Қыс. «Екі аяз» ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


3-cабақ.

Дидактикалық материал

Қыс. «Екі аяз» ертегісі

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

үсу, тону, жаурау

үсіру, тондыру, жаурату

рахаттану, шатттану, көңіл көтеру

ермек, ойын-сауық

ерігу, жалығу

жұпыны, ескі, тозған

қызу, жылыну

Сұрақ құрастыруда:

Қашан?Неге? Неліктен? Не үшін? Қалай болар еді?

«Екі аяз» ертегісі

http://kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/kazakhskie_skazki/ertegi_eki_ajaz_dva_moroza/21-1-0-431

1-үзінді

Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына: 

– Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп.

– Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз.

– Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіп те қалар.

Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді.

2-үзінді

Қызыл мұрын аяз:

– Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды. 

– Айтқаның болсын! – дейді де Көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі.

Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:

– Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды.

– Иә, – дейді Көк мұрын аяз.

– Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.

Ағасы мақтанып:

– Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді де енді інісінің әңгімесін тыңдамақ болып.

3-үзінді

– Ал сен, Қызыл мұрын аяз, кедейді қатыра алдың ба? – деп сұрайды.

– Мен емес, ол мені қатырып кетті, – дейді қызыл мұрын күрсініп. 

– Жолда ызғарлы желімді үрледім, кедей шанасынан түсіп, жаяу жүгіре жөнелді. Бұл жағдайда оны тоңдыру мүмкін емес болды. «Қап бәлем, тоқтаған кезіңде көрерсің» деп ойладым. Бірақ ол орманға келісімен балтасын алып, ағаш жара бастады. Қимылдаған сайын денесі қызып, сырт киімін шешіп тастады. Тіпті,

жыртық қолғабын да лақтырып жіберді. Өшімді шешкен киімдеріне жасырынып алмақшы едім. Ол жұмысын бітірген соң, мені ағашпен ұрғылай қуды емес пе?! Бүйіріме оңбай соққы тиді, – деп аяқтады сөзін қызыл мұрын аяз.

Болған оқиғаны асықпай тыңдаған ағасы:

– Иә, інім, бұл – сен үшін үлкен сабақ. Балтаның тоннан да күшті жылуы барын есіңе сақтарсың, – депті.

Сауал парағы

Үлгі

Біздің сұрағымыз

Неге?/ не себептен?

Біздің жауабымыз

  • Неге екі аяз жұртты суыққа үсірткілері келеді?
  • Халықты тоңдырып, бір рақаттанағысы келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу