Саяжайда №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (ОМЖ)
8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер
5-сабақ «Саяжайда»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Жұмбақ» жасырыну арқылы саяжай тақырыбына ой шақырыңыз;
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
- Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
- Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Сергіту сәті:
- https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk «Қуыр-қуыр, қуырмаш» атты бейнеклипті көрсетіңіз;
- Ұзақтығы – 2 мин, 48 сек.
- Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.
- Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.
- Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
- Оқушылар ән арқылы саусақтар жайлы мәлімет, саусақтардың қандай қызмет атқаратынын білетін болады.
Грамматикалық қоржын:
- Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
- Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
- Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
- Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.
Жазылым
1-тапсырмасы:
- Мұғалім оқушыларды орындатпас бұрын топқа бөліңізі;
- Тапсырма үш бөліктерден тұратындығына назар аударыңыз;
- Тапсырманы дауыстап оқытқызып, түсінігін сұраңыз;
- Содан кейін орындатқызыңыз;
- Жазылым тақырыпқа қатысты лексикаға негізделіп құрастырылған.
Бағалауы:
- Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
- Сөйлемдегі сөздерді орынды қолдана білуін;
- Мәтіннің мазмұнын жүйелі жазуын бағалайды.
2-тапсырма:
- Бұл тапсырманы әр оқушы жекеше орындайды;
- Бос орынға керекті сөзді жазады;
- Тексеру барысында, мұғалім оқушыдан себебін сұрай алады.
Бағалауы:
- Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
- Сөйлемдердің орын тәртібінің сақталуын;
- Каллиографиялық жазуын бағалайды.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Табыс сатысы» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру