Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

12-сабақ Нәтиже сабақ

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым және тілдік бағдар дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сұрақ-жауап арқылы «мәдениет», «Демалу мәдениеті. Меркелер» бөлімін қоырытындылауға шақырыңыз;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Сөздерді балама, мағынасы жуық сөздер арқылы меңгерту
  • Мағыналарын елестету немесе қимыл арқылы түсіндіріңіз;
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алдыға қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды)

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

1-тапсырма:

  • Тапсырманы жұпта орындайды;
  • Тапсырманы дауыстап оқытып, мазмұнын түсінгеніне көз жеткізіңіз;
  • Суретті талқылатыңыз Суретте нені көріп тұрсың? Суретте не бар?, Сурет нені білдіреді?) сияқты сұрақтар арқылы жалпы суретті сипаттатыңыз;
  • Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін жазғызыңыз;
  • Тірек сөздер: думан, тамашалау, танысу, мерейтой, тойлау, зәулім ғимарат, мәдени, ойын-сауық орталығы.

Бағалауы

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
  • Сөздерді орынды қолдана білуін;
  • Мәтін құрастыра алуын бағалайды.

2-тапсырма:

  • Бірінші бөлігін, жұппен орындайды;
  • «Адасқан сөздер» ойыны арқылы оқушылар сөздердің орнын табады;
  • Сөйлемдеге орын тәртібін санмен белгілейді;
  • Сөздерден сөйлем құрастырып айтады.
  • Екінші бөлігін, жеке (қабілетіне қарай) жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырады;
  • Берілген қажетті сөздерді қолданады.

Дескриптор:

  • сөйлемдегі сөздердің ретін анықтайды;
  • берілген сөздермен дұрыс сөйлемдер құрастырады;
  • тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Бағалау:

  • Кезекпен сыныпқа оқиды. Оқушылар сөйлемнің түрін анықтайды (жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем), бас бармақ арқылы бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия «Смайлик» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу