Сусыз өмір жоқ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

11-сабақ «Сусыз өмір жоқ»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде «Ақбұлақ» әні арқылы оқушылардың қызығушылығын артырыңыз;

Алдымен, әнді тыңдатыңыз, түсінігін тексеру үшін жетелеуші сұрақтарды қойыңыз:

- Бұл ән не туралы?

- Ақбұлақ деп неге аталады?

- Тақырыпқа қатысты қандай сөздерді естідіңіздер?

Содан кейін әннің мәтінін таратыңыз;

Оқушыларға іштей оқытыңыз;

Сонында, оқушыларға мәтінге қаратып әнді орындатыңыз.

  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында жаңа сөздерді (қат, төк) дефиниция (сөздер және сөзге жазылған түсінікті сәйкестендіру, мысалы, қалам – дәптерге, қағазға жазатын құрал, алаң- мерекеде адамдар жиналатын жер) алдымен нақты білетіндерін сәйкестендіреді, содан кейін болжамдары бойынша сәйкестендіреді. Шарт: түсіндіруге алынатын сөздер оқушыларға таныс болу керек.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

1-тапсырма

Орындау шарты:

  • Алдымен тапсырманы оқушыларға түсіндіріңіз;
  • Оқушылар төрт топқа бөлінеді, оларға бір тақырыптағы суреттер таратылады;
  • Олар әр суретке қатысты тірек сөздерді жазады, басқа топтардың жазған сөздерін қайталамайды;
  • «Карусель» әдісі бойынша оқушылар төрт суретке қатысты сөздерді жазып шығады, содан кейін әңгімелейді.

Бағалауы:

  • сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады.

2-тапсырма

  • Оқушы бұл тапсырманы жеке орындайды;
  • «Сусыз өмір жоқ» атты тақырыпқа шағын пікір жазады;
  • Үлгі бойынша мәтін жазады (келер шақта).

Қолданатын сөздер:

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Сондықтан ...

Мысалы: «Сусыз өмір жоқ»

Менің ойымша, сусыз өмір жоқ. Мысалы, өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді.  Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қатып қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сондықтан ол әдемі болып жақсы өседі.

Бағалау

Оқушы жазған пікірін оқиды, сынып бағалайды.

Дескриптор

- өз пікірін түсіндіреді;

- өз пікірін қорытындылайды;

- өз пікірін келер шақта жазады;

- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу