9 мамыр - Жеңіс күні №7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)

8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

7-сабақ «9 мамыр – Жеңіс күні»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге тұрады, суретке қарайды. «Үзбей сөйле» әдісі арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Сабақтың тақырыбын болжайды;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздер қарама-қарсы сөздер ойластыру арқылы дамытылады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға әрекеттер, мимика, мысал келтіру арқылы түсіндіріңіз.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен жіктік жалғаудың көпше түрлерін қайталатыңыз, оқушылар ауызша немесе жазбаша талдайды.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Бірінші тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Берілген сөйлемдерге сұрақтар құрастырады. Оқушылар шағын төрт топқа бөлінеді, қағаздан төрт ұшақ жасайды, ұшаққа сұрақ құрастырады, ұшырады. Қабылдаған топ, сұрақты текседі, бағалайды. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аудартыңыз;
  • Екінші тапсырманы орындағанда оқушылар жұптасады. Берілген сұраққа жауап дайындайды, өзара диалог жүргізеді. Оқушылар өз ойын айтуға, өмірмен байланыс жасауына назар аударыңыз;
  • Үшінші тапсырманы оқушы жеке орындайды. Қажетті қосымшаны қояды. Бұл тапсырманы уақытқа қарай ауызша немесе жазбаща орындаңыз. Сауаттылығына назар аударыңыз.
  • Соңғы тапсырманы оқушы жеке орындайды, алдынғы жинақтаған білімін ашықхат жазып қолданады. Тапсырманы орындатпас бұрын, дескриптормен таныстырыңыз. Мұғалім оқушының жұмысын бағалайды. Үлгісін беруге болады.
  • Қосымша ақпарат:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында тапсырмалардың реттілігі оқулықтағы реттілікпен (кейібірі) сәйкес келмейді, сондықтан «ресурс» бөлігіне назар аударыңыз, ол жерде «Көкжиек» оқулығы, беті, тапсырмасы деп нақты көрсетілген.

  • Шартты белгілер:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

  • Кері байланыс

Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

  • Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Бес саусақ» тәсілі оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу