топтарды анықтау Венн диаграммасы арқылы оқушылар қима фигураларына байланысты 3 жиын құрады: үшбұрыштар, шаршылар, бесбұрыштар. Фигуралардың айырмашылығы мен ортақ қасиеті анықталады.Қиылысу аумағында ортақ қасиеті айтылады. (Т,Ұ,Қ) Тақырыпты ашу -Балалар, барлығы неше жиын құрдық? -Фигуралардың орналасу ретін өзгертуге бола ма? Қалай? Оқушылар өздерінің нұсқаларын айтып, өз орындарын ауыстырады. -Одан элементтердің ортақ қасиеті өзгере ме? -Фигуралардың орнын ауыстыру арқылы сендер неше тәсілді пайдаландыңдар? -Неше комбинация құрылды? -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. -Сабақтың соңында қандай жетістіктерге қол жеткізесіңдер? Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, тақтаға жазу. | Интерактивті тақтада санамақ | |||
Сабақтың ортасы 10 минут 2 минут 8 минут 7 минут | (Т, Ө)Топтық жұмыс 1-топ:Сандарды неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады? 13, 45, 189. 2-топ: Жемістерді қандай реттілікпен орналастыруға болады? 3-топ: Қоян, жолбарыс және аю бір қатарға тұрмақшы болды. Оларды неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады?
4-топ:Өсімдік топтарын неше комбинациямен орналастыруға болады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, комбинациялар құрып, қима сандар мен суреттерді флипчартқа желімдейді. Содан кейін жұмыстарымен ауысып, топтар бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәті «Көңілді қоян» (Ө,Ж) Дәптермен жұмыс Оқушылар жұпта отырып, бірін-бірі тексереді және бағалайды. -Балалар, ал сыныптағы заттардан, топтағы оқушылардан комбинациялар құруға бола ма? Қандай кобинациялар ұсынасыңдар? Мысалы: Оқушылардың ұлты бойынша Орыс, қазақ, ингуш. Орыс, ингуш, қазақ. Қазақ, орыс, ингуш. Қазақ, ингуш, орыс. Ингуш, қазақ, орыс. Ингуш, орыс, қазақ. /Оқушылар өз ойларын айтады, көрсетеді. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау/ | Слайд А3 қағаздары Қима карточкалар флипчарт желімдер Аудиоматериал Жұмыс дәптерлері | |||
Сабақтың соңы 3 минут |
-Не үйрендім? -Не білдім? -Не қиын болды?
Жетістік баспалдағына стикерлер жапсыру арқылы өздерін бағалайды. | «Жетістік баспалдағы» | |||
Қосымша ақпарат. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ҚБ жұмыстары арқылы | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
| Стикер арқылы өз-өзін бағалау |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?