14-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

14-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу.

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.

Сабақ мақсаттары

1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, берілген тапсырмаларды орындау.

3. Сөздерді дұрыс жазу.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындайды, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды.

Мәтінді мәнерлеп оқиды.

Сөздерді сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу, білім алу, ізденуге деген қызығушылықтарын арттыру; қазақтың дарынды тұлғалары өнерін, іздемпаздығын, жетістіктерін үлгі қылу.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Музыка», «Сурет салу» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Атақты тұлғалар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген әңгімелерін айтады.

Ой қозғау. Сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Өткен сабақтарда қандай атақты тұлғалармен таныстық? Олар несімен танымал? Танымал болу үшін не істеу керек?», деп сұрайды.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, берілген тапсырмаларды орындау.

3. Сөздерді дұрыс жазу.

(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Жасырылған тұлғаны анықтап, жауабын картаға жазып көтереді/суретін көрсетеді.

Дескриптор:

- сипаттама бойынша жасырылған тұлғаны анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін бағалайды (сабақ алдында оқушыларға смайликтер суреті таратылады).

  • Мен тапсырманы

өте жақсы орындадым.

(5 балл)

  • Мен тапсырманы

жақсы орындадым.

  • (4 балл)
  • Мен тапсырманы

орташа орындадым.

(3 балл)

  • Мен тапсырманы

орындай алмадым.

(2 балл)

(Ө) Жазылым. Оқушылар сөздік диктант жазады. Сөздікті пайдаланып тексереді. Кез келген 2 сөзбен сөйлем құрап жазады.

Дескриптор:

- сөздерді есту арқылы қатесіз жазады;

- сөздікпен тексеру арқылы қатесін түзетеді;

- сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.

 

Сергіту сәті «Менің арманым».

Мұғалім: «Өскенде кім болғыларың келеді?», деп сұрайды. Жауаптарын суретпен беруді тапсырады. Оқушылар армандаған мамандықтарының суретін салады.

Салынған суреттер бойынша бір-бірінің армандаған мамандығын табады.

Дұрыс жауап «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Оқылым. Жазылым. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды. Мәтінге тақырып қояды.

  •  Оқушылар мәтіндегі және өткен сабақтардағы ақпаратты пайдалана отырып, кестені толтырады.

қазақтың

тұңғыш ғалымы

қазақтың

тұңғыш ұстазы

қазақтың

ұлы ақыны

...

...

...

қазақтың

батыр-жазушысы

қазақтың

атақты суретшісі

қазақтың

атақты күйшісі

...

...

...

 

Дескриптор:

- мәтінді мәнерлеп, қатесіз оқиды;

- кестені дұрыс толтырады.

Оқушылар жалпы сабақ бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 5-тапсырма.

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу