Сусыз өмір жоқ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

11-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сусыз өмір жоқ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.4.1.1 тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып постер құрастыру, берілген иллюстрация бойынша мәтін (4 сөйлемнен кем емес) жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып постер құрастырады, иллюстрация бойынша мәтін жазады, мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақ, рай формаларын қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып постер құрастырады, берілген иллюстрация бойынша мәтін жазады, етістіктің шақ, рай формаларын қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана отырып постер құрастырады, берілген иллюстрация бойынша мәтін жазады, етістіктің шақ, рай формаларын еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түрлі формада ұсынады;
  • грамматикалық нормаларды сақтайды

Лексикалық минимум

Төк, қат

Грамматикалық минимум

Бас әріп пен тыныс белгілері

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны сақтауға шақыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Суды үнемде

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Түгендеу

Үй жұмысын тексеру

Қызығушылықты ояту

(Ұ) «Ақбұлақ» әнін тыңда, сұрақтарға жауап бер.

Күндіз-түні бір тынбай

Дала кезген шапқылап,

Құмар едім өзіңе

Бала кезден, Ақбұлақ.

Әнге бөлеп маңайды

Асып-тасып жатасың,

Ақ моншақтан аспанға

Шашу шашып жатасың.

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған.

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атын суарған.

Айналайын, Ақбұлақ,

Асыр салғам жағаңда.

Сенен артық өлкені

Бұл әлемнен табам ба?

- Бұл ән не туралы?

- Ақбұлақ деп неге аталады?

- Тақырыпқа қатысты қандай сөздерді естідіңіздер?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  Слайд

 

 https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU

 

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздерді меңгерту

төк, қат

«Дефиниция» әдісі бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі. Іс-әрекет арқылы түсіндіру.

төк

- су мұз болып қатады,

- жер сусыз кеуіп қатады

қат

- суды ағызу, төгу

1-тапсырма

(Т) Суретке мұқият қара. Тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Орындау шарты:

  • Тобыңмен бірге берілген суретке қатысты сөздерді жаз;
  • Уақыт аяқталған соң келесі суретке ауыс;
  • Осылайша 4 сурет бойынша сөздер жаз;
  • Басқа топтардың жазған сөздерін қайталама.

  • Өздерің жазған тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгімеле.

Бір күні.................................

Содан соң ............................

Сол кезде ............................

Соңында................................

Кері байланыс

Суретпен жұмыс жасау қаншалықты сен үшін қызықты болды?

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

2-тапсырма

) «Сусыз өмір жоқ» атты тақырыпқа шағын пікір жаз. Іс-әрекетті келер шақта қолдан.

Қолданатын сөздер:

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Сондықтан ...

Мысалы: «Сусыз өмір жоқ»

Менің ойымша, сусыз өмір жоқ. Мысалы, өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді.  Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қатып қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сондықтан ол әдемі болып жақсы өседі.

Бағалау

Оқушы жазған пікірін оқиды, сынып бағалайды.

Дескриптор

- өз пікірін түсіндіреді;

- өз пікірін қорытындылайды;

- өз пікірін келер шақта жазады;

- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша өз пікірін түсіндіреді, қорытындылайды.

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз пікірін түсіндіреді, қорытындылайды, етістіктің шақ формасын қолданады.

Слайд

Таратпа материалдар

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Су туралы мақал жатта.

Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу