Сусыз өмір жоқ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


12-сабақ «Сусыз өмір жоқ»

Сергіту сәті

«Ақбұлақ» әнін орында

Күндіз-түні бір тынбай

Дала кезген шапқылап,

Құмар едім өзіңе

Бала кезден, Ақбұлақ.

Әнге бөлеп маңайды

Асып-тасып жатасың,

Ақ моншақтан аспанға

Шашу шашып жатасың.

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған.

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атын суарған.

Айналайын, Ақбұлақ,

Асыр салғам жағаңда.

Сенен артық өлкені

Бұл әлемнен табам ба?

1-тапсырма

(Т) Суретке мұқият қара. Тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Орындау шарты:

  • Тобыңмен бірге берілген суретке қатысты сөздерді жаз;
  • Уақыт аяқталған соң келесі суретке ауыс;
  • Осылайша 4 сурет бойынша сөздер жаз;
  • Басқа топтардың жазған сөздерін қайталама;
  • Өздерің жазған тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгімеле.

Бір күні.................................

Содан соң ............................

Сол кезде ............................

Соңында................................

Сурет:

2-тапсырма

) «Сусыз өмір жоқ» атты тақырыпқа шағын пікір жаз. Іс-әрекетті келер шақта қолдан.

Қолданатын сөздер:

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Сондықтан ...

Үлгі: «Сусыз өмір жоқ»

Менің ойымша, сусыз өмір жоқ. Мысалы, өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді.  Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қатып қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сондықтан ол әдемі болып жақсы өседі.

Бағалау

Оқушылар жазған пікірлерін оқиды, сынып бағалайды.

Дескриптор

- өз пікірін түсіндіреді;

- өз пікірін қорытындылайды;

- өз пікірін келер шақта жазады;

- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Күні: Сыныбы: Аты-жөні:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу