9 мамыр - Жеңіс күні №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 9 мамыр - Жеңіс күні №6 | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді мұғалімнің қолдауымен қолданады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді үлгі бойынша қолданады. Оқушылардың кейбірі: мәтіннің негізгі ойын түсінеді, заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады. | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Жеңіс, жауынгер | |||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау Мен жауынгер+мін | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Ұландар мерекесі №5 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар бір-біріне тілек тілеп «сиқырлы таяқшаны» береді. Ой шақыру (Ұ) «Жауынгер» сөзіне ассоцация жаса. (батыр, жерін құрметтейтін, елін сүйетін, жаудан қорғайтын, қару-жарағы бар) - Қандай қазақ жауынгерлерін білесің? (Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы т.б.) Сабақтың тақырыбын болжату (9 мамыр - Жеңіс күні) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздерді (Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту Жеңіс – Жауынгер – Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Жіктік жалғауды қайтала. Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді. Мен жауынгермін Сен жауынгерсің Сіз жауынгерсіз Ол жауынгер 1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Мәтінді екі рет тыңдайды. Бірінші тыңдағанда тірек сөздерді жазып аладыы. Екінші тыңдаған соң тірек сөздерге сүйеніп мазмұнын айтады. 2-тапсырма: (Т) Мәтінді түсініп оқы. Мәтінді мұқият тізбектеп дауыстап оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мазмұнын өз сөзімен айтады. 9 мамыр – Жеңіс күні. Жауынгерлер Отанды қорғайды. Олар төрт жыл соғысты. Бауыржан Момышұлы, Талғат бигельдинов, Сергей Луганский, Мәншүк Мәметова, лия Молдағұлова – жауынгер батырлар. Олар жеңіске жетті. Ұлы жеңісті адамдар ұмытпайды. 9 мамырда мәңгілік алауға гүл қоямыз. Кері байланыс Тапсырма ұнады ма? 3-тапсырма: (ЖЖ) Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендір. Тапсырманы өзара оқып, талқылайды. Басқа жұптар жұмыстарын бағалайды.
Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды) 4-тапсырма: (Ж) Дұрыс нұсқасын айт. Тапсырманы ұжыммен талқылайды. Түсінбегенін сұрайды. Қажетті жауапты белгілейді. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. 1. Жеңіс күні а) бірінші мамырда ә) тоғызыншы мамырда 2. Жеңіс күні - а) бейбітшілік мерекесі ә) гүлдер мерекесі 3. Соғыс а) төрт жыл жүрді ә) бес жыл жүрді 4. Жауынгерлер а) үйді қорғады ә) Отанды қорғады 5. Адамдар а) жауға қарсы шықты ә) желге қарсы шықты
Дескриптор:
| Слайд
Таратпа материал
«Көкжиек» оқулығы, 109-110 бет
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Сенің ардагер атаң, әжең бар ма? Олардың ерлігі туралы не білесің? | Слайд | ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру