Қыс. «Екі аяз» ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

4-сынып

5-бөлім. Табиғат құбылыстары

2-сабақ. Қыс. «Екі аяз» ертегісі

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысы дамытылып, оқылым материалы бойынша мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін? қалай? қашан? т.б.) құрастыру және оған жауап беруге дағдылану көзделеді. Оқыллған мәтіннің мазмұнын түсініп, құрастырылған сұрақтар сапасы мен жауаптары бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.

 Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөз тіркестерін құру қарастырылады.

Барлығы: оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған жауап береді.

Көпшілігі: кейіпкерлердің іс-әрекетін, сипаттайды, баға береді.

Кейбірі: кейіпкерлердің іс-әрекетіне сын көзқарасын білдіреді, өмірмен байланыстырады.

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алған жөн.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

 Сабақты өткен сабақта меңгерілген білімдерін тексеруден бастап, кейін стартер ретінде берілген сұраққа көшіп жалғастырыңыз. «Балтаның тоннан да күшті жылуы бар» деген тұжырымды қалай түсінетіндерін сұрап, ой қозғаңыз. Бұл сабақ тақырыбын анықтауға итермелейді. Көмек ретінде суреттерді қолдануға болады. Сабақтың мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз, сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

 Жаңа сөзді сурет арқылы және анықтама, түсінік беру арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз.

Оқылым тапсырмасын орындауда «Мозайка», «Қонаққа бару» әдістері қолданылады. «Мозайка» әдісі бойынша оқушылар үш топқа бөлініп (сөздік жұмысынан қалған суреттер арқылы топтастыруға болады), шағын топта өздеріне тиісті мәтін үздінділерін оқиды, одан кейін «Қонаққа бару» стратегиясын қолданып әр бала өз мәтінін басқаларға баяндайды. Сөйтіп жеке бөліктерден «Екі аяз» ертегісінің толық мазмұны құрылады. Уақытты қадағалағыз.

 Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Қонаққа бару» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Топтарға сұрақтар таратылады, олар өздеріне тиесілі сұрақ үлгісін қолдана отырып (қалай? қашан? не үшін? не себептен?/неге? т.б.), сұрақ құрастырады. Шағын топ/жұп саны сыныптағы оқушылар санына байланысты. Жұмыс бірінші сұрақты топта құрастырудан басталады (сұрақ құрастыруға уақыт беріңіз). Сұрақтарын арнайы сауал парағына жазады. Келесі кезеңде оқушылар сыныпты аралып сұрақтарға жауаптарын жазады. Сауал парағының екінші бөлігіне келесі топ/жұп үшін өз сұрақтарын жазып кетеді. Топтар аралап барлық сұрақтарға жауап береді және әртүрлі сұрақ үлгілерін жазып үйренеді. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға дескрипторлар беріледі.

 Дескриптор:

  • Тыңдалған материалдың мазмұнын топта талқылайды.
  • Сұрақ құрастырып жазады.
  • Берілген сұраққа жауап жазады.

Бағалау барысында Топтар оындарына оралып, барлық сұрақтарды қарап шығады, ең қызық болған сұрақты анықтап, «Ең қызық сұрақ» номинациясы беріледі.

 

 

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Оқушылар өз таңдаулары бойынша «Қыс» тақырыбында ертегі/өлең/әңгіме жазуды тапсырыңыз.

 Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу