Кім қайда демалады? №10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Кім қайда демалады? №10 | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем) | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен мәтіндегі оқиғалар ретін анықтайды, берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді. Оқушылардың көпшілігі: мәтіндегі оқиғалар ретін анықтайды, берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді. Оқушылардың кейбірі: мәтіндегі оқиғалар ретін анықтайды, өз ойын еркін жеткізеді. | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Жоспар, таныс, шипажай | ||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау Мен таныса+мын | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру «Комплимент» тренингі. Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ой шақыру «Доп лақтыру» ойыны арқылы «Демалыс» сөзіне ассоцация жасайды. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне допты лақтырып өз ойын айтады, келесі оқушы солай жалғастырады Мақсаты: Оқушының танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау). Шарты: үзбей жалғастыру; сөзді қайталамау. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздер (Ұ) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту
Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Жіктік жалғауды қайтала. Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді. Жекеше: Мен танысамын Сен танысасың Сіз танысасыз Ол танысады 1-тапсырма: (Т) Мәтінді тыңда. Суреттерді мәтін мазмұны бойынша сәйкестендіріңдер. Тапсырманы түсініп оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мәтінді екі рет тыңдайды. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазады. Оқушылар өзара тексереді, кері байланыс орнатады.
2-тапсырма: (ЖЖ) Тірек сөздерді пайдаланып, достарыңның жазғы демалыста не істейтінін жаз. Тапсырманы жұптасып орындайды. Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастырады. Жұптар ортаға шығып жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар жауаптарын бағалайды. Мысалы, тірек сөздердің қолданып сөйлем құрастыра білді .... тақырып бойынша сұраққа жауап берді .... Тірек сөздер: жазғы демалыс, жоспарлау, тау, аралау, өзен, бару, демалу, танысу, бос уақыт, «Думан». Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатты-қатты соғайық. Орнымыздан тұрайық 1,2 деп бастайық, Топ-топ басайық Сәл дем алып болған соң Орнымызға барайық. 3-тапсырма: (ЖЖ) Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар. Оқушылар тапсырманы жеке оқиды, дауыстап талқылайды. Түсінгенін айтады. Мәтінді алдымен оқып, мазмұнын әңгімелейді. Мазмұны бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың жауабын мұғалім бағалайды. Әлібектің достары жазғы демалысты жоспарлады. Саша тарихи қалаларды аралайды. Әнел саяжайға барады. Анна лагерьде демалады, өзенге шомылады. Әлібек ата-анасымен бірге сапарға шығады. Айару «Думанға» ойын-сауық орталығына барады. Кері байланыс Тапсырма ұнады ма? 4-тапсырма: (ЖЖ) Досыңмен жазғы демалыста қайда баратындарың туралы сөйлес. Диалогте жаңа сөздерді қолданыңдар. Оқушылар өзара тақырып бойынша сұхбаттасады. Сұхбатта жаңа сөздердің жан-жақты қолдана білуі бағаланады. Дескриптор:
| Слайд
Үлестірмелі қағаздар
«Көкжиек» оқулығы, 117-118-119 бет
https://www.google.kz/
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы 119-бет «Кел жаттайық!» | Слайд | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру