Саяжайда №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Саяжайда №5 | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту 3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды. Оқушылардың көпшілігі: оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды. Оқушылардың кейбірі: оқыған материалдың мазмұнын өз түсінігі бойынша жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Лексикалық минимум | Саяжай, көшет | |||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Тәуелдік жалғау Менің, сенің, Сіздің, оның | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Демалысты қалай өткіздім? №4 | |||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар бос уақытында қандай іспен айналысатынын айтады. - Сен бос уақытында немен айналысасың? Неге? Қызығушылықты ояту Жұмбақ: Жайқалып тұр саяжай мен далада. Ұнатады бұл гүлді, үлкен-кіші, бала да. Атауында «қыз» деген тағы бар. Ойландағы гүлді тауып ал. (жауабы: қызғалдақ) Сабақтың тақырыбын болжату
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Саяжай – көшет – Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын: Тәуелдік жалғаудың жекеше және көпше түрі Менің саяжай+ым, Біздің көшет+іміз 1-тапсырма: (Т) Мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында. Мен демалыс күндерімді саяжайда өткіземін. Себебі, ата-анама көмектесемін. Әкеммен бірге бақшада көшет отырғызамыз. Анаммен бірге гүлдерге су құямыз. Содан кейін табиғатта демаламыз. 1. Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгіле. 2. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздер: жаз, саяжай, ата-ана, көшет, гүл. Кері байланыс Тапсырма пайдалы болды ма? Сергіту сәті: Оқушылар «Қуыр-қуыр, қуырмаш» әнін орындайды, кейіпкерлермен бірге билейді. 2-тапсырма: (Ж) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз. Қаланың шетінде біздің ....................................... бар. Жазда саяжайдың ..................................... әдемі, ауасы таза. Көктемде әртүрлі.................................... отырғызамыз. Жазда оларды ......................................... . Қажетті сөздер: ауасы, көшеттер, суарамыз, саяжаймыз. Дескриптор:
Бағалау Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
| Слайд
Таратпа материал
https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Табыс сатысы»
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Саяжайда өткізген бір күнім. Әңгіме дайында | Слайд | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру