Жеңіс күні №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

11-сабақ «Жеңіс күні»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың аоқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Кластер» әдісі арқылы «Батыр» сөзіне түсінік беру, сұрақтар арқылы жетелеуге болады;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

  • Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды. Оң – сол сөздерін қимылдар, әрекеттер жасап үйренеді, көңілдері көтеріледі.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Оқылым түрлеріне қажетті ақпарат:

Оқылым мәтін мазмұнына тереңдей ену дәрежесіне қарай және көз жүгірте оқу, ізденістік (көз жүгірте ізденістік оқу) оқу, таныса оқу, зер салып оқу сияқты оқылым түрлеріне коммуникативтік қажеттіліктеріне байланысты бөлінеді. Көз жүгірте ізденістік оқу мәтін мазмұны туралы жалпы түсінік алуға бағытталған. Оқушылар мәтіннен өзін қызықтыратын ақпаратты ғана іздейді. Таныса оқу мәтіннен басты ақпаратты: негізгі мазмұны туралы жалпы түсінік алуды, мәтіннің негізгі идеясын түсінуді жоспарлайды. Зер салып оқу мәтін мазмұнын толық және нақты түсінумен, оқылған материалды әңгімелеу мен баяндауда қайта жаңғыртумен және с.с. ерекшеленеді.

Оқылым тапсырмасы:

  • Мұғалім тапсырмамен толық таныстырады, оқушының түсініп отырғанын өз сөзімен айтып беруін сұрайды;
  • Оқушылар мәтінді оқиды;
  • Тірек сөздерін анықтап, мазмұнын айтады.

Бағалауы:

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
  • Сөздерді орынды қолдана білуін;
  • Сөйлесімде қолдана алуын бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

  • Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды, ал сұрақтармен алмасқанда, оқушылар жұпқа бөлінеді;
  • Сұраулы сөйлемдер қолданылатын сұрақтарды (қандай? қай? қашан? қайда?) қамтылуы қажет;
  • Жауаптар сұраққа толық жауап беретіндей болуы қажет.

Оқушыларға есекерту:

Сұрақтар «ия» немесе «жоқ» деген жауапқа тартылмасын.

Дескриптор:

- мәтін бойынша дұрыс сұрақтар құрастырады;

- қойылған сұрақтарға сенімді жауап береді.

Бағалау:

  • Жұптар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керекМұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия «Нысана» тәсілі арқылы оқушылар меңгерген білімін бағалайды, өзіндік түсінік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу