Ойша санау дағдыларын дамыту. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 А тарау «Сандар жүйесі»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Cейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойша санау дағдыларын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.6 45±9; 36±18; 127±9 түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау

2.1.2.8 45±19, 37±28 түріндегі өрнектерді дөңгелек санға дейін толықтырып ауызша қосу мен азайтуды орындау.

 Сабақ мақсаттары

Ауызша есептей отырып 45±9; 36±18; 127±9 түріндегі қосу, алуды орындай алады.Санның сандар қатарындағы орнын біледі.Екі, үш таңбалы сандарды кей жағдайда ауызша қоса алады.

 Бағалау критерийлері

есептеудің сәйкес алгоритмін пайдалана отырып, қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

Бірлік, ондық, азайту, қосу, екі таңбалы, үш таңбалы

 Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік құндылықтармен қатар, шапшаңдық, математикаға деген қызығушылық қасиеттері дамиды

 Пәнаралық байланыстар

Акт пәнімен байланыс

 АКТ

Сабақ барысында тақырыпқа байланысты презентация қолдану

Алдыңғы меңгерілген білім

Санау дағдыларын жетілдірді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылар шеңберге жиналады.

Шеңбердегі доп. Оқушылардың ауызша есептеу дағдысын байқау мақсатында оқушыларға өрнек айтып, оның мәнін ауызша айтқызу.

Терең ғылым сананың,Тегі деп ой саламыз.Маңыз беріп оқимыз,Математика сабағын.

Сабақ ортасы

25 минут

(Ұ) Оқушылардың жылдам ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Ауызша есептеу» атты төмендегі тапсырма орындалады.

а)Түстері бірдей сандарды ауызша, шапшаң қос.

в) Дөңгелек сандарды қос.

г) Бір таңбалы сандарды қос.

д) Ең кіші екі таңбалы сан мен ең кіші бір таңбалы санды қос.

Зейінділікке ойын.

Әр жолдан үш саннан ата, ол сандардың қосындысының мәні қатар соңында тұрған санға тең болсын.

3 4 6 5 1 2     10 (3 6 1)

8 4 3 7 2 5     15 (8 4 3)

Өрнектер:

Ұлдар үшін:

Қыздар үшін:

56+9=

70-26=

37-8=

4+36=

60-15=

95-30=

93-60=

54+7=

44+5=

46-8=

3+17=

52+7=

Өрнектің мәнін тап:

  • 96+4-80=
  • 35-20+7=
  • 59-30-6=
  • 40-18+9=

Сергіту сәті.

Қоян шықты далаға,

Жан жағына қарады.

Секірді,жүгірді,

Отырды, тұрды.

(Балалар өрнектерді орындайды, мәнін сигналды карточка бойынша көрсетеді.)

48-20                       80-41

24+60                      19+30

50+21                      75+15

96-16

1.Фигура беріледі.Бір кесінді жүргізу арқылы екі үшбұрыш шығар.

2. Екі қолда 10 саусақ. Сегіз қолда неше саусақ болады? (40)

3.Теңдік тура болатындай етіп карточкаларды ауыстырыңдар (қайта қойыңдар): 31-14 =82.

(41-23=18)

(Ұ) Көптаңбалы сандарды пайдалана отыра, сандық түзудің бойымен бір саннан екіншісіне қарай санауды құрастыра отыра, үлкен секірістер жасап, сол арқылы амалдарды орындаудың тиімділігін көтере отыра алу тәсілдерін түсіндіру.

(Т,Ө) Оқушыларға мысалдарды құрастыру үшін сандарды қалай таңдап алу керектігін көрсету. Оқушыларға арифметикалық операторды пайдалана отырып, өздерінің есептерінің нәтижелерін қалай жазу керектігін, сондай-ақ оларға есептеу кезінде кездесетін кез-келген қиындықтарды белгілеп отырудың қажет екендігін түсіндіру.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.

1-қатарға мыңға дейінгі сандар реттілін білемін, білімімді сенімді көрсете аламын деген оқушылар тұрады.

2-қатарға мыңға дейінгі сандар қатарын әлі де үйренемін, достарымнан көмек сұраймын деген оқушылар тұрады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады.

Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынады.

Бағалау критерийі бойынша бағаланады

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу