15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.

3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

Сабақ мақсаттары

1. Тыңдаған әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

2. Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтау.

3. Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындайды, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтайды.

Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды.

Сызба арқылы постер құрады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу, білім алу, ізденуге деген қызығушылықтарын арттыру; қазақтың дарынды тұлғалары өнерін, іздемпаздығын, жетістіктерін үлгі қылу.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Музыка», «Сурет салу» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Атақты тұлғалар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген фотоколлаждарын сипаттайды, тиісті ақпарат береді.

Ой қозғау. Сұрақ қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Күш – білімде, Білім – кітапта», нақыл сөзін қалай түсінетіндерін сұрайды.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Тыңдаған әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

2. Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтау.

3. Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау.

) Жазылым. Оқушылар үлгі бойынша сызбаны толтырып, постер құрады. Бірінші топқа – Абай Құнанбаев постерін, екінші топқа – Шоқан Уәлиханов постерін, үшінші топқа Бауыржан Момышұлы постерін дайындау тапсырылады. Әр топ өз постерін қорғап шығады.

Топтардың жауабы «Шапалақ» әдісі

арқылы бағаланады.

) Жазылым. Айтылым. Оқушылар топтасып, берілген сурет бойынша қосымша дереккөздерден Ә.Қастеевтің туындысы туралы ақпарат жинайды. Кестені толтырады. Жазған ақпараттары мен суретке сүйеніп, берілген туынды туралы әңгімелейді.

Туындының авторы

...

Туындының атауы

...

Туындының шыққан жылы

...

Туындының негізгі кейіпкерлері

...

Туындыда бейнеленген мезгіл

...

Суретшінің арман-қиялынан пайда болған құрылғы

...

Дескриптор:

- тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді;

- ақпаратты кестеге орналастырады;

- жинақтаған ақпараттың негізінде әңгімелейді.

Сергіту сәті «Қызыл гүлім-ай».

https://www.youtube.com/

watch?v=sPX27NNVWCY

(Ө) Тыңдалым. Жазылым. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Асыл шөп» атты әңгімесін мұқият тыңдайды (http://www.ikitap.kz сайты). Тыңдалым мәтіні:

1. “Блиц-бақылау” әдісі. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

1) Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кім?

2) Әңгімедегі іс-әрекеттер?

3) Әңгіме неге үйретеді? Негізгі ғибраты қандай?

Дескриптор:

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

2. Берілген тірек сөздерді суреттің әр бөлігіне сәйкестендіріп жазады. Оларды толықтырады.

Тірек сөздер: сабыр, аһлап-уһлеу, шөп салу, екі қыз, жәшік ауырлығы.

Дескриптор:

  • - тірек сөздерді суреттің бөліктеріне сәйкес орналастырады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін бағалайды.

  • Мен тапсырманы

өте жақсы орындадым.

(5 балл)

  • Мен тапсырманы

жақсы орындадым.

  • (4 балл)
  • Мен тапсырманы

орташа орындадым.

(3 балл)

  • Мен тапсырманы

орындай алмадым.

(2 балл)

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Неліктен?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу