Ойша санау дағдыларын дамыту. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 А бөлімі «Сандар жүйесі»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойша санау дағдыларын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

СО 2.4

Есептеудің ауызша тәсілін қолдана отырып, ондық арқылы өтпестен екітаңбалы және үштаңбалы сандарды қосу мен азайтуды орындау;

СО 2.6

45±9; 36±18; 127±9 түріндегі сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау;

СО 2.8

Қосылғыштардың бірін жақын ондыққа дейін қосып отырып ауызша қосу мен азайтуды орындау, мысалы, 45±19; 37±28

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың қисынды ойлауын, ауызша есептеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың 1000-ға дейінгі санау дағдыларын қалыптастыру.

 Бағалау критерийлері

СО2.6

45±9; 36±18; 127±9 түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау

 Тілдік мақсаттар

 

Қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, бірлік, ондық, жүздік, мыңдық терминдерін қолдана отырып математикалық тілін дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Кроссворд шешу барысында жануарларға деген қызығушылықтары пайда болады.

 Пәнаралық байланыстар

Кроссворд шешу кезінде дүниетану және қазақ тілі пәнімен байланысады.

 АКТ-ны қолдану

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көптаңбалы сандарды оқу, жазуға дағдыланды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ,Ж) Оқушылар шеңберде отырып, математикалық кроссворд шешеді.

(Дифф.) Қабілеті орташа оқушыларға қызығушылығын арттыру мақсатында суреттер арқылы сөзжұмбақ беріледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға төмендегідей тапсырма беріледі.

Цифрлар, сөзжұмбақтар, суреттер

Тапсырмалар АКТ-да түсіндіріледі.

Сабақ ортасы

25 минут

(Ұ). Оқушылардың 1 сыныпта оқып-үйренгендерін тексеру. 1) Оқушыларға кез келген сан айтылады. Төмендегі кестеден сол сандарды дөңгелектеп көрсетеді.

2) Немесе 24 цифрын көрсетсем, осы жауапты беретін қосу немесе азайту амалдары бар өрнектерді бояйды.

(Ұ,Ж) Осы кесте арқылы өтілген тәсілдерді көптаңбалы сандарға қалайша қолдануға болатындығын түсіндіріледі. Мұны 1-100 шаршысында немесе сандық түзуде көрсетуге болады. Оқушылардың есептеу дағдыларын, жұптасып жұмыс істеудің, мысалдарды шешудің және, егер қажет болса 1-100 шаршысын немесе сандық түзуді пайдалана отырып бекітулеріне мүмкіндік беріледі.

(Ұ) Көптаңбалы сандарды пайдалана отыра, сандық түзудің бойымен бір саннан екіншісіне қарай санауды құрастыра отыра, үлкен секірістер жасап, сол арқылы амалдарды орындаудың тиімділігін көрсете қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.

(МТ,Ө) «Ондықтарға жуық» сандарды қосу және алу амалдарын орындау тәсілін талқылау.

45+9=54; 45-9=36; 36+18=54;

36-18= 18; 127+9=136; 127-9=118

(Ө.Қ) Оқушылардың ауызша есептеулерінің нәтижелерін көрсетуіне мүмкіндік беру үшін дабылдық карточкалар арқылы ойын түрінде өрнектер көрсетіледі. Ламинат қағаздар мен маркерлерін пайдаланып, нәтижесін көрсетеді. Осы тапсырманың барысында қандай оқушыларға қосымша қолдау қажеттігін анықталады.

28+8 28-8 47+19 47-19

65+8 65-8

138+9 138-9 167+8 167-8

АКТ

https://www.youtube.com/watch?v=lL8Rgsoq4no

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылардың өрнектер бойынша көрсеткен нәтижелері тексеріледі. Тапсырманы қатесіз шығарған оқушылар бір топқа жиналады. Ал дұрыс шығара алмаған оқушылар қосымша қолдау көрсету тобын құрады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті орташа оқушыларға әр жұмыс барысында нұсқаулар мен көмек беріледі.

Қабілеті жоғары оқушылар сөзжұмбақ бойынша берілген мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынады.

Жетістік критерийі бойынша ауызша қосу мен азайту біліктері бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді.

АКТ-ны пайдалану және ламинат пен маркерді қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу